Сабақ мақсаты: Білімділік



Дата25.08.2017
өлшемі72,24 Kb.
#25966
түріСабақ
Күні: 12.02.13ж
Класс: 7 «Г»
Тақырыбы: Оңтүстік Американың ішкі сулары.
Сабақ мақсаты: Білімділік: Оңтүстік Америка материгіндегі өзен, көлдердің жалпы ерекшеліктері ондағы тіршілік туралы білімдерін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлығын, алғырлығын

анықтау және сұрақ – жауап арқылы ойлау дағдыларын арттыру,дүние танымын арттыру.


Тәрбиелік: Табиғат ерекшеліктерін таныта отырып,

оқушыларға экологиялық тәрбие беру. Табиғатты қорғауға, аялауға тәрбиелеу.


Сабақ түрі: ашық сабақ

Сабақ әдісі: қарқынды шоғырландыру технологиясы.

Сабақ көрнеклігі: интерактивті тақта, слайдттар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау.

а) “Зымыран сұрақтар!” ойыны.

ә) Сәйкестендіру тесті.



3. Жаңа сабақ.

а) Оңтүстік Американың ішкі сулары.



4. Пысықтау кезеңі:

а) “Кім тапқыр?” ойыны

ә) Семантикалық карта

5. Бекіту кезеңі:

А) “Блиц” тест



6. Үй тапсырмасы:

& 32 Оңтустік Америка материгінің ішкі сулары.

Кескін картаға өзен, көлдерді түсіру.

ІІ Үй тапсырмасын сұрау және қорыту.

Зымыран сұрақтар!”



1. О.Америкада неше климаттық белдеу бар?

Жауабы: 6 Климаттық белдеу кесіп өтеді
2. Климаттың қалыптасуына қандай факторлар әсер етеді?

Жауабы: Ауа массалары, мұхиттардың ықпалы, жер бедері, географиялық ендік.
3. Материктің климатына қандай ауа массалары ықпал етеді?

Жауабы: Экваторлық, тропиктік,қоңыржай ауа массалары.
4.Амазонкада жауын-шашын мөлшері қанша?

Жауабы: 1500мм-ден 3000мм-ге дейін.
5.Материктің 30° және 40° о.е. аралығын алып жатқан қай белдеу?

Жауабы: Субтропиктік климаттық белдеу.
6.Биік таулы климатқа қай тау жатады?

Жауабы: Анд тауы.
Сәйкестендіру тесті.
Оңтүстік Америка материгінің климаттық белдеулерінің қай аралықта орналасқанын табыңыз.



  • Экваторлық климаттық белдеу Анд таулы аймағы.




  • Субэкваторлық климаттық белдеу Бразилия таулы үстіртінің

оңтүстік- шығыс жағалауы

  • Ла –Платаның солтүстігі




  • Тропиктік Климаттық белдеу Амазонка ойпаты.




  • Субтропиктік климаттық белдеу Материктің солтустігіндегі жі-

ңішке бөлік.


  • Қоңыржай климаттық белдеу Амазонканың шығысы.




  • Биік таулы климат Материктің 30° және 40° о.е.

аралығы.
ІІІ Жаңа сабақ


Оңтустік Американың Атлант мұхитына құятын өзендері



Блок-схема: альтернативный процесс 35


Амазонка

Жер шарындағы ең мол сулы өзен. төменгі ағысында өзен арнасы арқылы бір секундта 220 000 м³ су ағып өтеді. Амозонканың арнасының ені орта ағысында 5км болса, төменгі ағысында 80км-ге дейін жетеді. Амазонканың су жинау алабының ауданы Аустралия материгінің жерімен парапар. Өзеннің 500-ден астам салалары бар, оларды суының түсіне қарай “ақ өзендер” және “қара өзендер” деп атайды. Амазонканың деңгейі ірі және мол сулы оң жақ салаларының есебінен наурыз-сәуір айларында айрықша көтеріледі.



Парана
Парана өзенінің су жинау алабы Бразилия таулы үстіртінің оңтүстік беткейі мен Анд таулары аралығындағы жазықтарды қамтиды. Өзен басталар бөлігінде таулы үстірттен құлап ағатындықтан бірнеше сарқырамалар жүйесін қалыптастырады. Оның ең ірісі Игуасу.

Ориноко
Ориноко өзені Гвиана таулы үстіртінен басталып, Ориноко ойпаты арқылы ағып өтеді. Атлант мұхитына құяр жерінде өзен сағасы үлкен атырау жасайды. Ориноко өзенінің бір саласында дүние жүзіндегі ең биік Анхель сарқырамасы орналасқан.

Кім тапқыр?” ойыны





  • НИОРОКО

1. Ориноко

  • ЙАКБРОАМА

2. Маракайбо

  • ЗАМАКОНА

3.Амазонка

  • ЕНЛАГМАДА

4. Магдалена

  • КИАКТАИТ

5. Титикака

  • НАПАРА

6. Парана



Семантикалық карта


 

Өзен

Көл

Сарқырама

Мұхит

Анхель



 



 

Поопо

 



 

 

Атлант

 

 






Амазонка

 




 

 

Титикака

 

 

 




.ІV Бекіту кезеңі:

Блиц” тест



1.Оңт.Америка материгінің жер көлемі.

А) 30,3 млн. км 2 Ә) 18,3 млн.км 2 Б)53,3млн.км2

В) 24,2млн.км2

2. Оңт.Америка жер көлемі бойынша нешінші орында ?

А) 3 Ә) 4 Б) 2 В) 6



3. Оңт. Американың ең биік нүктесі.

А) Акангокуа Ә) Монблан Б) Мак-Кинли

В) Костюшко

4. Дүние жүзіндегі ең биік сарқырама?

А) Анхель Ә) Игуасу Б) Рораймо В) Кукенан



5. С .Америка мен О. Америка материгін жалғастырып тұрған ..........

А) Кариб теңізі Ә) Панама мойнағы Б) Суэц каналы

В) Тынық мұхиты
V Бағалау. Жетон арқылы бағалау. Қызыл жұлдыз-5

Жасыл жұлдыз-4



Сары жұлдыз-3
V І Үй тапсырмасы:
& 32 Оңтустік Америка материгінің ішкі сулары.

Кескін картаға өзен, көлдерді түсіру.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет