VІІ. «Ғаламтор маған не үшін керек?»-5 сағат.
Интернеттің шығу тарихы. Компьютер кереметі. Интернет құрылысы. Маil бағдарламасы. Әлеуметтік желіде ұзақ отырасың ба? Сын есімнің шырайлары.
1. Дұрыс, бұрыс сөйлемдерді анықтаңыз.
-Интернет арқылы әртүрлі мәлімет тауып алуға болды.
-Интернетке қосылу үшін модем керек.
-WWW веб деп аталмайды.
-Интернет арқылы фотосуреттер жіберуге болмайды.
-Интернеттің пайдасы аз.
-Компьютерде көп отыру зиян.
-Интернет көптеген қызмет түрлерін ұсынбайды.
-Интернет арқылы пойызға билет тапсырыс беруге болады.
2. Берілген сөздерді бағанаға толтырыңыз.
Жай шырай
|
Салыстырмалы шырай
|
Күшейтпелі шырай
|
Асырмалы шырай
|
|
|
|
|
Сұлу, нәзік, сұп-сұлу, үлкендеу, тамаша, әсем, өте сұлу, сұлурақ,биік, біп-биік, сары, сап-сары, тым сары, өте ақ,қоңыр, көк, қоңырлау, қысқа, қып-қысқа, ұзын, ұзындау,ұп-ұзын, қоп-қоңыр,нәзіктеу,ең нәзік, өте ұзын.
3. Берілген сөздерге салыстырмалы шырайдың жұрнақтарын жалғаңыз.
Сөздер
|
Ырақ/ірек,рақ/рек
|
Лау/леу, тау/теу, дау/деу
|
Жақсы
|
|
|
Аласа
|
|
|
Қысқа
|
|
|
Қатты
|
|
|
Жұмсақ
|
|
|
Сұйық
|
|
|
Жақын
|
|
|
Арзан
|
|
|
Қалың
|
|
|
4. Салыстыру түрінде 5 сөйлем құрастырыңыз.
Үлгі: Менің мінезім жұмсақ, бірақ досымның мінезі жұмсақтау.
5. «Әлеуметтік желіде ұзақ отыруға бола ма? өз пікіріңізді айтыңыз.
VІІІ. «Электронды поштада қазақша сөйлесіп отырамыз»-5 сағат.
Электронды пошта. Электронды пошта –менің көмекшім.Өзгерген өмір. Әлеуметтік желілердегі мүмкіндіктер. Интернетті қолдану. Салыстырмалы шырай.
1.Тірек сызба бойынша электронды поштаны қолдану туралы шағын әңгіме құрастырыңыз.
Электронды поштаны тасымалдайтын ақпарат түрлері
|
Хат сурет бейнелік мәлімет бағдарлама дыбыстық мәлімет
2. Мәтінге сүйене отырып, диалог құрастырыңыз.
Өзгерген өмір.
Ғаламтор адамдардың өмірін түбегейлі өзгертті. Неге? Оның себебі бар. Бұрын адамдар бір-біріне хат жазып, оның жауабын ұзақ уақыт күтіп жүретін болса, қазір бір-екі секундта хабарласып, досының, бауырының халін , жаңалығын біле алады.
Электронды пошта арқылы адамдар бір-біріне хабар жібере алады. Электронды пошта (ағылшын сөзі, түпнұсқасы-e-mail, яғни ағылшынша-electronik mail)- электронды хабарламаларды, хаттарды жіберу дегенді білдіреді. Электронды пошта арқылы тек мәтін ғана жібермейсің, ол арқылы фотосуреттерді, бейнероликтерді, файлдарды жібере аласың.
3. Берілген сын есімдерді салыстырмалы шырайда қойыңыз.
Үлгі: Жақсы-жақсырақ.
Қоңыр, терең, тұщы, қатты, тамаша, әлсіз, ұзын, әдемі, толық, сұлу, үлкен, биік.
4. Берілген сөздерді пайдаланып, электронды пошта туралы әңгімелеңіз.
Электронды байланыс, сайттарды ашу, Интернет жүйесі, жедел ақпарат, пошта қызметі, хабарлама тасу, жаңа желі.
ІХ. «Электронды кітапхананы пайдаланамын»-5 сағат.
Электронды оқулықтар. Интернетте жасалатын жұмыстар. Ұялы телефон арқылы интернетке шығу. Интернет қызметтер. Интернет маған не үшін керек? Күшейітпелі шырай.
1. Сөздерге анықтама беріңіз, тиімділігін айтыңыз.
|
анықтамасы
|
тиімділігі
|
Электронды кітапхана
|
|
|
Электронды кітап
|
|
|
Электронды пошта
|
|
|
2. Берілген сөздерді күшейітпелі шырайға айналдырыңыз.
Жасыл, биік, үлкен, әдемі, сұлу, алыс, жақын, жылы, қысқа, қызыл
Достарыңызбен бөлісу: |