процесс. Ғылыми танымның құрылымы әр ортада әртүрлі көрінеді және өзінің арнайы элементтерінің жиынтығына сәйкес болуы мүмкін. Ғылыми танымның негізгі құрылымын қарастыра келе, В.И.Вернадский «ғылымның негізгі, анық (талассыз), мәңгілік қалқаны (оның негізгі ұйытқысы)» төмендегі басты элементтерден тұрады деп көрсетеді:1) Математикалық
ғылымдардың барлық қыры;
2) Логикалық ғылымдар толығымен; 3) Олардың жүйесіндегі
ғылыми фактілер, жіктеулер және ғылыми аппаратты қоса алғанда олардан шығарылған эмпирикалық жалпылау. Ғылыми білімнің бұл тұстары біртұтас ғылым ретінде қарқынды дамуда болады және олардың қамтитын аумақтары күн өткен сайын ұлғая береді. Сонымен қатар, В.Вернадскийдің
пікірінше, біріншіден, жаңа ғылымдар толықтай осы элементтермен қамтылған және
олардың көмегімен құрылады; екіншіден, жалпылау мен фактілердің ғылыми аппараты ғылыми жұмыстың нәтижесінде үнемі гоеметриялық
прогресс бойынша дамиды; үшіншіден, ғылыми тұрмыстың тірі,
динамикалық, өткенді қазіргі уақытпен байланыстыратын мұндай үрдісі адамның өмір сүру ортасына өз-өзінен әсер етеді, ол үрдіс биосфераны ноосфераға яғни ақыл-ой сферасына айналдыратын даму үстіндегі геологиялық күш болып табылады.
Ғылыми танымның субъектісі мен объектісінің өзара
ықпалы тұрғысынан қарасақ, ғылым өзара бірліктегі ең қажет төрт компоненттен тұрады.