I жалпы ережелер


III. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ



бет3/10
Дата08.02.2022
өлшемі198 Kb.
#124819
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)
5 лекция, Диф. және интег. ІІ, Диф. және интег. ІІ, Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)
III. ЕҢБЕККЕ АҚЫ ТӨЛЕУ ЖӘНЕ ЕҢБЕКТІ НОРМАЛАУ

3.1. Қызметкерлердің жалақысы «Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 Қаулысына сәйкес белгіленеді.


3.2. Педагогикалық, медициналық қызметкерлердің еңбекақылары экономиканың сәйкес салалары қызметкерлерінің ұқсас санаттары үшін белгіленген еңбекақы жағдайларына сәйкес, ал жұмысшылар қатарындағы қызметкерлерге – осы санаттағы қызметкерлер үшін көзделген разряд бойынша жүзеге асырылады.
3.3. Жалақы еңбекақы төлеу жүйесіне сәйкес есептеледі және оған:
- лауазымдық айлық (тарифтік ставка);
- азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбек жағдайы үшін көтерме, үстеме ақылар және қосымша ақылар;
- ұйымның жергілікті нормативтік актілерімен, қолданыстағы заңнамамен көзделген басқа да төлемдер жатады.
3.4. Жалақы қызметкерлерге келесі айдың екінші онкүндігінен кешіктірілмей ай сайын төленеді.
Жалақы төленетін күн 25 болып табылады (айдың нақты күні көрсетіледі).
Қызметкерге жалақы төленген кезде есеп қағазы беріліп, онда:

  • тиісті кезеңдегі тиесілі жалақының құрамдас бөліктері;

- жүргізілген ұстап қалулардың мөлшерлері мен негіздері;
- төленуге тиісті жалпы ақша сомасы көрсетіледі.
Есеп қағазының нысаны бастауыш кәсіподақ ұйымы кәсіподақ комитетінің пікірін ескере отырып, жұмыс берушімен бекітіледі. .
3.5. Жұмыс беруші қызметкерге жалақы, еңбек демалысының ақысын, жұмыстан шығару кезіндегі төлемдер мен соның ішінде жұмыс тоқтаған жағдайда оған тиесілі басқа да төлемдердің белгіленген мерзімін бұзған кезде, бұл сомаларды Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ставкасын негізге ала отырып, әрбір кешіктірілген күнтізбелік күн үшін міндеттемелерді орындау күніне өсімақысымен төлейді.
3.6. Ақылы еңбек демалысына шығу үшін мынадай ұзақтылық белгіленеді:
- мектепке дейінгі ұйым меңгерушісі– 56 күн;
- педагог-психолог – 56 күн;
- әдіскер – 56 күн;
- тәрбиеші – 56 күн;
- музыкалық жетекші – 56 күн;
- шаруашылық меңгерушісі – 30 күн
- мейірбике – 42 күн;
- диета мейірбикесі – 42 күн
- есепші – 24 күн
- хатшы – 24 күн
- аспаз – 30 күн
- көмекші жұмысшы – 24 күн
- кастелянша – 24 күн
- тәрбиешінің көмекшісі – 30 күн
- кір жуу машиналарының операторы – 24 күн
- күзетші – 24 күн
- еден жуушы – 24 күн
Жұмыс беруші өзіне қызметкерлердің лауазымдық айлықтарына үстеме ақылар белгілеу және материалдық көмек көрсету, сыйлықақылар төлеу ережесімен (№ 5 қосымша) белгіленген тәртіпте, қазыналық кәсіпорындар үшін бекітілген смета бойынша көзделген қаражаттарды үнемдеу есебінен материалдық көмек төлемін, дербес қосымша ақылар тағайындау, қызметкерлерге сыйлықақы беруді қамтамасыз ету міндеттемесін қабылдайды.
3.7. Еңбекке ақы төлеуді өзгерту:
- мамандығы бойынша жұмыс өтілі көбейген кезде - егер құжаттар ұйымда болса тиісті өтіліне жеткен күннен бастап немесе жалақы ставкасының (айлығының) мөлшерін көтеруге құқық беретін өтіл туралы құжатты ұсынған күннен бастап ;
- білім алғанда немесе білім туралы құжатын қалпына келтірген кезде - тиісті құжатты ұсынған күннен бастап;
- біліктілік санатын алу кезінде -келесі оқу жылының басталуымен;
- «Еңбек сіңірген» құрметті атағы берілген кезде – берілген күннен бастап;
- ғылым кандидаты, ғылым докторы ғылыми дәрежелері берілген кезде – Қазақстан Республикасы білім және ғылым Министрлігінің білім және ғылым саласындағы бақылау жөніндегі Комитет Алқасы мен Төралқаның диплом беру туралы шешімі шығарылған күннен бастап жүзеге асырылады.
3.9. Жалақы төлеу күні демалыс немесе мереке күндеріне тура келген кезде төлем олардың қарсаңында жүргізіледі.  Еңбек демалысының ақысы ол басталғанға дейін үш күн бұрын берілуі тиіс.
3.12. Тараптар сабақ берумен айналысатын тәрбиешілер мен басқа да педагог қызметкерлер жүктемесінің көбеюін лауазымдарды қоса атқару немесе қызмет ету аймағының 
кеңеюі ретінде қарамауға келісті. Аталған тұлғалардың нақты оқу жүктемесінің көбеюі барлық туындайтын құқықтық нәтижесімен қоса атқару ретінде түсіндіріледі. Белгіленген бір нормативтік ставка шегіндегі жұмысқа қоса атқару жағдайымен қосымша еңбек шарты жасалады.
3.14. Егер орындалатын жұмысы бойынша лауазымдық міндеттері, оқу бағдарламалары, жұмыс бейіні сәйкес келсе, біліктілік санаты берілмеген басқа лауазым бойынша педагогикалық жұмысты орындаған жағдайда, педагог қызметкерге біліктілік санаты ескеріліп еңбекақы жүргізіледі.
3.15. Жұмыс берушінің кінәсінен осы ұжымдық шарттың орындалмауынан ереуілге қатысқан қызметкерлердің жалақысы толық көлемде сақталады.
3.16. Қызметкерлерге жұмыстың тоқтатылуы жағдайында оларды еңбектену мүмкіндіктерінен заңсыз айыру нәтижесінде келтірілген материалдық шығын төленеді.
3.17.
3.19. Тараптар қызметкерлерге берілген мүліктер мен құндылықтарды сақтауды қамтамасыз етпегені үшін толық жеке материалдық жауапкершілік туралы шарт жасау мүмкін болатын қызметкерлермен орындалатын немесе айналысатын лауазымдар мен жұмыстар тізіміне мынадай қызметкерлер кіреді деп келісті:
- шаруашылық меңгерушісі;
- есепші;
- мейірбике.
Осы шарттың тараптарымен қызметкердің толық материалдық жауапкершілігі туралы типтік шартты жұмыс берушінің актімен бекіту үшін келісілді ( № 7 қосымша).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет