І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет62/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100
Байланысты:
pue rk 2003, СИЛЛАБУС ТСЗИ (1), Ybraiym Akan Sik-21-1 (1)

Адам және Әлем.


Антроптық ұстаным
ХХ ғ.-дың басында ғалымдар дүниенің өлшемдерін зерттей келе, үлкен сандарды (мысалы, 1020 , 10100

т.б.) ашты, бұлар қазіргі физика тұрғысында «өлшеусіз» болып көрінді. Ешқандай математикалық теорияда мұндай үлкен сандар шешім ретінде көрінген емес. Үлкен сандар мәселесінің әдемі шешімін ағылшын физигі, квантты физиканың негізін салушылардың бірі П.Дирак ұсынды. Ол барлық үлкен сандарды космологиялық уақытпен байланыстырды, Дирак пікірінше, барлық үлкен сандар Әлемнің өмір сүру уақытымен анықталады, әрі сонымен бірлесе өзгеріске ұшырайды. Дирактың гипотезасы антроптық бағдарламаның жасалу көзіне айналды. 1960 ж.-ры ол ғылыми қауымдастықта қызу талқыланды. Дирактың үлкен сандар мен космологиялық уақыт арасындағы тәуелділік мәселесіне әйгілі американдық физик Р.Дикке назар аударды.
1961 жылы Дикке мынандай сауал қояды: біздің дәл осы дәуірде өмір сүруіміздің себебі бар ма, әлде бұл кездейсоқтық па? Мұнда адамның бақылаушы ретіндегі мәселесі анық көрінеді, және физикалық дүниенің құрылымы адамның тіршілік ету фактісімен байланыстырылады. Біз белгілі бір сипаттағы үрдістердің куәсіміз, өйткені басқа сипаттағы үрдістер куәларсыз өтеді.
Күшті антроптық ұстаным (АҰ) анағұрлым мазмұнды (әрі тартысты) болып келеді, оны жақтаушылар дәстүрлі түсініктерден бас тартып, бейклассикалық физика ұстанымдарымен сәйкес принциптерге ғана сүйенді. Кванттық механика бойынша, нысанның қасиеттері оны өлшеген сәтке дейін болмайды. Бақылаушы мұнда Әлем дамуы барысында жүзеге асырылатын мақсат деп қаралады. Күшті АҰ мазмұны жағынан теологиялық және телеологиялық идеяларға жақын. Ондағы философиялық, дүниетанымдық және физикалық дәлелдер бір-бірімен жымдасып кеткен, оларды тек шартты түрде ғана бөлуге болады.
Күшті АҰ.-ң өкілі американдық космолог – Ф.Хойл. Жердегі тіршілікте шешуші рөлге ие көміртегі туралы ой оған қызық жағдайды

түсінуге көмектесті. Көміртегі ядросы жұлдыздарда үш гелий ядроларының соқтығысуынан синтезделеді екен. Хойл келесідей қорытынды жасады: осындай және басқа да кездейсоқ жағдайлардың болуы табиғатта соқыр күштің жоқтығы, қайта «асыра-интеллект» бар екені рас.
«Қатысу прнципі» - күшті АҰ-ң модификациясы болып табылады. Оны тапқан белгілі американ космологы Дж.Уилердің ойынша, бақылаушысыз Әлем ешкімге керек емес. Әлем өзіне бақылау орнатылғаннан соң ғана тіршілік етуге кіріседі, оған дейін тек виртуалды күй кешеді.
Финалистік АҰ-ды ағылшын физиктері Дж. Барроу мен Ф.Типлер ұсынды. Бұл ұстаным бойынша, бақылаушыларды тудыру және қолдау мақсатында жаратылған Әлем ғана бар. Бұл ұстаным космологияға мес, хрситиандық догматикаға сүйенген философиялық-дүниетанымдық ойлар негізінде пайда болған жалғыз принцип.
Финалистік АҰ-ға енген тұжырымдамалық конструкциялар:

  • тұйықтық принципі, яғни әлемнің кеңістіктік шектеулігі, эволюцияның соңғы нүктесінде барлық оқиғалардың сызықтары қиысады;

  • әлемдегі генерирленген ақпарат гипотезасы бойынша, асыра күрделі бағдарламаларды жүзеге асыратын компьютерлерді шығару.

Финалистік АҰ-ң болжаған әлемнің жабық моделі типін таңдауға еш ғылыми негіздер жоқ. Финалисттік АҰ-ды ғылыми принцип сияқты емес, адамзат дамуының алыс перспективаларының болжамы деп қарағанымыз жөн. Өзінің әлеуметтік-мәдени бастаулары мен оны растайтын ғылыми дәлелдерінің жоқтығына қарамастан, финалисттік АҰ-ды эвристикалық деуге негіз бар. Ол ескі идеялар мәнін өршітумен қатар, жаңа мәндерді шығарады. Постклассикалық ғылым рухына сай, ғылыми білім құрылымына ол адами өлшемді енгізді. Әрине, бұл болашаққа деген философиялық-дүниетанымдық болжам ғана, оның космологиялық тексеру әдістері түсініксіз, тіпті мүлде жоқ болуы мүмкін. Бірақ кейін финалисттік АҰ когнитивті жоспардың нақты зертеулеріне негіз болуы ықтимал. Космологиялық мәліметтер олардың интерпретациялау мүмкіндіктерімен толыққандағы АҰ-ң күрделі құрылымын зерттеу философияның ғылымға әсерін тереңінен түсінуге мүмкіндік береді.
Сонымен, ХХ ғ. соңы мен ХХІ ғ.-ң басындағы космологияда өмір мен сана кездейсоқ және эфемерлі феномендер емес, әлемнің онтологиялық орталығын құраушы ретінде көрінеді. Бұл көзқарастардың адамның ғарыштық болашағындағы орны қандай болары белгісіз. Бірақ бүгінгі күннің өзінде космологияның жаратылыстық, техникалық таныммен
ғана емес, әлеуметтік-гумнитарлық таныммен де байланыстылығы күшейгенін көріп отырмыз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   58   59   60   61   62   63   64   65   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет