І. Жансүгіров атындағы жетісу


И. Лакатостың зерттеу бағдарламаларының әдіснамалығы



бет17/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

И. Лакатостың зерттеу бағдарламаларының әдіснамалығы


Поппердің идеялары оның оқушысы Имре Лакатос (1922-1974) жұмыстарында жалғасын тапты. Поппер мен Лакатос сияқты ғылымның философиялық зерттеуі ең алдымен оның кәсіби қызметін анықтайтын тиімді негіздерінің анықталуында түйлігуі керек деп санайды. Поппердің көзқарасы бойынша ескі теорияның орнына жаңа теория келгенде ескі теория толықтай терістеледі, ал Лакатос бойынша білімнің жоғарлауы зерттеу бағдарламалардың дағдарыс қатынасы түрінде жасалады. «Мен ғылымның үзіліссіздігіне «Поппер көзілдірігі» арқылы қараймын»,-деп мойындайды ғалым. –Сондықтан Кун «парадигма» көрген жерден мен рационалдық зерттеу бағдарламаларын да көремін». Дәл солай ғылым дамуындағы негізгі бастама бірліктері болып табылады.
Зерттеу бағдарламаларының құрылымы қатарына:
қатты ядро-нақты ғылыми және антологиялық рұқсаттардың жиынтығын түзетін негізгі бастама;
«қорғаныс белбеу», қосалқы болжамдардан және теріске шығарудан қатты ядроны қорғайды. Ол түрін өзгертуге қалып сызықтарға және толықтай ауыстыруларға бейімделу керек;
алдағы ғылыми зерттеуге бағыт беретін алдын ала кеңес беруші (оң эвристика) немесе тиым салушы (теріс эвристика) ғылыми зерттеудің ережелері. Оң эвристика ережелері теріске шығарылатын нұсқалардың түрін өзгертетінін, «қорғаныс белдеудің» болжамдарын түрлендіретін, бағдарламаны қолданудың саласындағы кеңейту үшін қандай жаңа үлгілерін өңдеу керектігін көрсетеді. «Теріс эвристика» ережелері алдағы зерттеуде қандай жолдардан аулақ болу керектігін көрсетеді. Олар зерттеуші бағдарламаның «қатты ядросын» ауытқушылықтармен кездескен жағдайда да қайта ойлауға тиім салғандықтан, зерттеу бағдарламасы өзіндік догматизмге (қатаңдық) ие. Бұл догматизмдік дәлдіктің позитивтік мағынасы бар. Ол болмаса ғалымдар теориядан оның шамасын, күшін және маңызын түсінбестен бас тартар еді. Осылайша «теріс» эвристика кез-келген теорияның күші мен артықшылығын толығырақ түсінуге мүмкіндік береді.
Лакатос бойынша зерттеу бағдарламасының прогресті және регресті сатыларын ажыратуға болады. Зерттеу бағдарлымысының теориялы өсімі эмпирикалық өсімінен асқан кезде ғана прогрестік болып саналады. Яғни ол кейбір сәттіліктерімен жаңа деректерді болжай алатын дәрежеге жетеді. Бағдарламаның теориялық өсімі оның эмпирикалық өсімінен төмендесе регрестік болады. Яғни ондай жағдайда жаңа деректерге ескірген анықтамалар беріледі. Өзінен бұрынғының эмпирикалық сәттілігін түсіндіре алатын, өзінің эвристикалық шамасы бар және жаңа дәлелдерді болжай алатын
бәсекеге қабілетті зерттеу бағдарламасы пайда болғанда ғана алдыңғы зерттеу бағдарламасынан бас тарту туралы айтуға болады.
Кейбір болжамдарды итеріп шығаратын оларды терістеу, Лакатос мәселенің «прогрестік қозғалысы» жүріп жатқанда «қатты ядроны» сақтау керектігін айтады. Тек бағдарламаны ядросы жойылғанда жаңа зерттеу бағдарламысына көшіреді, басқаша айқанда ғылыми революция болады. Дәл ғылыми революциялар өзідерінің алдыңғысының дамуындағы ішкі резервтерді ығыстырды. Бірақ Лакатос үшін ғылыми революциялар Кундағы секілді маңызды емес, себебі ғылымда бір ғана бағдарламаның үстемдігі бөлінбей сақталатын анық кезең болмайды, тек түрлі теориялар мен олардың бәсекелестігі болады. Олардың біреуі белгілі уақытқа негізгі болады, басқалары келесі орынға түседі, үшіншілері-қайта жасалады және өңделеді. Сондықтан революциялар болса, ол ғылым негізін қатты
«сілкіндірмейді»: көптеген ғалымдар болған төңкеріске назар аудармастан өз жұмыстарын жалғастырады. Ғалым ауытқушылыққа назар аударуға міндетті емес және өз көзқарасын қорғауды бірбеткейлік танытуға құқылы. Лакатос «прогрессивті» түрде кез келген жалған теорияны да қорғауға болады деп тұжырымдайды Сонымен Лакатостың зерттеу бағдарламасының концепциясы кейбір кемшіліктеріне қарамастан бүгінгі күнге ғылым философиясының айтарлықтай жетістігі болып саналады.







Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет