I жалпы ережелер


II. ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ



бет2/10
Дата08.02.2022
өлшемі198 Kb.
#124819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)
5 лекция, Диф. және интег. ІІ, Диф. және интег. ІІ, Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)
II. ЕҢБЕК ШАРТЫН ЖАСАУ, ӨЗГЕРТУ ЖӘНЕ БҰЗУ
КЕЗІНДЕГІ КЕПІЛДІКТЕР

2. Тараптар:


2.1. Жұмыс берушінің Қызметкерден еңбек шартында қарастырылмаған жұмысты орындауды талап етуге құқығы жоқ, еңбек шартының жағдайы қолданыстағы еңбек заңнамасымен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлата алмайды деп келісті.
2.2. Жұмыс беруші:
2.2.1. Қызметкермен жазбаша түрде екі данада еңбек шартын жасап, оның әрқайсысына жұмыс беруші мен қызметкер қол қояды, бір данасын еңбек шартын жасаған күні қызметкерге қол қойғызып беруге міндетті. Жұмысқа рұқсат тек еңбек шартына қол қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.
2.2.2. Жұмысқа қабылдау кезінде қызметкерді осы ұжымдық шартпен, ұйымның жарғысымен, ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелерімен, оның еңбек қызметімен тікелей байланысты өзге де жергілікті құқықтық актілермен, әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық салалық және салалық келісімдермен қол қойғызып таныстыруға міндетті.Тараптармен ішкі еңбек тәртіптемесі ережесінің мазмұны жұмыс берушінің актімен бекіту үшін келісілді (№ 4 қосымша).
2.2.3. Еңбек шартына ҚР ЕК 28-бабында көрсетілген міндетті жағдайларды енгізу.
Еңбек шартына қосымша жағдайларды енгізу кезінде осы ұжымдық шартпен, келісімдермен, еңбек құқығының нормалары бар өзге де нормативтік құқықтық актілермен және еңбек заңнамасымен көзделген жағдайлармен салыстырғанда қызметкердің жағдайын нашарлатуға жол бермеу.
Еңбек шартында заңнамамен көзделген жағдайларды қоспағанда, тек еңбек шарты тараптарының келісімімен өзгеруі мүмкін педагог қызметкердің оқу жүктемесінің көлемін қарастыру.
Педагог қызметкердің жұмыстан шығуымен байланысты босаған оқу жүктемесін, ең алдымен, оқу жүктемесі жалақының ставкасына сағат нормасынан аз көлемде белгіленген педагог қызметкерлерге ұсыну.
2.2.4. Жоғары біліктілік санаты бар педагог қызметкерді жұмысқа қабылдау кезінде сынақ белгіленбейді.
2.2.5. Қызметкер мен жұмыс берушінің арасында жасалған еңбек шартының ажырамас бөлшегі болып табылатын еңбек шартына қосымша келісімдерді жасау жолымен еңбек шарты жағдайларының өзгертулерін ресімдеу.
2.2.6. Еңбек шартының тараптармен анықталған жағдайларын өзгерту, соның ішінде басқа жұмысқа ауыстыру, ҚР Еңбек кодексімен көзделген жағдайларды қоспағанда, еңбек шарты тараптарының тек жазбаша келісімімен жүзеге асыру.
2.2.7. Бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитетіне қызметкерлер штатының немесе санының қысқаруы және қызметкерлермен мүмкін болатын еңбек шарттарын бұзу туралы тиісті шаралар жүргізілгенге дейін жазбаша түрде кемінде екі ай бұрын, қызметкерлерді бұқаралық жұмыстан босату кезінде – үш айдан кешіктірмей хабарлау.
Бір айдың ішінде 10 және одан да көп қызметкерлердің жұмыстан босатылуы бұқаралық болып табылады.
2.2.8. Штатты қысқарту кезінде жұмыста қалдыруға анағұрлым жоғары еңбек өнімділігі және біліктілігі бар қызметкерлердің басымды құқықтарын қамтамасыз ету. Жұмыста қалдыруға басымды құқыққа ие қызметкерлер:

  • зейнеталды жасындағылар (зейнетке дейін 3 жылы бар);

  • ұйымда 10 жылдан астам жұмыс жасағандар;

  • 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты аналар;

  • 16 жасқа дейінгі бала тәрбиелеп отырған жалғызбасты әкелер;

  • 18 жасқа дейінгі мүгедек баласы бар ата-аналар;

  • педагогикалық қызметке байланысты мемлекеттік және (немесе) ведомстволық наградамен марапатталғандар;

  • жоғары немесе кәсіби білім беру ұйымын бітіргеннен кейін тікелей еңбек қызметіне кіріскен және 1 жылдан аз еңбек өтілі бар педагог қызметкерлер.

2.2.9. Ұйымның таратылуымен, ұйым қызметкерлері штатының немесе санының қысқаруымен байланысты жұмыстан босатылған қызметкерге орташа жалақысын сақтай отырып, аптасына 5 сағат жұмыс іздеу үшін уақытқа құқығын қамтамасыз ету.


2.2.10. Жұмыс берушінің бастамасымен қызметкермен – кәсіподақ мүшесімен еңбек шартын бұзу тек бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып жүзеге асырылуы мүмкін.
2.2.11.
2.2.12. Педагог қызметкерлерді педагог қызметінің бейіні бойынша кемінде бес жылда бір рет қосымша кәсіби білім алуға жіберу.
2.2.13. Қызметкерді кәсіби білім немесе қосымша кәсіби білім алу үшін жіберген жағдайда оның жұмыс орнын (лауазымын), негізгі жұмыс орны бойынша орташа жалақысын сақтау және, егер қызметкер басқа жерге біліктілігін арттыруға жіберілсе, оған нақты өндірілген шығысты растайтын құжаттарға сәйкес қызметтік іссапарға жіберілетін тұлғалар үшін көзделген тәртіп пен көлемде іссапар шығыстарын (тәуліктік, оқу орнына және кері қайту жол ақысы, тұру орнының ақысы) төлеу.
2.2.14. Педагог қызметкерлердің біліктіліктерін арттыру және кәсіби қайта даярлау бағдарламалары бойынша кәсіби даярлық, біліктіліктерін арттыру немесе қосымша кәсіби білім бағдарламалары бойынша кәсіби білім алуға және басқа кәсіп алуға ниеттенген қызметкерге жәрдемдесу.
2.2.15. Білім ұйымы құрылымының өзгеруімен, бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органының қатысуымен оның қайта құрылуына байланысты барлық мәселелерді қарау.
2.2.16. Аттестаттау нәтижесі бойынша жеткіліксіз біліктілік салдарынан атқаратын лауазымына сәйкес келмеуін мойындаған жағдайда, қызметкерді жұмыстан шығару туралы шешім қабылдау кезінде, қызметкердің жазбаша келісімімен оның денсаулық жағдайын ескере отырып, жұмыс берушідегі ол орындай алатын басқа жұмысқа (қызметкердің біліктілігіне сәйкес келетін бос лауазым немесе жұмыс сияқты, бос тұрған төмен лауазым немесе ақысы төмен бос жұмыс) ауыстыру туралы шара қабылдау.
2.2.17. Жұмыс беруші қызметкерді жұмыс берушінің алдағы уақытта болатын көшуі туралы екі ай бұрын кешіктірмей жазбаша хабарлайды.
2.2.18. Қызметкердің еңбек міндеттерін орындауға байланысты өндірістік жарақаттануына, кәсіптік ауруға шалдығуына немесе денсаулығына өзге де зақым келуіне байланысты еңбекке қабілеттілігі қалпына келгенше немесе мүгедектік белгіленгенге дейін не кәсіби еңбекке жарамдылығынан айрылуы белгіленгенше жұмыс беруші қызметкерді анағұрлым жеңіл жұмысқа уақытша ауыстыруға немесе Қазақстан Республикасының азаматтық, сондай-ақ еңбек шартының, ұжымдық шарттың талаптарына сәйкес зиянның өтемін төлей отырып, оны жұмыстан босатуға міндетті. 
2.2.19. Жұмыс беруші қызметкерді қайта ұйымдастыруға және экономикалық, технологиялық жағдайлардың, еңбекті ұйымдастыру жағдайының өзгеруіне және (немесе) жұмыс берушідегі жұмыс көлемінің қысқаруына байланысты, қызметкердің тиісті біліктіліктегі мамандығы немесе кәсібіне сәйкес жұмысын жалғастырған кезде, бір айдан кешіктірмей жазбаша екскертуге міндетті.
2.2.20. Еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 1) және 2) тармақшаларымен көзделген негіздемелер бойынша (ұйымды тарату, штаттың немесе қызметкерлер санының қысқаруы) бұзған кезде, жұмыс беруші қызметкерді еңбек шартын бұзу туралы кемінде 1 ай бұрын жазбаша ескертуі тиіс. Қызметкердің жазбаша келісімімен еңбек шартын бұзу ескерту мерзімі аяқталғанға дейін жүргізілуі мүмкін.
2.2.21. ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 4) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша еңбек шартын бұзу, құрамында қызметкерлердің өкілі қатысатын аттестаттау комиссиясының шешіміне негізделуі тиіс. Қызметкерлерді аттестаттаудан өткізу тәртібі, шарттары мен мерзімділігі білім саласындағы өкілетті мемлекеттік органмен анықталады.
2.2.22. «Қазақстан Республикасындағы зейнетақымен қамтамасыз ету туралы» ҚР Заңымен белгіленген зейнеткерлік жасқа толған қызметкермен, оған лауазымдық айлық мөлшерінде жәрдемақы төлеп, еңбек шартын бұзу күніне дейін кемінде бір ай бұрын ескертіп, еңбек шартын ҚР ЕК 52-бабының 1-тармағы 24) тармақшасымен көзделген негіздеме бойынша (зейнеткерлік жасқа жету) бұзуға жол беріледі.
2.2.23. Жұмыс беруші қызметкерлердің дербес деректерін сақтау тәртібін белгілейтін
2019 жылғы «____» _____________ дейін шығарылған бұйрықтар бойынша өзіне міндеттеме қабылдайды.
Жұмыс беруші қызметкердің дербес деректерін беру кезінде мынадай талаптарды қадағалауға міндеттеледі:
1) қызметкердің дербес деректерін қызметкердің жазбаша келісімінсіз үшінші тұлғаға хабарламау;
2) қызметкердің дербес деректеріне қол жеткізуге арнайы уәкілеттік берілген адамдарға ғана рұқсат етуге міндетті. Бұл ретте аталған адамдардың қызметкердің нақты функцияларды орындау үшін қажет дербес деректерін ғана алу құқығы болуға және олар құпиялылық режимін сақтауға тиіс;
3) қызметкер танысуға тиіс жұмыс берушінің актісіне сәйкес қызметкердің дербес деректерін ұйымның шегінде таратуды жүзеге асыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет