І. Жалпы ереже



Дата29.04.2022
өлшемі2,62 Mb.
#141274
Байланысты:
ЕРЕЖЕ қазақша ЖАС МАТЕИМАТИК


2-11 сынып оқушыларын
математикалық олимпиадаға қатысып,
ЖЕҢІМПАЗ болуға шақырамыз!
І.ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕ
1.1. «YOUNG MATHEMATICIAN» математикалық олимпиада - дарынды оқушылардың қабілеттері мен бейімділіктерін анықтау, оқушылардың математикалық білімдерін тереңдету, математика пәніне деген қызығушылықтарын арттыру, білімімен, дарынымен дараланған жеңімпаз оқушыларға қолдау көрсету мақсатындағы үлкен жоба.
1.2. «Білім шыңы» орталығы мен Президенттік «Жас Ұлан» Жастар ұйымы
ұйымдастырушылар болып табылады.


ІІ. ӨТЕТІН УАҚЫТЫ:
2022 жылы сәуір айының 18-25 күндері аралығында http://bilim-shini.kz/ сайтында 1 кезеңмен өтеді.


ІІІ. ОЛИМПИАДАНЫҢ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
2.1. 2-11 қазақ сынып оқушылары қатыса алады.
2.2. Тапсырмада 20 есеп беріледі.
2.3. Жауап беру үшін барлығы 60 минут (Бір сағат) уақыт бөлінген. Уақыт біткеннен кейін автоматты түрде тестілеу тоқтатылады.
2.4. Тест нұсқалары екінші рет қайталанбайды және кері қайтпайды.
2.5. Олимпиадаға қатысу ерікті. Оқушы ата-анасы шарттарға келіскен жағдайда қатысуына болады.
Қатысу жарнасы – 500 (Бес жүз) теңге.


ІV. ҚАТЫСУ ТӘРТІБІ:

  • http://bilim-shini.kz/ сілтемені басу. (18-25 сәуір тәулік бойы жұмыс жасайды). Олимпиада тапсырмасы 18-ші сәуірден бастап ашылады.

  • Олимпиада бөліміне өту.

  • «YOUNG MATHEMATICIAN» батырмасын басу

  • Анкетаны ретімен қатесіз толтыру. (Анкетаны дұрыс толтырыңыз. Диплом сіз жазған мәліметпен шығады)

  • Жіберу батырмасын басу.

  • Төлем жасау беті ашылады, кез-келген төлеу картаңызбен (ата-ананың рұқсатымен) төлем жасай аласыз.

  • Төлем жасағаннан кейін Олимпиада тапсырмалары бірден ашылады.

  • Сайттан шықпай, тапсырманы орындауыңыз шарт.

  • Тестті орындау аяқталған соң, дұрыс жауаптар саны шығады.

  • Нәтиже батырмасын басып, марапат қағазды бірден сақтап алу (Жүктей алмаған жағдайда, «КӨМЕК» бөлімінің 8-ші графасынан қарайсыз).

  • Егер сайтта төлем жасауда қиындықтар туындаса: 8775 424 37 27 Феруза Изтаеваның Каспий голд номеріне 500 тг (бес жүз) аударып, Чекті және ЖСН-ңізді 8775 403 72 84 вадсап номеріне қатесіз жазып жіберуіңіз міндетті. Сізге «Тіркелді» деген жауап келгеннен соң, сайтқа кіріп, қатысуға болады.



V. ОЛИМПИАДА ҚАТЫСУШЫЛАРЫН МАРАПАТТАУ
5.1. Олимпиада тапсырмасын орындап болған соң дұрыс жауаптар саны бірден шығып, жеңімпаздар бірден анықталады.
5.2. Олимпиада жеңімпаздары төмендегі шкала бойынша анықталады:
Бас жүлде –20 дұрыс жауап
І орын – 18-19 дұрыс жауап
ІІ орын – 15-17 дұрыс жауап
ІІІ орын – 10-14 дұрыс жауап
5.3. Жинаған ұпай жиынтығы бойынша Бас жүлде иеленсе,
арнайы МЕДАЛЬ + Диплом+жетекші мұғалімі Грамотамен марапатталады. Бас жүлде иегерлерінің марапаттарының түпнұсқасы Қазпошта арқылы жіберіледі.
5.4. І , ІІ, ІІІ орын иегерлері марапат қағаздарын сайттан жүктеп алады. Ұпай саны шектік балға жетпеген жағдайда оқушыға белсенді қатысқаны үшін СЕРТИФИКАТ беріледі. Қатысқан барлық оқушының жетекші мұғаліміне Алғыс хат беріледі.
ЕСКЕРТУ:

  1. Егер Сізде олимпиадаға байланысты қандай да бір мәселе туындаса http://bilim-shini.kz/ сайтындағы «КӨМЕК» бөлімінен жауап іздеуіңізге болады. Вадсап номерлерге байланысқа шыққан жағдайда, кері байланысты сабырмен күтесіз. (Себебі, көптеген қоңыраулар мен хабарламалардың түсуіне байланысты).


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет