4. Мәтіннен болжалдық сан есімді табыңыз.
Біздің ауылда бір мыңдай адам тұрады. Зергерлер сайысқа екі жүздей бұйымдар жасады. Өнер мұражайын тамашалауға жүздей адам қатысты. Көрмеге сексенге жуық әшекей бұйымдар қойылған. Маған он шақты әшекей бұйымдар ұнады.
5. Мақал – мәтелдердің жалғасын табыңыз.
1. Байлық атасы - еңбек, ... ... .
2. Жердің сәні – егін, ... ... ... .
3. Еңбек -ердің көркі, ... ... ... .
4. Өнерлі баланың он саусағы тең, ... ... ... ... ... .
Керекті сөздер: ер-елдің көркі, анасы – жер, ердің сәні – білім, өнерсіз баланың бір саусағы кем
ХІІІ « Киелі сандар» -5 сағат.
Киелі 3 саны. Киелі 5 саны. Киелі7 саны. Киелі 40 саны. Киелі сандарға байланысты мақа-мәтелдер. Топтау сан есім.
1. Үш санына байланысты мәліметті оқыңыз, аударыңыз.
1. Үш даусыз (бесспорно)
1. Мінез.
2. Кәрілік.
3. Ажал.
2. Үш би
Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би.
3. Үш кедейлік (нищета)
1. Кежірлік (упрямство).
2. Еріншектік.
3. Ұйқы.
4. Үш байланыс
1. Әке – асқар тау.
2. Шеше – мөлдір бұлақ.
3. Бала – жағасындағы құрақ.
5. Үш тәтті
1. Ананың сүті.
2. Баланың күлкісі.
3. Туған жер.
6. Үш кемдік (недостаток)
1. Надандық.
2. Еріншектік.
3. Зұлымдық.
7. Үш жүз
Ұлы жүз. Орта жүз. Кіші жүз.
8. Үш жұрт
Ағайын жұрт. Нағашы жұрт. Қайын жұрт.
9. Үш қуат
Ақыл қуат. Жүрек қуат. Тіл қуат.
10. Үш байлық
Бірінші байлық – денсаулық.
Екінші байлық – ақжаулық.
Үшінші байлық – он саулық.
2. Берілген сан есімдерге морфологиялық талдау жасаңыз.
Төртінші, алтыдан, елудей, мыңыншы.
3. Мәтіндегі сан есімдерді тауып, сөз құрамына талдаңыз.
Қазақ халқында киелі саналатын сандардың бірі – «қырық».
Қырқынан шығару тұрақты тіркесі баланы қырқынан шығару ғұрпынан, наным – сенімнен өрбіген. Сәби дүниеге келгеннен кейінгі қырық күнге дейінгі уақыты қауіп-қатерлі кезең деп есептелген.
Өлген кісінің артынан қырық күннен соң еске түсіру, қырқын береді.
Достарыңызбен бөлісу: |