10.
Неліктен әкесі бес бөлмелі пәтерден
бас тартты?
A. Қалада үйі болғандықтан
B. Отбасы мүшелеріне ұнамағандықтан
C. Біреуге
тиесілі
үйді
бермек
болғандықтан
D. Ауылға көшіп кетпек болғандықтан
E. Аумағы кішкентай болғандықтан
11.
Баланың ерекше қаситетін алғаш таныған кім?
A. Мұғалім
B. Көршісі
C. Әкесі
D. Мектеп басшысы
E. Атасы
12.
Мәтін мазмұныны сай келмейтін сейлемді көрсетіңіз
A. Бәрі де мұғалімдер емес пе, есеп шығартып, басқа «білігімді» де тексереді.
B. Қонақтар қызығушылық танытып, мені алдырады.
C. Бетімнен қақпай, талап еткен нәрсемнің бәрін де орындай беріпті.
D. Отбасымыз шағын болса да бес бөлмелі пәтерге көшіп келдік.
E. Спорттық жарыстардан бірнеше грамота, мақтау кағаздар алып қайттым.
4-
мәтін
Баяғы заманнан қазақтың қонысы болған құтты мекеннің айшықты орындарының бірі -
Жасыбай көлі. Көлге кеудеңе дейінгі тереңдікке түсіп төменге қарасаң, мөлдір судың түбіндегі
тастар айқын көрініп жатады. Жалпы, географ мамандардың зерттеулеріне сүйенетін болсақ,
судың беткі аумағы 3,7 шаршы шақырымды құрайды екен. Ал ең терең жері — он төрт метр.
Әрине, географиялық сипаттамасы өз алдына жеке әңгіме.
Жасыбай көлінің тарихи тарту болар тамашалары да баршылық. Егер аңыз-әңгімелерге сенсек,
бұл көлдің бұрынғы атауы Шойынкөл екен. Бірақ кейін келе Жасыбай атанған. Негізінен, Ер
Жасыбай - қан жұтқан калмақтармен қиян-кескі соғыста ерлігімен көзге түсіп, елдің
мақтанышына айналған қаһарман батыр. Ал оның есімі қалайша көлге берілгені туралы
тарихи аңыз бар. Егер де тарихи деректерге сүйенсек, 1752 жылы жоңғар әскері Ертіс жағынан
Баянауыл жерін басып алуды көздеп, шабуыл жасаған. Сол кезде қазақтың ханы Абылай
Сабындыкөлдің шығыс жағынан жауға тойтарыс беру үшін жедел түрде Олжабай
Толыбайұлын басшы етіп әскер үйымдастырған екен. Сол әскер жасақтарының бірін көзсіз
батыр Жасыбай басқарып, шабуылдаушылармен соғыста алдыңғы шепте болған. Мүның
206
өзінде де үлкен мән жатыр. Егер де әскердің алдыңғы шебі мықты болса, онда жауды жеңу
оңайырақ болады. Яғни тиген жерінен ұрандатқан жауды тесіп өтер өткір де қайсар
қаһарманның керегі анық. Міне, осындай жауапты тапсырманы Жасыбайға жүктеген.
Шойынкөлдің оңтүстік-батыс бөлігінде Жасыбай баспи-ан жасақ жоңғарларға қарсы тұрып,
жеңістің жалауын желбіреткен. Табанды ер бастаған ұлдардың тоқпағына төзе алмаған
калмақтар жеңіліс тауып, қазақтың қылышынан аман қалғандары тентіреп, тым-тырақай
қашқан. Жауды аттан түсірген жасақбасы Жасыбай Сабындыкөлдің ортасында жолдастарымен
демалып жатқанда, қалмақтың аман қалған қаскүнемдерінің бірі садақпен оқ атып, батырды
жаралап өлтірген.
Бұл әрине, сол уақытта қазақ әскері үшін орны толмас қаза еді. Қайғылы хабарды естіген
Олжабай батыр ашуға мініп, өз әскерін қайта көтеріп, қырғыннан аман қалған қалмақтардың
соңына түсіп, қуғынға алған. Баянауылдың таулы аймақтарының шығыс жағына қарай тоқсан
бес шақырым жерде Олжабай батыр ата жауын қоршауға алып, бірін аман қалдырмай қырып
тастаған керінеді. Және сол жер бүгінгі күнге дейін «Қалмаққырылған» деп аталады. Жалпы
мұндай шабуыл екі ғасырға созылған қазақ-қалмақ соғысында күшті тойтарыстардың бірі
болды. Ал жергілікті халық болса, Шойынкөлді батырдың атымен атап кеткен. Яғни бүгінгі
күнге дейін көл мен сол аймақ Жасыбай деп аталады.
13.
Алғашқы азатжолда ой қалай
берілген?
A. Салыстыру арқылы
B. Суреттеу арқылы
C. Дәлелдеу арқылы
D. Пайымдау арқылы
E. Тұжырымдау арқылы
15.Екінші азатжолдағы негізгі ойға қай
мақал сәйкес келеді?
A. Ердің екі сөйлегені өлгені.
B. Ерді жаяулық емес, каяулық аздырар.
C. Ер тарықпай, молықпайды.
D. Ер аруағы — қаруы.
E. Ел үмітін ер ақтар.
17.Мәтінді қай мақал қорытындылап
тұр?
A. Ер азығы мен бөрі азығы жолда.
B. Ер есімі — ел есінде,
C. Ер - ырыстың кілті.
D. Батыр жарасыз болмас.
E. Бөрі соғар жігіт бөркінен белгілі,
19.Бірінші азатжолда не туралы
айтылған?
A. Жасыбай көлінің тарихы
B. Жасыбай туралы аңыз-ертегілер
C. Жасыбай көлінің шипасы
D. Жасыбай көлінің байлығы
E. Жасыбай көлінің географиялық
сипаттамасы
14.Екінші азатжол қандай үлгіде
жазылған?
A. Ой толғау.
B. Тарихи аңыз.
C. Сын мақала.
D. Шыншыл ертегі.
E. Аңыз әңгіме.
16.Баянауылдағы
«Қалмаққырылған»
жерінің атауы қай батырға байланысты.
A. Бәсентиін
B. Олжабай
C. Абылай
D. Жасыбай
E. Бесен
18.
Мәтін қандай стильде жазылған?
A. Ауызекі сөйлеу стилі
B. Іс қағаздар стилі
C. Публицистикалық стиль
D. Ғылыми стиль
E. Ресми стиль
20.Көлге неліктен Жасыбай атауы
берілген?
A. Ру атына сәйкес
B. Көлдің байырғы атауы болғандықтан
C. Ханның ел басқаруына орай
D. Батыр ерлігіне орай
E. Жоңғар шапқыншылығына сәйкес
207
Киіз үйдің түрлері мен құрылысы
1022-нұсқа
1-мәтін
Киіз үйдің құрылысы мен жасалу жолдарына, этнографиялық ерекшеліктеріне жеке
тоқталайық. Киіз үйдің қазақы және қалмақы деп аталатын екі түрі бар. Қазақы үйлер
дөңгелек, толық күмбезді болады да, қалмақы түрінің төбесі шошақтау келеді. Қазақ үйлері
пайдалануына, сән-салтанатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы: қара үй (3 қанат),
қоңыр үй (4 қанат), боз үй (5 қанат), ақ үй (6 қанат), ақ ала орда (8 қанат), ақ орда (12 қанат), ақ
шаңқан (18 қанат), алтын үздік (24 қанат), алтын орда (30 қанат) деп аталатын түрлері бар.
Сол сияқты көшіп-қонуға, уақытша паналауға немесе шаруашылық, жұмыс ретіне бейімделген
үй түрлері болады. Олар қос, абылайша, күрке, кепе, итарқа, жаппа, жолым үй, ас үй, қалқа деп
аталады.
Киіз үйдің іші 4 бөлімге бөлінеді:
1. Төр - бұл үйдің жоғары әрі қымбат орны. Мұнда жүк жиналады, қонақтар орналасады. Жас
келіндер бұл жерді баса бермейді.
2. Сол жақ - (кіргенде оң жақ) үй иесінің отыратын және жататын орны. Босаға жақта азық-
түлік, ыдыс-аяқ тұрады. Оны шимен жауып қояды.
3. Оң жақ - (кіргенде сол жақ) мұнда балалары орналасады, Босаға жаққа қарай ер-тұрман, киім
ілінеді.
4. От орны - қасиетті орын саналады. Мұнда от жағылады, қазан асылады,
1. Ең үлкен киіз үй
A) Алтын орда
C) Ақ ала орда
E) Ақ орда
B) Алтын үздік
D) Ақ шаңқан
2. Киіз үйдегі киелі орын
A) Үй иесінің жататын орны
D) Азық-түлік, ыдыс-аяқ тұратын орын
B) Қонақтар орналасатын орын
E) Ер тұрман, киім ілінетін орын
C) От жағылып, қазан асылатын орын
2-
мәтін
1. Перзенттің шыр етіп дүниеге келуі туған ата-анасының қуанышы ғана емес, бүкіл ауылдың
қуанышы болып есептеледі. Міне, осы күндері «шілдехана», «шілде той», «шілдехана күзет»
өткізіледі. Тойға жиналғандар сәбиге ізгі тілектерін білдірісіп, ән айтып, ойын ойнап, көңіл
көтереді.
2. Шілдехананы Жетісу өңірінде «шілде күзету» деп атайды. Әдетте, шілдеханаға ауыл
үлкендері қатыспайды. Жаңа туған нәрестені әр түрлі жын- шайтан, перілердің салқынынан
қорғап, күзету - халық сенімі бойынша тек жастардың міндеті болған. Ерте заманда бесіктегі
нәрестені күзету Ұмай анаға жүктелген. «Жаңа туған баланы алғашқы күндері шырақ жағып
күзетпесе, оны перілер әкетіп, орнына басқа бала тастап кетеді» деген сенім болған. Осы
сенімнің сілемі қазақ арасында соңғы уақытқа дейін сақталған. Шырақ жағып күзету - соның
бір түрі.
3. Немерелі болған әже сүйінші сұратып, жас балаларын жан-жаққа жібертеді. Сүйінші
сұраушылар «Кім туды?» деген сұраққа ұл болса - «тізгін ұстар», «күл шашар», «ноқта
жетектер», ал қыз болса - «қырық жеті» деген сияқты тұспал сөздермен жауап қатады.
Сүйіншіге ағайын-туыстары мал атап, кейбіреулер ақшалай-заттай сый-сияпат беріп, әйтеуір
қолын бос қайтармайды. Бөпелі болған қуанышты отауға ізгі ниеттерін білдіруге келген ауыл
адамдары «Бауы берік болсын!» деп, жылы лебіз, жақсы тілектерін айтады.
4. Жаңа туған нәрестенің той-томалағында жүрген әйелдер бөпені көрсетіп, келушілерден
көрімдік алады. Құтты болсын айтып келгендер: «Тіпә, тіпә! Тіл- көзім тасқа, өзі жаман бала
екен!» - деп түкірген болады.
5. «Туғанда дүние есігін ашады өлең» деп ұлы Абай айтқандай, қазақта ән- жырсыз өтетін
мереке, қуанышты күндер жоқ. Той да жастар суырып салып өлең айтып, сөз қағыстырады.
3. Бірінші және бесінші азатжолдардың мазмұндық ұқсастығы
A) Ескі наным-сенімдердің сақталуы
B) Тіл-көзден сақтау ырымдары
C) Шілдехананың әр өңірдегі ерекшеліктері
D) Қуаныштың ән мен жыр арқылы тойлануы
208
E) Немерелі болған әже қуанышы
4. Сүйінші сұраушылар қыз бала дүниеге келгенін жұртқа қалай жеткізген?
A) «Ноқта жетектер» деген сөз арқылы D) «Ат ұстар» деген сөз арқылы
B) «Тізгін ұстар» деген сөз арқылы
E) «Күл шашар» деген сөз арқылы
C) «Қырық жеті» деген сөз арқылы
5. Халықтың ескі наным-сенімі мәтіннің қай бөлігінде сөз болады?
A) Екінші B) Бірінші C) Бесінші
D) Үшінші
E) Төртінші
6. Құтты болсын айтып келгендердің: «Тіпә, тіпә! Тіл-көзім тасқа, өзі жаман бала екен!» деуінің
мәнісі
A) Нәрестеге көңілі толмағандықтан
B) Балаға көз тимесін деген ниет көрінісі
C) Баланың дені сау болып өссін деген ниет
D) Ел ішінде сәбиді еркелетудің сондай салты қалыптасқан
E) Баланың түр-тұлғасына қарата айтады
3-
мәтін
Домбыра - қағып, шертіп ойнайтын ішекті музыкалық аспап. Қазақтың ән-күй орындаушылық
дәстүріне байланысты домбыра аспабының бірнеше түрі бар, олардың тек сырт пішіні ғана
емес, ішек және перне саны да әрқилы болып келеді. Қазір домбыраның екі түрі кездеседі.
Домбыра негізінен екі ішекті болып келеді. Үш ішекті домбыралар да бар. Домбыраны арнайы
ағаштардан (қайың, үйеңкі және т.б) жасайды. Қазақстанның батыс өңірі, Арқа мен солтүстік-
шығыс өңірлерінің домбыралары ел арасында көп пайдаланылады.
Қобыз - ысқышпен ойналатын ішекті музыкалық аспап. Мойны имек келетін бұл аспап сол қол
саусақтары тырнақтарының сыртын ішекке тигізу арқылы ойналады. Аспаптың шанағы
терімен қапталып, ысқыштары мен ішектері жылқының қылынан жасалады. Ертеде қобызды
бақсылар науқасты дертінен айықтыруда құдіретті күш ретінде пайдаланған. Бүгінде қобыз
аспабында ойнау шеберлігінің күрделенуіне байланысты төрт ішекті қобыз да пайда болды.
Жетіген - көп ішекті музыкалық аспап. Кейбір ғалымдар «жетіген» сөзі «жеті байлық», «жеті
қазына» дегенді білдіреді десе, кейбір аңыздарда ол «жеті хан» деген сөзден шыққан делінеді.
«Жетіген» деген атау «жеті» және «ән» сөздерінің бірігуінен құралуы мүмкін дейтін де пікір
бар. Аспап тұтас ағаштан ойылып жасалып, шанағы көн терімен қапталады. Күйге келтіру үшін
тиек орнына асық қойылады.
Шертер - шанағы терімен қапталған, қазақ халқының ең көне музыкалық аспаптарының бірі.
Ол екі немесе үш ішекті болып келеді. Құрылысы жөнінен домбыра, қобыз аспаптарына да
ұқсас келеді. Шертерде көбінесе шертпе күйлер орындалады.
Асатаяқ - ертеден келе жатқан сілкімелі аспап. Қазақ халқы мәдениетінде ұлттық билерді
сүйемелдеу үшін қолданылған. Халқымызда қоңырау, сақпан, тұяқтас, шартылдақ сияқты
сілкіп ойнайтын аспаптар да бар.
Шаңқобыз - көне музыкалық аспап. Оның ортасында сүйір тілшесі болады. Шаңқобыз өңделген
ағаш таспалардан жасалады. Шаңқобызға жіп байланып, сол жіпті серпіп тарту арқылы тілшесі
тербеліске келтіріледі де, дыбыс шығады. Мұндай аспаптардың темір текшелерден жасалған
түрлері де бар. Бұл аспапта көбінде әйел адамдар ойнайтын болған. Аспапты күйге келтіру
тілшенің ұзындығы мен қалыңдығына байланысты.
Сыбызғы - қурайдан, ағаштан, кейде жезден жасалынатын көне үрлемелі музыкалық аспап. Ол
ертеректе бақташылардың ең сүйікті аспабы болған.
Сазсырнай - үрлемелі аспаптар тобына жатады. Ол саз балшықтан жасалынып, отқа
күйдіріледі. Бұл аспаптың көлемі де, түрі де әр түрлі болып келеді. Аспаптың іші қуыс, қарама-
қарсы жақтан тесілген бірнеше кішкене ойығы болады.
Қазақтың ұлттық аспаптары сан алуан, ал музыкалық мұрасы өте бай.
7. Ескі наным бойынша, адамды дерттен айықтыру мақсатында қолданылған аспап
A) Асатаяқ B) Домбыра C) Жетіген D) Сыбызғы E) Қобыз
8. Музыкалық аспаптардың ұлттық құндылығы
A) Бейбітшіліктің символы
D) Тәуелсіздігіміздің нышаны
B) Табиғи ескерткішіміз
E) Мәдени мұрамыз
C) Егемен елдігіміздің айғағы
9. Тиек орнына асық қолданылған музыкалық аспап
A) Сазсырнай B) Асатаяқ C) Сыбызғы D) Шаңқобыз E) Жетіген
209
10. Ертеректе сыбызғы кімнің сүйікті аспабы болған?
A) Байлардың
C) Батырлардың
E) Әйел адамдардың
B) Бақсылардың
D) Қойшылардың
11. Жасалатын табиғи материалы басқалардан өзгеше музыкалық аспап
A) Сыбызғы B) Домбыра C) Шаңқобыз D) Сазсырнай E) Жетіген
12. Мәтіннің мазмұнына сай тақырып
A) Ішекті аспаптар
C) Сілкімелі аспаптар E) Ұлттық аспаптар
B) Жаңа заман аспаптары D) Үрмелі аспаптар
4-
мәтін
I. Құнарлы құрттың қадірін білеміз бе?
1. «Құрт - құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. Пісіліп, майы алынған айранды қайнатып, кенеп
дорбада сүзіп алып, тұздап, өреде кептіріп сақтайтын тағам түрі»,— деп жазады ұлттық
тағамымыз жөнінде «Сарыарқа самалы» басылымы.
2. Адам денсаулығына аса пайдалы екендігінің дәлелі - құрт - кальцийдің көзі. Сондай-ақ,
ақуызға өте бай. Сондықтан ол - құнарлы тағам. Оның құрамында А, В, С дәрумендері, мыс,
мырыш, күміс, темір, кремний, магний, кальций, алюминий микроэлементтері жетерлік.
3. Балалар үшін де құрттың пайдасы ұшан-теңіз. Ол - баланың бойының өсуіне және сүйектері,
тістері дұрыс қалыптасып, жетілуіне септігін тигізер тағамдардың бірі. Әсіресе, қатқан
құрттың пайдасы зор. Себебі тісі енді шығып келе жатқан балалардың иектерінің қатаюына
жәрдемдеседі. Кепкен құртты мүжіген баланың тісі сау, сүйегі берік болады. Ал сау әрі мықты
сүйек - тірек қимыл аппаратының дұрыс әрі белсенді жұмыс жасауына сеп болады. Жасы
ұлғайған кісілерде зат алмасу баяулай бастайтыны белгілі. Құрттың құрамында зат алмасуды
және бауырдың қызметін жақсартатын холин және метионин деген заттар бар. Сондай-ақ, В
тобының дәрумендері болғандықтан, қарттарда жиі кездесетін атеросклероз ауруының алдын
алады.
4. Құртты көктем, жаз айларында жеген өте пайдалы. Себебі көктемде дәрумендердің
жетіспеушілігі байқалады. Жаз айында ыстық шай ішкен кезде, термен бірге тұзды да
жоғалтады. Сол жоғалған тұздың орнын толтыруға көмегі зор. Құртты әркім өз қалауынша
қалаған тағамына қосып жей беруге болады.
II. Сусын әрі қорек
1. Езілген құрт түйіршіктерін малта дейді. Ол - өте кәделі әрі жұмсақ ас. Ұзақ сапарға
жолаушылар көбіне малта алып аттанған. Өйткені малта бір жағынан ашыққан адамның өзегін
талдырмаса, екіншіден шөлдеген кісіге сусын болған. Адам аштыққа бір айға дейін шыдауы
мүмкін, ал шөлге бір жетіге де шыдай алмайды. Егер де ұзақ жолға шығатын адам малта құрт
алса, еш алаңдамауға болады. Себебі малта құрттың адамды шөлден құтқарар ерекше қасиеті
бар.
2. Соғыс ардагерлерінің естеліктеріндегі мына бір хикая ерекше назар аудартады. Соғыс
алдындағы қырғын шайқаста, қатары селдіреген взвод қорғаныс шебін тастап, шегінуге
мәжбүр болады. Күші басым жау әскерінің танктері екі қанаттан орап, ту сыртынан өтіп
кеткен. Тірі қалған бес жауынгер сай-жыраны сағалап, жаудың тылында қалады. Аштық пен
шөл бірдей қысқанда қатардағы жауынгер жүк қапшығын ақтарып отырып, бес-алты құрт
тауып алған екен. Майданға келгеніне сегіз ай болса да, «елдің дәмі ғой», - деп ырымдап, жемей
жүрген көрінеді. Жасырынған жерде төрт күн, төрт түн жатады. Бесінші күні таң ата
қоршаудан сытылып шығып, өз бөлімдеріне қосылыпты. «Жанымызды сақтаған бес-алты құрт
болды» дегенге бөлімнің басқа жауынгерлері таңғалыпты.
13. Қатқан құрттың жас балаларға пайдасы
A) Зат алмасуын реттейді
D) Атеросклероздың алдын алады
B) Шөлдетпейді
E) Бауыр жұмысын реттейді
C) Иекті қатайтады
14. Екі мәтінге ортақ атауды табыңыз
A) Құрт түйіршіктері
C) Сүт тағамдары
E) Құрттың жасалуы
B) Құрттың түрлері
D) Құрттың пайдасы
15. Мәтінде кездеспейтін нұсқа
A) Баланың бойын өсіреді.
D) Қант қосылып жасалады.
B) Бауырдың қызметін жақсартады. E) Сүйектердің қатаюына әсер етеді.
C) Атеросклероз ауруының алдын алады.
210
16. Мәтінде жауабы жоқ нұсқаны табыңыз
A) Құртты жылдың қай мезгілінде жеген пайдалы?
B) Құрттың қанша түрі бар?
C) Құрт қалай жасалады?
D) Құрттың балалар үшін қандай пайдасы бар?
E) Құрттың жасы ұлғайған кісілер үшін пайдасы бар ма?
17. Құрт қасиетіне жатпайтын нұсқа
A) Кальцийдің көзі
D) Кептірілген сүт өнімі
B) Шөлден құтқаратын қасиеті бар
E) Ақуызға бай тағам
C) Бие сүтінен жасалады
18. Екі мәтіндегі ақпараттың орналасу реттілігі
1. Соғыс ардагерінің хикаясы
2. Ұлттық тағамның жасалуы
3. Дәрумендерге бай екендігі
4. Балалар мен үлкендерге пайдасы
5. Езілген құрт түйіршіктері
A) 3,2,5,4,1 B) 5,1,2,3,4 C) 2,1,3,4,5 D) 1,3,4,5,2 E) 2,3,4,5,1
19. «Малта» сөзіне сәйкес келетін жауап
A) Құрғатылған, кептірілген сүт өнімі. D) Езілген құрт түйіршіктері.
B) Қайнап жатқан құрттың көбігі.
E) Әлі толық кеуіп үлгермеген құрт.
C) Бірнеше жыл сақталған сықпа құрт
20. Құрттың бала ағзасына пайдасы жөнінде мәлімет беретін мәтіннің қай бөлігі?
A) Бірінші мәтіннің III бөлігінде
D) Екінші мәтіннің II бөлігінде
B) Екінші мәтіннің алғашқы бөлігінде E) Бірінші мәтіннің II бөлігінде
C) Бірінші мәтіннің I бөлігінде
1050-нұсқа
1-мәтін
ЭКСПО. Асқақ әнші – Әміре Қашаубаев
«ЭКСПО» көрмесіне қатысқан тұңғыш қазақ – 1925 жылы Парижді салған әнімен тамсантқан
Әміре Қашаубаевтың өмірі мен шығармашылығын жарты ғасырға жуық уақыт зерттеп келе
жатқан зерделі музыка зерттеушісі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Жарқын
Шәкәрімнің әнші туралы кезекті еңбегі жарық көрді.
Бұған дейін «Әміре», «Ән жұлдызы», «Амре Қашаубаев: жизнь в искусстве», «Ән асқары –
Әміре», «Әміре Қашаубайұлы» атты кітаптарды шығарған автордың «Амре в Париже» атты
орыс тіліндегі жаңа еңбегінің таныстырылымы Астанадағы ҚР Ұлттық академиялық
кітапханасында өтті. Аталмыш шара «ЭКСПО-2017» көрмесі мен асқақ әншінің 130 жылдығына
арналды.
Әміреге қатысты тағы бір ақжолтай жаңалықты жеткізейік. 2016 жылы Әміре тұлғасы театр
сахнасына көшіріліп, Қ.Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық
драма театрында әнші туралы драма қойылған болатын.
1. «ЭКСПО-2017» көрмесі мен әншінің 130 жылдығына арналған іс-шара
A) Қалың көрерменге жететін кинотуынды
B) «Ән жұлдызы» атты кітаптың шығуы
C) Ұлттық академиялық кітапханада өткен таныстырылым
D) Ұлттық академиялық кітапхананың ашылуы
E) Әміре туралы фильмнің түсірілуі
2. Тірек сөз бола алмайтын нұсқа
A) ЭКСПО-2017
C) ЭКСПО-1925
E) Париж
B) Астана
D) Алматы
2-
мәтін
Домалақ ананың қадір-қасиеті ертеден-ақ танылған. Ел аузында ол кісі жөнінде аңыз-әңгіме
көп.
Бірде Алатау асып келген қалың жау Қаратау жанын жайлап отырған Бәйдібектің ауылын
шауып, сан мың жылқысын айдап кетеді. Бәйдібек бастаған ел азаматтары ауылда болмаса
211
керек. Содан «жау шапты» деген хабарды естіп, Бәйдібек елден жасақ жиып, қасына үлкен әйелі
Сары бәйбішеден туған алты ұлын алып, жауға аттанғалы жатқанда Нұрила (Домалақ ана):
«Бай-еке, малдың құты, жылқының иесі - құла айғыр қолда қалды. Амандық болса, алты
күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі ауылға келеді. Жауды қума, азаматтар аман
болсын, осы тілегімді беріңіз», - деп, өз отауының белдеуінде байлаулы тұрған, жүген-құрық
тимеген шу асау айғырды керсетіпті. Бірақ жауға кектенген батыр әйелінің тілін алмай,
жасағын бастап жүріп кетіпті. Бәйдібек жасағы жауға Күйік асуында жетіп, қырғын ұрыс
салыпты. Алайда жасанып келген жау «аттанға» ілесіп атқа қонған аз жасаққа теңдік бермепті.
Осы соғыста қаза тапқан алты ұлын Үшқарасай жазығына жерлеп, батыр кері қайтыпты. Арада
алты күн өткенде, байлаулы тұрған құла айғыр жер күңіренте дүлей күшпен кісінепті. Сол күні
кеш шамасында шығыстан қалың шаң көтеріліп, ұзамай Бәйдібектің қалың жылқысы көрінеді.
Ереуілдеп барып, кері қайтара алмаған жылқыны Домалақ ана осылайша үйде отырып-ақ
түгел қайтарып алса керек.
3. Мәтіндегі Бәйдібек байдың әрекетін ашатын мақал-мәтел
A) Жауды аяған жаралы.
B) Қорқақты көп қусаң, батыр болады.
C) Алысқан жауға арқаңды көрсетпе.
D) Жау құтырса, шаңырағыңа қобыз тартар.
E) Асығыс түбі - қып-қызыл шоқ.
4. Домалақ ананың: «Амандық болса, алты күннен кейін жылқы жауға қайыру бермей, өзі
ауылға келеді»- деуінің мәні
A) Малдың құты құла айғыр үйде қалған, ал жылқы құла айғырдың дауысын естіп кері
қайтарын білді.
B) Құла айғырсыз жылқылар басқа үйірге қосылмай, тойынған соң оралатынын білді.
C) Құла айғырдың үйірінің ауылда құлындары қалғанына қарап осылай айтты.
D) Жылқының барлығы айдауға көнбейтін жүген-құрық тимеген асау болғандықтан.
E) Жылқылар жат жерді құла айғырсыз жерсінбейді деп жорамалдады.
5. Мәтіннің басты идеясы
A) Бәйдібек байдың сабырсыздығын сынау
B) Құла айғырдың құдіретін көрсету
C) Домалақ ананың көріпкелдігін таныту
D) Қазақ жігіттерінің ерлігін дәріптеу
E) Жаугершілік заман қиындығын көрсету
6. Белдеуде байлаулы тұрған шу асау айғырдың айдауда кеткен жылқыларға қатысы
A) Жылқының жорғасы
D) Жылқы ішіндегі ең кәрісі
B) Жылқының ең асауы
E) Жылқы ішіндегі ең жүйрігі
C) Жылқының құты, иесі
Достарыңызбен бөлісу: |