I жалпы ережелер



бет1/10
Дата08.02.2022
өлшемі198 Kb.
#124819
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Ұжымдық шарт. для ДДО (қаз.нұсқ)


МКҚК « бөбекжай бақшасы»
______________________________________________________________
(білім ұйымының Жарғыға сәйкес толық атауы)

2019 – 2022 жылдарға арналған


ҰЖЫМДЫҚ ШАРТ

I. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы ұжымдық шарт жұмыс беруші мен қызметкердің арасында олардың өкілдері тұлғасында жасалды және МКҚҚ «Балдәурен бөбежай бақшасы»


(білім ұйымының толық атауы)
әлеуметтік-еңбек қатынастарын реттейтін құқықтық акт болып табылады.
1.2. Ұжымдық шарт жасауға негіз болып табылатындар:

  • Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі (бұдан әрі – ҚР ЕК);

  • ҚР «Кәсіподақтар туралы» Заңы;

  • ҚР «Білім туралы» Заңы;

  • Әлеуметтік әріптестік туралы аймақтық келісім;

  • Әлеуметтік әріптестік туралы салалық аумақтық келісім;

  • Әлеуметтік әріптестік туралы салалық келісім;

  • Әлеуметтік әріптестік туралы Бас келісім.

Ұжымдық шарт білім ұйымдарындағы қызметкерлердің әлеуметтік-еңбек құқықтары мен кәсіби мүдделерін қорғау жөнінде қызметкерлер мен жұмыс берушінің өзара міндеттерін анықтау және қызметкерлер үшін қосымша әлеуметтік-экономикалық кепілдіктер, жеңілдіктер мен басымдылықтарды анықтау мақсатында, сондай-ақ белгіленген заңдармен, өзге нормативтік құқықтық актілермен, Бас, аумақтық, салалық, салалық аймақтық келісімдермен салыстырғанда еңбектің анағұрлым қолайлы жағдайларын туғызу жөнінде жасалды.
1.3. Ұжымдық шарттың тараптары:
жұмыс беруші, оның өкілі тұлғасында– білім ұйымының басшысы
Исаханова Светлана Акуаловна (бұдан әрі – жұмыс беруші);
(Т.А.Ә.)
ұйым қызметкерлері,олардың өкілі тұлғасында – Жаканаева Эльмира Кенжибевна. Акыбаева Н. К. Абдильдаева Н. М.
(Т.А.Ә.)
төраға тұлғасында бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ комитеті (бұдан әрі - кәсіподақ комитеті)
1.4. Осы ұжымдық шарттың іс-әрекеті Қазақстандық салалық білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағының мүшелері болып табылатын барлық ұйым қызметкерлеріне, сондай-ақ қоса атқаратын жұмыс туралы еңбек шартын жасағандарға да таралады.
1.5. Кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын қызметкерлер өздерінің жазбаша өтініштері арқылы кәсіподақ комитетінен жұмыс берушімен өзара қарым-қатынастарындағы олардың мүдделерін білдіру жөнінде сұрауға, сондай-ақ осы ұжымдық шартқа қосылуға құқылы. Кәсіподақ комитеті қызметкерлердің мүдделерін білдіреді және ұжымдық шарт ережелерінің іс-әрекетін кәсіподақ мүшелері болып табылмайтын тұлғаларға, егер олар кәсіподақ ұйымына жалақыларынан 1 (бір) % кәсіподақ ұйымының шотына ай сайын аударатын жағдайда ғана таратады.
1.6. Осы ұжымдық шарт оған қол қойған кезден бастап 2022 жылдың 31-желтоқсанына дейін қолданыста болады.
1.7. Тараптар ұжымдық шарттың мәтінін оған қол қойғаннан кейін 15 күн ішінде жұмыс беруші қызметкерлерге қол қойып таныстырады деп келісті.
1.8. Жаңа ұжымдық шарт жасау жөніндегі келіссөздер осы шарттың іс-әрекет мерзімі аяқталғанға дейін 2 ай бұрын басталады.
1.9. Ұжымдық шарттың іс-әрекет мерзімінде тараптардың ешқайсысының өздеріне қабылданған міндеттемелерді біржақты тәртіпте тоқтатуға құқығы жоқ.
1.10. Осы шарттың іс-әрекет мерзімі ішінде оған өзгертулер мен толықтырулар тараптардың өзара келісімдері бойынша жүзеге асырылады және мемлекеттік еңбек инспекциясында мониторниг үшін тіркелетін қосымша ретінде ресімделеді.
1.11. Ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін білім ұйымының атауы өзгеріп, ұйым басшысымен еңбек шартын бұзған жағдайда сақтайды.
1.12. Білім ұйымы қайта құрылған кезде (қосылу, бірігу, бөліну, қайта құру) ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін қайта құрудың барлық мерзімі ішінде сақтайды.
1.13. Білім ұйымының меншік нысаны ауысқан кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін меншік құқығы ауысқан күннен бастап үш ай бойы сақтайды.
1.14. Білім ұйымы таратылған кезде ұжымдық шарт өзінің іс-әрекетін таратылу жүргізілген мерзім ішінде сақтайды.
1.15. Осы шарттың міндеттемелерін қайта қарау қызметкерлердің әлеуметтік-экономикалық жағдайларының деңгейін төмендетуге әкеліп соқпайды.
1.16. Ұжымдық шарттың ережелерін түсіндіру және жүзеге асыру жөніндегі барлық даулы мәселелер тараптармен шешіледі.
1.17.Ұжымдық шарттың орындалу барысын бақылауды олардың өкілдері тұлғасында, еңбек жөніндегі тиісті мемлекеттік органдар жүзеге асырады.
1.18. Ұжымдық шартқа қосымша болып табылатын білім ұйымдарының жергілікті құқықтық актілері бастауыш кәсіподақ ұйымының сайланбалы органымен келісім бойынша қабылданады.
1.19. Жұмыс беруші ұжымдық шарттың мазмұны мен орындалуының жариялығын қамтамасыз етуге міндеттеледі.
1.20. Кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін ескере отырып қабылданған жұмыс берушінің актілер тізімі:
1) ішкі еңбек тәртіптемесінің ережелері;
2) оқу сабақтарының кестесі;
3) жұмыс кестесі;
4) еңбек демалысының кестесі;
5) педагог қызметкерлердің оқу жүктемесі;
6) педагог қызметкерлерге бар біліктілік санаттарын төмендету мақсатында кезектен тыс аттестаттауды белгілеу туралы шешімдер;
7) еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық;
8) еңбек жағдайының өзгеруі туралы бұйрықтар;
9) жұмыс берушінің бастамасымен еңбек шарттарын бұзу туралы бұйрықтар;
10) мереке және демалыс күндерін жұмыс күні ретінде жариялау туралы бұйрықтар;
11) штаттық кестені қысқарту және өзгерту туралы бұйрықтар;
12) ынталандыру мен жазалау туралы бұйрықтар;
13) сыйлықақы беру, қосымша ақылар белгілеу және материалдық көмек туралы бұйрықтар;
14) толық емес жұмыс уақытының режимін енгізу туралы бұйрықтар;
15) күнделікті жұмысты бөлімдерге бөлу туралы бұйрықтар;
16) жұмыс уақытының жинақталған есебін қолдану туралы бұйрықтар;
17) ұйымды тарату және жұмысшы күшін (10 адамнан астам) бұқаралық біржолғы босату туралы актілер;
18) қызметкерлердің кәсіби даярлығы, қайта даярлығы және біліктіліктерін арттыру нысандарын анықтау, қажетті кәсіптер мен мамандықтар тізімі, әрбір күнтізбе жылына білім алушылар саны;
19) еңбекті қорғау жөніндегі келісім;
21) зиянды және (немесе) қауіпті еңбек жағдайларында жұмыс жасайтын қызметкерлер кәсіптері мен лауазымдарының тізімі, оларға жыл сайынғы қосымша ақылы еңбек демалысын беру үшін (№ 1 қосымша).
1.21. Кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірі осы ұжымдық шарттың тараптарымен келісілген тәртіпте сұралады және шығарылады ( № 2 қосымша).
1.22. Тараптар әлеуметтік әріптестіктің төмендегідей нысандарын анықтайды:

  • кәсіподақ комитетінің дәлелді пікірін есепке алу;

  • жұмыс берушінің актілерін қабылдау мәселелері бойынша жұмыс берушімен кеңестер;

  • жұмыс берушіден қызметкерлердің мүдделеріне тікелей қатысты мәселелер бойынша, сондай-ақ осы ұжымдық шартта көзделген өзге де сұрақтар бойынша ақпарат алу;

  • жұмыс берушімен ұйым жұмысы туралы мәселелерді, оны жетілдіру бойынша ұсыныстар енгізу жөнінде талқылау;

  • ұжымдық шартты әзірлеуге және қабылдауға қатысу;

  • басқа нысандар.

1.23. Барлық деңгейдегі әлеуметтік әріптестік актілерінің орындалу, еңбек заңнамасының қолданылу мәселелері бойынша туындаған жеке еңбек даулары келісу комиссиясымен қаралады.
Келісу комиссиясының жұмысы осы ұжымдық шарттың ажырамас бөлшегі болып табылатын сол туралы ережемен анықталады (№ 3 қосымша).




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет