П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжі «Өнертау» жастар ұйымының қызметі
I. Жалпы ережелер
Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік жастар саясатының басым бағытарының бірі болып жастардың инновациялық белсенділігі және жастардың өзін-өзі басқару формасы мен модельдерін дамыту болып бекітілді. Арнайы орта оқу орындарының оқушылары жастардың белсенді бөлігі және осы кезеңде олардың қоғамдық маңызы үнемі артып келеді.
2011 жылы құрылған «Өнертау» атты жастар студенттік ұйымы – П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің барлық студенттерінің өз еркімен бас қосқан студенттік өзін-өзі басқарудың бір түрі. Ұйым Қазақстан Республикасы заңнамасына сай, сонымен қатар колледждің Жарғысы, аталған Ережелер негізінде құрылып, қызмет етеді. Сонымен қатар, әкімшілік және кәсіподақ комитеті студенттерінің қолдауын көреді. Үйым мүшелері ерікті де өзара тең, олардың қызметі заңға негізделген, өзін-өзі басқару, есеп беру мен жариялық принциптеріне негізделген.
Студенттік ұйым діни қауымдастықтардан, саяси партиялар мен қозғалыстарға тәуелді емес.
«Өнертау» студенттік жастар ұйымының өз белгілері бар.
Ұйымның басты мақсаты - колледждің студент жастарының Қазақстан Республикасы жастар саясаты мен даму стратегиясын жүзеге асырудағы белсенділігі мен жемісті дамуын арттыру болып табылады.
Ұйымның басты міндеттері:
1) жастарды демократиялық, әлеуметтік-әділ қоғамды құру процестеріне тарту;
2) жастардың арасында қазақстандық патриотизм мен азаматтық жауапкершілік позициясын, республиканың мемлекеттік рәміздерін, мәдени мұра, Қазақстан халықтарының тілдері мен дәстүрлерін қастерлеу сезімдерін қалыптастыру;
3) Қазақстан Республикасының мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруға ықпал етеді; 4) жастардың әлеуметтік маңызды бастамаларын қолдау және жүзеге асыру;
5) жастардың тіршілік жағдайларын жақсартуға көмектесу, діни және дене тәрбиесін дамыту, салауатты өмір салтын қалыптастыру:
6) жастарды ересек қауымға құрмет көрсету, мейірім және қайырымдылық көрсету рухында тәрбиелеу;
7) жастар арасындағы қылмыс, есірткіге тәуелділік, токсикомания сияқты өзге де жағымсыз әдеттердің алдын-алу;
8) талантты жастарды іздеу, оларға қолдау көрсету.
Студенттердің өзін-өзін басқару Кеңесі «Өнертау» жастар ұйымының жоғарғы
басқару органы болып табылады. Студенттік жастар ұйымының өкілетті уәкілдері
кеңестің мүшелері бола алады.
Кеңес өзінің қызметінде Қазақстан Республикасы Конституциясы, «Білім туралы»,
«Қоғамдық ұйымдар туралы» Заңдар, сонымен қатар Республиканың Білім және Ғылым
министрлігінің заң шығарушы және нормативті актілерімен, Колледж Жарғысы және осы
Ережелермен жетекшілік етеді.
Өз міндеттері мен мақсаттарын жүзеге асыру үшін Кеңес Алматы музыкалық колледжінің барлық бөлімшелерімен, сонымен қатар өзге де қоғамдық, коммерциялық, қайырымдылық ұйымдармен және де өзге де ұйымдармен Қазақстан Республикасы аумағында және де шет елдерде әрекет етеді.
Кеңестің қызметі жария түрде, әрі қоғамдық сипатта жүргізіледі.
Кеңес қызметінің басты мақсаты студенттердің шығармашылық әлеуетін мейлінше толық ашуға жағдай жасау, мәдени, шығармашылық және ұйымдастырушылық қажеттерін қамтамасыз ету, кәсіби дайындық деңгейін жақсарту, белсенді азаматтық позициясын, өзін-өзі басқару даңдылары мен машықтарын қалыптастыру, қоғам өміріне араласуға дайындау.
- Студенттік кеңес жұмысының бағыттары:
- студенттердің сана-сезімін көтеру және өз білім деңгейлеріне деген талабын күшейту;
- колледждің мүліктік кешеніне сақтықпен қарауға тәрбиелеу;
- оқу корпусы мен студенттік жатақханада оқу және құқықтық тәртіпті нығайту;
- студенттердің арасында колледждің жарғысы және оқу орнының ішкі тәртібін орындауы туралы жұмыс жүргізу;
- студенттік кеңеске студенттер атынан келіп түсетін арыз-шағымдары уақтылы да белгіленген тәртіп бойынша қарайды.
- аталған Ереже және студенттік кеңестің оқу жылына арнап жасаған жоспарына сәйкес жұмыс атқарады;
- студенттердің әлеуметтік-маңызды бастамаларын қолдайды;
- студенттердің оқуы мен тынығуына арналған әлеуметтік-тұрмыстық жағдайларды жасауға көмектеседі;
- колледждің басқарушы органдары, мемлекеттік органдар, қоғамдыү ұйымдар және өзге де ұйымдар мен мекемелер алдында студенттердің мүдделерін ұсынып, қорғайды;
- колледждің белгілі бір деңгейдегі басқару органына өзінің қызметі туралы хабар береді.
Кеңестің жалпы қызметіне жетекшілік етуші – студенттік өзін-өзі басқарудың Төрағасы (Президент) 2-жылға дейінгі мерзімге сайланады.
Колледждің студенттік Кеңесі бөлімшелердің құрамын (комиссия, комитеттер және т.б) жасақтап, бекітеді. Олардың қатарында:
- ұйымдастырушы және ақпараттық-насихаттау жұмыстарының бөлімі;
- салауатты өмір салтын құру бойынша бөлім;
- әлеуметтік мәселелер бөлімі;
- студенттермен жұмыс жүргізу бөлімі;
- жастардың жұмыспен қамтылуы мәселесімен айналысатын бөлім;
- жастардың бастамасы жөніндегі бөлім;
-қоғамдық ұйымдар мен мәдениет мәселелері жөніндегі бөлім;
- азаматтық-патриоттық тәрбие беру бөлімі;
- жастардың құқықтық мәселелер бөлімі;
Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесін мен колледждің басқару органдарымен арадағы қарым-қатынасы колледждің студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің Ережесімен реттеледі.
Студенттік өзін-өзі басқару Кеңесі колледждің басқару органдарымен ынтымақтастық және автономия принциптері негізінде әрекет етеді.
Колледждің басқару органдарының өкілдері студенттік өзін-өзі басқару Кеңесінің отырысына қатыса алады.
Студенттік Кеңестің ұсыныстарын колледждің қажетті басқару органдары қарастырады.
Колледждің тыныс-тіршілігі жайындағы мәселелер бойынша оқу орнын басқару органы өкілдері студенттік өзін-өзі басқару кеңесінің көзқарасын ескере отырып шығарады.
Колледждің жастар Кеңесінің құрылымы
Студенттік конференция
Кеңес төрағасы
Кеңес төрағасының орынбасары
Совета
Студенттік Кеңес
Ұйымдас
тыру және ақпаратты-насихат жұмыс бөлімі;
Салауатты өмір салтын қалыптас-тыру бөлімі;
Әлеуметтік мәселелер бөлімі;
Жастардық құқықтық мәселелер бөлімі
Жастардың бастамалар бөлімі
Қоғамдық ұйымдар-мен жұмыс жасау және мәдениет істері бойынша бөлім
Азамат-тық-патриот-тық тәрбие бөлімі
Студенттік топтардың кеңесі
II. «Өнертау» жастар ұйымының кеңесі
Төраға басқаратын өзін-өзі басқару Кеңесі оқу процесін ұйымдастыру, ішкі тәртіп ережелерін орындау, студенттердің демалысын ұйымдастыру сияқты мәселелерді шешуде белсенді әрекет етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |