онтологиялықнегіздері Заңнамашының субъектік ерігі мен қалауына тәуелсіз, объективтік құқықтық мәнді легистік терістеу жане құқықты заңға (позитивтік
құқыққа) келтіру, онтологиялық тұрғыда алғанда, легистер (позитивистер мен неопозитивстер) түсінігінде құқық болмысы дегеніміз бұл эмпириялық шындықтағы (және осы позитивтік мағына) құбылыстың, яғни ресми-биліктік сипаттағы анықталған феноменнің нақты тіршілігі. Берілген феноменнің шындығы (және позитивтігі) тиісті ресми құжаттың мәтінітүрінде ұсынылады және ол нормативті– құқықтық акт пен құқық көзі тұрғысында түсіндіріледі (ұғындыларды және интерпретацияланады).
Легистердің (позитивистер мен неопозитивистер, әсіресе аналитикалық юриспурденция өкілдері) акт мәтінін юридикалық– догматикалық талдауда, оны легистік лингвистика және герменевтика (мәтінді түсіндірудің теориясы) тұрғысынан түсіндіруге ұмтылуының, қызығушылық танытуының астары осында жатыр. Сонда, легистер үшін, осындай акт мәтінін талдау шеңберінен шығатынының бәрі, метафизикалық, бейреалды, бейпозитивті болып саналады. Осындай бейпозитивті ұғымдар, идеялар, қағидалар, принциптер ( мысалы: құқық мәні, құқық идеиясы, табиғи құқық, жатсынбайтын адам құқы және т.т.)
– легизм қағидасы бойынша, тек жалған сөздер, тілдік иллюзиялар және софизмдер. Сөйтіп, онтологиялық және сол сияқты гносеологиялық сипаттағы (құқықтағы мән мен құбылыс туралы, ерекше реттегіш ретінде құқық болмысы туралы және т.б.) ұғымдық – мағыналық мәселелер, дұрыс сөз қолдану туралы легистік пайымдаулармен, көзқарастармен ауыстырылады.
Легистік құқық онтологиясы феноменалистік сипатта болып, феномен (құбылыс) ретіндегі құқық құқықтық мәнінен айырылады. Мұнда құқық болмысы бірден- бір объективтік негізге тәуелді болмай, тұтастай және түгел билік беделімен, оның өзіндік субъективтік ұйғаруы және шешімдерімен анықталады.
Ертеде табиғи құқықты көне гректер адам табиғатымен байланыстырған, оның өмір сүру құқығын, өзінің табиғи қажеттілігін қанағаттандыруын, ләззаттандыруға құқығын, «нан және көрініске» және де сол уақытта – аскезаға құқығын, жеке бас бостандығына құқығын байланыстырады.
Антикалық кезеңде қалыптасқан табиғи құқық туралы көрініс өзінің өрнектелген түрінде бүгінгі күнге жетіп, «адам құқықтары» идеясында туындады. Осыған сәйкес табиғи құқықтар туралы көріністердің тарихи эволюциясы жеткілікті көрсетімді, немесе ол көзқарастардың өзгеруін, адамның қоғамдағы орны мен рөлін мемлекеттің адамға және адамның
мемлекетке қатынасын білдіреді. Табиғи құндылықтар шеңберінде адам өзін табиғаттан бөлектемейді. Ол онымен етене жақын. Оның ішкі және сыртқы табиғаты бар ырғақта болады. Еуропа өркениетінің тарихындағы сол бір ырғақтағы адамның қасқағым сәттегі сулбасы антиктегі Фидий мен Поликлеттің мүсіндерінде бейнеленген. Онда құдайдың бейнесі мен құдай әсемділігі адамның бейнесі мен әсемділігімен етене жақын. Адамның әрбір іс-әрекеті құдайдың атымен жабылады, құдайлар адамдардың жұмысына басшылық етеді.
Жасандының табиғимен байланысты дұрыс түсінікті мінез-құлығы Демокрит бойынша әдепте, саясатта, көзқарастарда әділеттіліктің белгісі болып табылады. Грек софистері табиғат заңдарына (фюзис) полис заңдарына (номос) қарсы қойып салыстырған. Мұнда олар номастың көп нәрсеге күштейтіндігін, оның табиғатқа қарсы екендігін негізге алды.
Платон Сократтың позициясын өңдеді. Платонның ойынша, заңдар мен әділеттілік – ол бір нәрсе, олардың негізінде құдіретті идеалды бастама жатыр. Одан басқа, ол мемлекеттік құрылымның типтері (аристократия, олигархия, демократия және тирания) мен табиғи қалыптасқан адамдардың түрлерінің арасынан байланыс табады. Әрбір мемлекеттің түрі ішкі тартыстардан, қарама-қайшылықтардан, қиянат етудің арқасында опат болады. Мемлекеттің жақсы түрі – ол «орта» мемлекет, онда «орта» элемент бәрінен биік тұрады: мінез-құлықта – қоңырсалқындық, мүлікте - орташа тұрмыс, билік етуде – орта адамдар.
«Орта» адамдардан тұратын мемлекетте ең жақсы мемлекеттік құрылыс болады – деп Аристотель айтқан.
Аристотельде құқықтың екі түрге бөлінуі туралы айқын позициялардың бірі айтылады. Еуропалық құқықтық ойдың одан арғы тарихында не адамның табиғи табиғатына акценттелген назарды немесе басқа да бастамада: құқық нормаларын рациональді және ақылмен шығаруда.
Табиғи құқықтың қалыптасуы мен оның төңірегіндегі пікір сайыстар философиялық мектептердің қатарын туғызды: стоиктар, киниктер, эпикурлықтар. Адамның табиғи құқығы оның рухани – діни іздеулерінің мызғымайтын құқығы болып табылуы туралы мәңгі таластарының талдауының тақырыбы болды. Ағарту дәуірінде француз ағартушылары Вальтер мен Руссоның көзқарастарын табиғи құқықпен, бостандық және теңдік атты құндылықтармен байланыстырған.
Табиғи құқықтың құндылықтарымен, ресейлік тарихшылардың, құқықтанушылардың, философтардың (Б.Н.Чичерин, П.А.Сорокин, Н.А. Бердяев, В.С.Соловьев, П.И.Новогородцев) концепциялары байланысты болған. Мысалы, П.И.Новогородцев былай деп жазды: «Табиғи- құқықтық қалыптасулар біздің рухымыздың қасиеті және оның жоғарғы құдіреттілігінің куәсі болып табылады. Егер, идеалды құрылымдарды
тудыруды тоқтатқан қоғам болса, онда – ол өлген қоғам болар еді». Н.А. Бердяев, орыс өмірінің стилін адам жанының ерекшеліктерімен байланыстыра отырып былай деп жазды: «Ресей - әлемдегі ең мемлекетсіз, ең анархиялық мемлекет... Орыс халқы азат мемлекет пен мемлекеттегі бостандықтан гөрі мемлекеттен бостандықты және жер құрылғысы туралы қамқорлықтан бостандықты қалайтын секілді... Ресей
- Батыстың алдыңғы қатарлы халықтарына белгісіз тұрмыстық бостандықтағы ел. Орыс адамы рухының үлкен жеңілдігімен әрбір буржуазиялық жеңеді, әрбір тұрмыстан, әрбір реттелген өмірден құтылады...»
Қазіргі заманда адамның табиғи құқықтарының қатарына ақпарат алуға құқығы мен білім алуға құқығын жатқызуға болады. Бұл құқықты абақтыларда және колонияларда жатқан сотталғандар да қолдана алады.
Э. Фромм «Табиғи» деп адамның, оның өмір сүру жағдайларынан туындайтын қажеттіліктерін айтады. Ол бұл қажеттіліктерге «Салауатты қоғам» атты еңбегінде мынадай мінездемелер береді:
Жеңу мен шығарушылық бұзушылыққа қарама-қарсы; Түптамырлық пен ағайыншылық қанауысушылыққа қарама-
қарсы;
Тепе-теңдік және жеке бастық сезім үйірлі конформизмге
қарама-қарсы.
Мұндай бағалаулардың үлгісі ендігі айтылған соғыстарға көзқарас болып табылады. Бұл көзқарасты әр замандардың өкілдерінің айтуларынан мысал келтіруге байқап көрелік:
Демокрит (460-370 жж.): соғыс – ерегесуші екі жаққа да тиетін зардап.
Платон (427-347 жж.): соғыс – жеке және қоғамдық қасіреттердің негізгі көзі. Әсіресе оған эллидар арасындағы соғыстар қас. Бұдан құтылудың жолы - әділетті заңдарда.
Т.Гоббс (1588-1679 жж.) адам – эгоистік тіршілік иесі; ол атақ құмарлық пен қанағатсыздыққа құмар.
Оны қарсыластары мен жаулары қоршайды; адам адамға – қасқыр; қоғамда бәрінің бәріне қарсы соғысынан құтылу мүмкін емес – бұл адамзат тегінің табиғи қалпы; табиғатта бейбітшілікке ұмтылу да қалыптасқан; жол табу – мемлекеттің абсолютті билігінде; кімде-кім билікке ие болса, сол заңдардан тысқары; мемлекет адам ағзасы сияқты; азаматтық соғыстар - оның ауруы; тәртіптік күшпен қамтамасыз етуге ұмтылған озбырлардың сілтемесі бейбітшілікке ұмтылуға емес тонау тонаушылыққа ұмтылуға шақырылған: егер басқарушылыр қоғамдық келісім – шартты бұзса, онда халық мемлекетті заң жолына қою мақсатына қарулы көтеріліске шығуға құқылы. Соғысу құқығын әрбір мемлекет жеке-дара иемденеді, бейбітшілік құқығы- бұл кем дегенде екі
мемлекеттің құқығы; соғыс тек қана бейбітшілік мақсатта жүру керек: мемлекеттердің өзара көмегі қажет.
Табиғи құқық құндылықтары жоғалмайтынын білу керек. Олар таза адамгершілік құндылықтардың сферасында жарым-жарты заңдастырылып қалады, мемлекеттік құқықпен статусқа ие бола жарым- жарты сіңіріледі және өмір сүруге жалғастырады, жарым-жарты бөлектерді қоғам қабаттарында, өнерде айналған түрде, дастанда, фольклорда, тұрмыс түрлерінде, заттық мәдениет ескерткіштерінде, тілде аман сақталады. Барлық табиғи құқық, тарихтың әр түрлі дәуірлерінде ойлауға, жаңаруға рұқсат етеді: қайта өрлеу заманында ХІҮ-ХҮІ ғасырлардың, замандастарды концепцияларда «адам құқықтарының», адамның жаңа құқықтары көрінеді, табиғи мағына тауып алады. Қажетті білім алуына, еңбекке, әлеуметтік қамтамасыз етуге хабарға құқық бар. Бүгін табиғи құқықтардың статусы анықталмайды, олар заңмен бекітілген бе немесе жоқ па? Ол олардың қоғамдық және гуманисттік маңыздылықпен анықталады. Оқиғаларда заң қоғамдық құрылымдар тағы- кепіл болады (мүгедектердің қоғамдары, творчестволық одақтар, жариялық қорғаныш қоры, солдаттық аналарының ұйымы), бұл көмектесушілердің жүзеге асыруда құқықтары.
Табиғи ой дамуымен қатар мінез дамуы және құқығы, орын алады- ғылыми, саяси, басқа бағыт мемлекеттік мадағы жақын келеді. Мына көзқарастың құқық құрылымы саналы, іске асады, саяси институттарда және заңдық жүйеде, заңгерлік салтпен және нормалардың мұқият дифференцациясымен байланыстырады. Сондай құқық позитивтік құқық атын алды. Тарихтағы оны ең жарқын беттері рим құқығы болып келеді.
Оның онтологиясы бойынша, құқық болмысы екі қарама-қарсы формада берілген: құқықтың нағыз болмысы формасында (бұл табиғи құқық болмысы) және дүдамал болмыс формасында (бұл позитивтік құқық тіршілігі). Табиғи құқықтың өзінің және болмысының нағыздылығы деп- анықталған мән ретіндегі алдын ала берілген (құдай, табиғат, парасат және т.т.) құқықты ақиқи мағынасы бар құқық ретінде ұғыну. Осы обьективтік мән дегеніміз – құқықтық ақиқи, нағыз болмысы. Обьективтік мәннің нағыздылығы, сөйтіп, өзінде тікелей тіршіліктің, өмір сүрудің қасиетін сақтайды.
Құқықтың нағыз болмысы ретіндегі табиғи құқық болмысы шынайы өз бітімінде көрініс табады, өйткені мұндай бомыс, - құбылыс түріндегі берілген мәннің біруақыттағы әрі мәндік болмысы, әрі тікелейлік тіршілігі (әрекеті). Табиғиқұқықтық мән нағыз болмыстың формасы мен ауқымында өмір сүреді және өзінің жүзеге асуы мен әрекеті үшін өзге болмысқа мұқтаж емес (нағыз болмыс, оның көріну формалары, тіршілігі және әрекетінен өзгеде).
Осы онтология түсінігінде құқықтың өзге болмысы (яғни құқықтың нағыз болмыстан тыс өмір сүруі, сыртқы құбылыс формасында, ақиқи мәнге барабар бомай, айырмашылығы) дүдамал (жасанды, қалауынша) құқықтың дүдамал болмысында көрсетілген, яғни позитивтік құқықтың тіршілігі мен әрекетінде берілген. Осы көзқарас, осындай тұрғыда қарастыру нәтижесінде біруақытта, бір мезгілде бір-біріне тәуелсіз екі құқықтың (құқық болмысының екі формасы) – нағыз (табиғи) құқық және дүдамал (позитивтік) құқықтың өмір сүруі мен әрекетінің пайда болуы шығады.
Құқық болмысының екі формасының (нағыз және дүдамал) ажыратылуынан шығатын табиғиқұқықтық онтология, легистік көзқарастың (құқықтың объектитвтік мәнін терістеу және т.б.) кемшіліктерін дұрыс сынай келе, бірақ дегенмен, басқа сыңаржақтыққа бой ұрады- құқық өзге болмысынның қажеттілгі терістеу, яғни мемлекет орнықтырған, белгілеген жалпыміндеттік құқықтық құбылыс формасындағы құқық мәнінің көрнісі (жүзеге асуы, өмір сүруі, әрекеті) - құқықтық заңды (құқық мәніне сәйкестелген позитивтік құқықты ) бекерге шығару.