ара қатынастары
В.И.Вернадский іліміндегі ерекше орын философиялық тұжырымдамаларға беріледі. Философияның ғылымға айтарлықтай әсерін және ғылыми дүниетанымын қалып- тасуын атап көрсетеді. Сонымен
қатар ол жаңа ғылыми бағыттардың пайда болу сатысында үстемдік еткен, ғылыми дүниетанымның құрамына енген философиялық ұғымдардан алшақтауды көрсетеді. Олар белгілі бір дәрежеде жаңа ғылыми ойлардың пайда болуына кедергі келтіреді. Осы орайда Вернадский көрсеткендей эмпирикалық талдап қорытулардың синтетикалық логикасына сүйеніп табиғи құбылыстарға ғылыми қорғау керек деген сөз дәлелденді. Вернадскийдің пікірінше эмпирикалық талдаудың негізінде жаңа түсініктерді қисынға келтіру оң мағына беріледі немесе философиялық әлемде жалпы және жеке түрде ғылыми ой орын алады және дамиды.
Ғылым мен философияның дамуы мәселесін түсіну, ғылыми және философиялық шығармашылықтың байланысын ноосфера
туралы оқу арқылы білуге болады. Ноосфрера биосфераның геологиялық өзгерістері ретінде тірі заттардың эволюциясы арқылы пайда болған және адам санасы арқылы анықталады. Ноосфера қабатында біріншіден, ғылыми сананың философиялық үздіксіз байлансында орны өседі. Негізінен ноосфера- бұл биосфераның санасыз жағдайдан саналы жағдайға өтуі.
Ноосфера концепциясында ХХ ғасырдағы ғылымның дамуына назар аударады. Себебі ол ғасырда әлі болмаған ғылымның гүлденуі, ғылыми шығармашылық жарылыс болды; ғылым «әлемдік болып, барлық ғаламшарды қамтыды; ғылымның мазмұны мен құрылысында үлкен өзгерістер болды.
Жоғарыда аталған себептердің нәтижесінде ХХ ғасыр ғылымы мықты геологиялық және тарихи күш болды. Биосферадан ноосфераға өту үрдісін жылдамдатуға септігін тигізу керек еді.
Ғалымдар сонымен қатар биосфера тағдырымен адамзат болашағы үшін жауапкершілікті сезіну керек. Кез келген жаңалық ноосфераның игілігіне де оған зиян болуы да мүмкін. ХХ ғасырдың басында-ақ Вернадский адамзаттың атом энергиясын игеруге қажеттілігінің туындағанын түсінген. Сонымен қатар ол осы жаңалық биосфераға қандай зиянын тигізсе, адамзатқа да сондай зиян келтіретінін көрді. Бұдан адамзаттың есейгенімен рухани ақылының дәрежесі өскенін көруге болады.
Вернадский көптеген философиялық –діни ізденістермен таныс болып, олар көп қызығушылықтар туғызғанымен, көзқарасы бәрінен бұрын ғылымға бұрылған. Оның ойынша ғылым философиялық және діни ізденістер алдында сапалы қасиеттер қатарын тізген. Біріншіден ғылыми ой философиялық және діни ойға қарағанда логикалық міндет түрінде көрінеді. Екіншіден, ғылым бүкіл биосфераны қамтып ғаламдық құбылыс болды.
Бәрінен бұрын Вернадский ғылымның интегралдық қызметіне, оның нығайту рөлі мен барлық адамзаттың рухани жұмысының орталығы болғанына назар аударады.
Вернадский ноосфераның құрылу үрдісіндегі ғылымның рөлі туралы түсінігін білдіреді:
ғылыми шығармашылық жолы адамның өмір сүретін, биосферамен алмастырылатын күші болып табылады;
бұл биосфераның өзгерістерін айқындайтын, ғылыми ойдың өсуіне әсер ететін шарасыз құбылыс;
бұл биосфераның өзгерісі адамзат еркінен тыс, апатты түрдегі заңды табиғи үрдіс ретінде болады;
өмірдің қоршаған ортасы, ғаламшардың ұйымдастырылған қабығы-биосфера, оған ену оның геологиялық ұзақ ғұмырында биосфераның жаңа жағдайға, ноосфераға ауысу үрдісі.
Қазіргі біз өткізіп жатқан тарихи жағдайды бұрынғыдан қарағанда түсінеміз, мұнда біздің алдымызда «табиғат заңы ашылады». Вернадский ХХ ғасыр ғылыми ой «жарылысы» биосфераның барлық өткенімен дайындалып, оның құрамына терең тамырлаған. Жаңа ғылыми пәндер-геохимия және биогеохимия – ноосфераның құрылу үрдісінде «табиғат заңын» көруге мүмкіндік берді.
Бірақ бұл ғылым тек ноосферада ғана адамзаттық көзқарасты қисынға келтіреді деуге болмайды. Осылайша Вернадский көне Үндістандағы көзқарас негізінде биогеохимия жағдайымен үндестігін білдірді. Ол философиялық және діни шығармашылықтың жаңа толқынының қажеттілігін болжады. Мұндай шығармашылықтың негізгі шарты адамзаттың ғаламшарлық болмысының жаңа ноосфералық құрылу мәселелерін тану болу керек.
Философиялық ой өзінің негіздері мен көп ғасырлық дәстүрлерімен белгіленген ғылыми жағдайын тереңдетеді және дамытады.
Вернадский ғылымның сапалы даму үрдісін бағалау үшін «ғылыми шығармашылық жарылыс» ұғымын енгізді. Оны ғылымның даму тарихында үшке бөліп көрсетеді.
Бірінші «жарылыс» бұл б.э.д. VI-V ғасырлар аралығында грек философиясы мен ғылымның негізі туып қалыптасты. «Антика өнерінде ғылыми ой пайда болып», - деді Вернадский, -«ғылыми-философиялық құрылым қабылданып, ғылыми әдістеме мен логиканы және математиканы негізге алды».
Екінші «жарылыс» XVII ғасырда пайда болып, қазіргі заман ғылымының қалыптасуына әсер етті. Бұл уақытта ғылымның негізгі мазмұны – оның эмпирикалық ғылыми аппараты құрылып, сонымен бірге ғылыми жұмыстың әдістемесі анықталады.
Үшінші ғылым «жарылысы» ХХ ғасырдан бастап саналады. ХХ ғасыр ғылыми шығармашылықтың бірінші екі «жарылыстан» айырмашылығы көлеміне, тереңдігіне, қуатына байланысты болды.
ХХ ғасыр ғылыми шығармашылық үрдісіндегі білімнің өрлеуі жаңа ғылыми айғақтардың мол жинақталуымен айқындалады. Ғылыми білімнің жаңа облыстары құрылды, жаңа ғылымдар пайда болды, ғылыми эмпирикалық материал өсті, барлық айғақтардың санының өсуі ғылыми аппаратта жүйеге келтірілді және есепке алынды: ғылыми аппарат миллиардтан миллиардқа үздіксіз және біртіндеп өсіп жатқан барлық айғақтарды, эмпирикалық қорытындыларды, ғылыми теориялар
мен қамтып, қазіргі ғылыми ойдың дамуында басты құрал болып табылатын негіз бен басты күшке айналды. Бұл бұрын болмаған жаңа ғылым болды.
ХХ ғасыр ғылыми шығармашылық жарылыс ортақ және әртүрлі фондағы мемлекеттердің шектермен және шектеулері болмайтын кезде өрістеді. Әртүрлі ғылыми айғақ, әртүрлі ғылыми бақылауды қайда және кім жасаса да, біртұтас ғылыми аппаратқа келіп түсіп, онда классификацияланып және бір үлгіге келтіріліп, бірден сыншылар үшін ойлаулар мен ғылыми жұмыстарға жалпы игілік болып қалыптасты.
Вернадскийдің ойынша, шешуші мағына үш нақтылық бойынша ажыратылады. «Біз қазір үш нақтылықты ажыратуымыз керек:
адам өмірі төңірегіндегі нақтылық, ноосфера мен біздің ғаламшардың табиғи құбылыстарының жалпылығы;
атом құбылыстарындағы микроскопиялық нақтылық - бұл микроскопиялық (микроскоптық) және организмдердің өмірін, тіпті адамның көзіне прибор құралдарымен көрінбейтін өмірді қамтиды.
ғарыштық жазықтағы нақтылық, мұнда күн жүйесі және тіпті галактика жоғалып кетеді. Адам және адам өмірі мен ойы бірінші нақтылықпен тығыз байланысты, өйткені ғылымның одан әрі дамуының негізі болып табылады.
ХХ ғасырда Вернадский үшін ғылыми мәртебенің өзгеру аспектісінде биосфера заңдылықтары ноосфераға ауысатынын көруге болады. Егер түрлер эволюциясы биосфераны өзгертсе, онда тарихи эволюция адамзат баласының ұжымдық ақылының геологиялық рөлін анықтап, стихиялықтан танымдық - ақылдың дамуына ауысуға мүмкіндік етеді. «Адамзат баласы биосфераға өзінің күші мен ықпалын күшейту арқылы болашақ ұрпақтарға өмірлерін жақсарту үшін саналы мемлекеттік ғылыми жұмыстарды құру әлі сана сезімге кірген жоқ. Осындай мемлекеттік қызметтің жаңа бағыттары, мемлекеттің міндеттері, жаңа мықты іздеулердің түрлері маған биосфераның ноосфераға айналуы жақын болашақта уайымдайтын тарихи кез болып қалмайтын салдармен көрінеді. Бұл бой бермейтін геологиялық үрдіс.
Вернадскийдің түсінуінде ғылымның дамуы көп факторлы үрдіс болып табылады. Ол ғылыми дүниетанымның қалыптасуында мынадай факторларды: кітап шығару, Ұлы географиялық ашылулар, ерекше дарынды тұлғалардың пайда болуын бөліп көрсетеді. Осыған байланысты әрбір фактор басқа факторлардың қатарын құруға әкеліп, нәтижесінде өздігінен ұйымдастыру формасын нақтылайтын синергетикалық эффект пайда болды. Мысалы, кітап шығару – ақпараттық фактор, сыни ғылыми ойлау мен ғылыми қауымдастықты қалыптастыру факторы. Ұлы географиялық ашылуларды ғылымға
қосу арқылы көптеген жаңа ғылыми мәліметтер берді, жаңа карталарды құруға қажеттілік туындады, геометриялық пайымдауларды дамытты. Математикалық әдістер ғылым үшін өте маңызды, өйткені ғылыми ойлау дамиды. Ғылыми ой тұлғаны жасап шығарады. Ғылыми мектеп қалыптасуына және ғылыми шығармашылықта «жарылыс» болу үшін, ерекше дарынды тұлға қажет.
Бұл ғылыми шығармашылық үрдісте философияның рөлі маңызды болды. Ғалым құбылыстардың мәніне тереңдеген сайын эвристикалық болжамдар мен жорамалдардың мықты түсінігі қалыптасуы тиіс. Вернадскийдің ойынша «философиялық талдау дерексіз ұғым, көптеген жағдайда жаңа ғылымның тууына, оның жаңа проблемалары мен ғылыми пәндерін, жаңа облыстардағы ғылыммен қамту үшін қажет.
«Ғылыми шығармашылықтың философиялық шығармашылықпен байланысы. Вернадскийдің ең бір маңызды идеясы деп атап көрсетуге болады. Пән бойынша ғылыми-шығармашылық құбылыстардың нақтылы шеңберін қамтып, ғылыми айғақтар мен эмпирикалық қорытындылар негізінен тұратын ғылыми аппараттың ары қарай дамуына мүмкіндік туғызады. Философиялық шығармашылық аңғарылатын және интуициялық ұсыныталын мәндердің әлеміне жеке енуі болып табылады. Ол санасыздықтан саналыққа шығуға «саналы дүниетанымды» ары қарай дамытуға мүмкіндік туғызады. Ғылыми шығармашылықтың векторға бағытталуы қасиеттер мен қатынастардың алуан түрлілігінде оның әлем бірлігіне жетуі болып табылады.
Философиялық шығармашылықтың векторға бағытталуы әмбебап терең негіздерді ашу арқылы адамзат мәнін ашу болып табылады. Бұл векторлар шығармашылықпен тығыз байланысты.
Сонымен, Вернадский саналы ғалым ретінде ғылыми шығармашылық пен философия үшін ортақ негіздердің қажеттілігінің керек екенін түсінді. Мұндай негіз адамгершілік рухтың және дүниетанымның бүтіндіктерін шығармашылықтың әртүрлі түрлерінің арасындағы байланысы болып табылады. Ғаламның жасырын сырына ену үшін бір уақытқа адамзат жанының құпиясына да ену мүмкін емес. Ғылыми сананың жарығы философиялық сананың сәулесінсіз мүмкін емес. Сондықтан, Вернадский ғылым мен философияны адамзат дүниетануының өсуін біртұтас процесс деп қарау керектігін белгіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |