І. Жансүгіров атындағы жетісу


Анығында, құқықтың нағыздылығы -



бет78/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100
Анығында, құқықтың нағыздылығы - мән түріндегі оның тек ақиқаттығы ғана емес, сонымен бірге оның жалпыміндеттік құқықтық құбылыс түріндегі шындығы болып табылады.
Либертарлық онтология бойынша, құқық болмысы – құқықтық заңның, яғни құқықтың объективтік мәнін (формалды теңдік принципінің қасиеттері мен талаптары) көрсететін, білдіретін позитивті- құқықтық құбылыстың реалды, шынайы, болымды болмысы. Құқық болмысы, оның өмір сүріуі мен әрекеті құқықтық мән мен құқықтық құбылыстың қажетті байланысын ұйғарады, ал олардың өзара байланысты бірлігі дегеніміз қоғамдық қатынастардың ерекше формасы айрықша реттегіші түріндегі құқық болып табылады.
Либертарлық онтология біржақтылық, сыңаржақтылық көзқарастарға қарсы бағытталған; атап айтқанда, құқықты жалпыміндеттілік құбылыс түрінде, өзімен-өзі болып өмір сүретін, өзінің сыртқы көрінісін білдірмейтін әлдебір идеалды мән ретінде түсінетін юснатуралистерге қарсы, және сонымен бірге құқықтық-объективтік құқықтық мәні жоқ әлдебір жалпыміндеттік құбылыс ретінде түсінетін легистерге де қарсы бағытталған.
Құқық болмысы, формасы түріндегі құқықтық заңда құқықтық мән (формалды теңдік) жалпыміндеттік құбылыс түрінде (яғни заң мәні, позитивтік құқық түрінде) көрініс табады (және өмір сүреді), ал жалпыміндеттік құбылыс (заң) берілген құқықтық мәннің көріну формасы болып және тек сонда ғана құқықтық құбылыс түрінде (құқықтық заң түрінде) білінеді, өмір сүреді және әрекет етеді.
Либертарлық онтология бойынша, формалды теңдік (яғни құқықтық мән) – жалпыміндеттік позитивті – құқықтық құүбылыстың (заңның ) мәні, ал жалпыміндеттік позитивті – құқықтық құбылыс (заң) – осы объективтік құқықтық мәннің (формалды теңдік) көрінуінің және нақтылауының мемлекеттік формасы. Құқық болмысы өзінде, іштей өзара байланысты және бірін–бірі ұйғаратын құқық қасиеттері мен сипаттарының бүкіл жиынтығын, құқықтық мән мен құқықтық құбылыстың қажетті бірлігі түріндегі құқықты, адамдардың қоғамдық өміріндегі теңдіктің, еркіндіктің және әділеттіктің жалпыміндеттілік формасы түріндегі құқықты сақтайды.
Либертарлы-юридикалық онтология көзқарасы тұрғысынан алғанда жалпыміндеттелген мемлекеттк заң (яғни құқықтық заң) формасындағы теңдік, еркіндік және әділеттіктің тарихи жетілген сатысы мен өлшемінің шынайы-практикалық нығайуының түбегейлі маңызы бар, өйткені онсыз құқықтық болымыс та, құқықтық құбылыс та болмақ емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   74   75   76   77   78   79   80   81   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет