І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет13/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)
Кун концепциясындағы «парадигма» ұғымы. Кунда ғылыми революцияны талқылауда жаңашыл болып, ол «ғылыми кеңеске белгілі бір уақыт аралығында мәселелерді қою және шешу моделін беретін, барлық ғылыми жетістіктермен танылған» деп анықтайтын парадигма ұғымы табылады. Басқаша айтқанда, парадигма белгілі бір уақытта ғылыми зерттеулерді бағыттап отыратын және барлық ғылыми кеңеспен танылған ғылымдағы ортақ ойлар мен методологиялық құрулардың қосындысы болып келеді. Мұндай теориялардың мысалы болып Аристотельдің физикасы, Ньютонның механикасы мен оптикасы, Максвеллдің электродинамикасы, Эйнштейннің теориясы және т.б. теориялар табылады.
Кун бойынша, оны алдағы уақытта «дисциплинарная матрица» деп атауды ұсынған парадигма белгілі бір құрылымға ие.
Біріншіден, парадигманың құрылымына «таңбалық ортақтастырулар» кіреді – бұл ғылыми топтың мүшелерімен күмәнсіз қолданылатын және логикалық формаға енетін, сөзбен оңай

сипатталатын сөз тіркестері, мысалы «элементтер тұрақты көлемді пропорцияларда қосылады» немесе «іс әрекет іс әрекетсіздікке тең». Бұл ортақтастырулар сырттай табиғат заңдарына ұқсас (мысалы, Джоу- Ленц заңы, немесе Ом заңы).
Екіншіден, дисциплинарлық матрицаның құрамына Кун мынандай «жылу денені қалыптастыратын бөліктердің кинетикалық энергиясы болып табылады» деген ортақтанылған ұсыныстар сияқты
«парадигманың метафизикалық бөлігін» қосады. Олар оның ойынша,
«ғылыми топты қажетті аналогиялар және метафоралармен қамтамасыз етеді және сөзжұмбақтың шешімі және түсініктемесі ретінде нені қабылдау керек екенін анықтауға көмектеседі. Және керісінше, шешілмеген сөзжұмбақтардың тізімін жоюға мүмкіндік береді, олардың әрбіреуінің маңызын бағалауға көмектеседі».
Үшіншіден, парадигманың құрылымына құндылықтар кіреді,
«сондай-ақ бұл құндылықтар жай, өзіне-өзі қайшы келмейтін және шынайы болуы керек, яғни басқа, тәуелсіз дамыған теориялармен сәйкес келуі керек. Дисциплинарлы матрицаның басқа компоненттерінің түрлеріне қарағанда, құндылықтарды әр түрлі қолданатын адамдар үшін олар ортақ болуы мүмкін».
Төртіншіден, Кунда дисциплинарлы матрицаның элементі болып ортақтанылған «үлгілер» - кейбір тапсырмаларды шешудің ортақ стандартты-схемасының қосындысы табылады. Осы классикалық үлгілерді қолдана отырып, ғалым өзінің ғылымының негіздерін тереңірек түсіне алады, оларды нақты кездерде қолдануды үйренеді және олардың қызметінің негізі болып табылатын, осы ғылыми оқудың пәнін қалыптастыратын қозғалыстарды зерттеудің арнайы әдістерін қабылдайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет