I. Жалпы ережелер



бет4/4
Дата10.12.2016
өлшемі0,63 Mb.
#3604
1   2   3   4
Колледждің ішіндегі іс-шаралармен қатар студенттер қаланың қоғамдық өміріне де белсенді атсалысады. Алмалы ауданы «Жас Отан» жастар ұйымымен бірігіп, «қнертаулықтар» «Prime Plaza» ойын-сауық кешенінде, қарттар үйінде, қаладағы музыкалық мектептерде, әскери бөлімшелерде ұйымдастырылған қайырымдылық шараларға қатысады. Колледждің белсенділері қалалық деңгейде ұйымдастырылатын түрлі семинар-жаттығуларға қатысады. Атап айтсақ: «Қоғамдық өмірдегі қайшылықтармен күрес», «Шешендік өнерді дамыту», «Көшбасшылық қасиеттерді дамыту».

П.Чайковский атындағы Алматы музыкалық колледжінің Жастар ұйымы Алматы қ. Алмалы ауданы Халықтық демократиялық «Нұр Отан» партиясының «Жас Отан» Жастар қанатымен бірігіп жұмыс жасайды.

2012 ж. Колледждің студенттік ұйымының президенті Алматы қаласы Алмалы ауданы «Жас Отан» Жастар қанаты атқарушы хатшысының орынбасары қызметіне сайланған.

«Өнертау» студенттік ұйымның белсенділері жастар саясатын жүзеге асыруға белсенді қатысқаны үшін Алматы ауданының әкімі М.Прінбеков пен Алмалы ауданы «Нұр Отан» ХДП төрағасының орынбасары А. Братенковадан мақтау қағаздарын алды.



Колледждің белсенді-студенттері Астана қаласында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтің қатысуымен «Арман! Еңбек! Сенім!» деген ұранмен өткен «Жас Отан» Жастар қанатының 2-ші Республикалық Съезіне қатысты.




Студент жастарды тәрбиелеу ісінде Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Рәміздерінің құрметтелуіне үлкен көңіл бөлінеді.

Мемлекеттік мейрамдарды тойлауға арналған салтанатты іс-шаралар ҚР Мемлекеттік Әнұранының орындалуымен басталады. Оқу жылындағы алғашқы студенттік жиналыс ҚР Мемлекеттік рәміздеріне арналған.

Студенттік жастар ҚР Президентінің «Қазақстан білім қоғамына апарар жолда» атты ұжымдық лекцияны тамашалауға қатысты. Студенттер «Жалпы білім беру пәндері» ПЦК жетекшілігімен бірігіп ҚР Президенті Н.Назарбаевтың «Қазақстанның әлеуметтік жаңартылуы: Жалпы еңбек Қоғамына 20 қадар» атты мақаласының басты тұстарын түсіндірі мен талқылау мақсатында теориялық конференция ұйымдастырды.

2012 жылы алғаш рет 1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні деп жарияланды.



Осы атаулы күн мен ҚР Тәуелсіздік Күнін тойлауға орай студенттік жастар осы оқиғаларға қатысты іс-шараларға белсенді ат салысты. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» бірінші Наразбаев оқулары», «Кемеңгер Елбасы – елімнің ырысы» атты теориялық конференциялар өзінің маңыздылығымен ғана емес, сонымен қатар, Н.Ә.Назарбаевтың өмірбаяны мен қызметі туралы бейнематериалдар және слайдтарымен есте қалды. ҚР Тұңғыш президентінің күніне арналған күнге орай өткен салтанатты акция-концертті студенттер жоғары кәсіби деңгейде өткізіп, оған Алматы қаласы Алмалы ауданының көрнекті қоғам қайраткерлерін шақырды. Колледж студенттері «Халық аспаптар» ПЦК кураторларымен бірлесіп, ҚР Тәуелсіздік Күні және Желтоқсан оқиғаларының 26 жылдығына орай «Желтоқсан ызғары» атты музыкалық-әдеби қойылымды дайындауда шығармашылық шеберліктерін таныта білді.

2012 жылы Колледж өзінің 80 жылдығын атап өтті. Осыған орай жыл бойы түрлі іс-шаралар өткізді. Олардың қатарында: хор өнерінің фестивалі, музыкалық маусымдар, олимпиадалар, конкурстар, концерттер және Колледждің атақты түлектерімен шығармашылық кездесулер, практикалық конференциялар мен т.б.

Аталған іс-шаралардың барлығы ең алдымен ұрпақ жалғасының үзілмеуіне септігін тигізіп, ересектер мен жастардың басын біріктіруге, оларды бір ұжымның айнымас бөлігі болуына зор ықпал етеді.







Білім ордасының педагогикалық ұжымы жастарға тәрбие берудің ең басты тәсілі ретінде

«саналы қоғам құруға» көп көңіл бөледі. Мұның астарында студенттер қауымының бір идея, бір қызмет, ортақ өмір салт пен адамгершілік қарым-қатынастар негізінде тоғысқан жастар мен ересектердің ынтымақтастына айналуын көздеу жатыр.

Колледждің тәрбие беру жүйесіндегі бұл стратегиялық идея жоғары адамгершілік қасиеттері мен белсенді өмірлік ұстанымы бар тұлғаны, Қазақстанның патриотын тәрбиелеп шығаруды көздейді.

Коледждің ұжымы мен студент жастар бұл мақсаттың ауқымды екендігін айқын сезінеді. Сондықтан өзіне жүктелген дәстір жалғастығын сақтай отырып, тәрбие жүйесін алдағы кездері одан сайын да жетілдіре түспек. Бұл жолда қазіргі заман талабына сай болуды да назардан тыс қалдырмайды.








Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет