қабілеттілігі мен құқық субъектілігі бітімін мойындау әрі растау түріндегі қоғамдық қатынастардағы индивидтер еркіндігі болып табылады.
Құқық тарихы-формалдық (құқықтық) теңдіктің мазмұны, көлемі, мөлшері
және өлшемінің дамудағы тарихы, осы принцип кез келген құқық жүйесіне, жалпы құқыққа тән. Адамдар қатынасындағы еркіндік пен құқықтың тарихи дамуының әртүрлі кезеңдеріне еркіндіктің өзіндік мөлшері және өзіндік өлшемі, өзіндік субъекттер ортасы және еркіндік пен құқық қатынастары,
бір сөзбен айтқанда, формалдық (құқықтық) теңдік принципінің өзіндік мазмұнына тән. Сөйтіп, формалды теңдік принципі құқыққа әрқашан тән-тарихи өзгерістегі мазмұн принципін негізге алады.
Жалпы алғанда формалдық теңдік принципінің мазмұны, көлемі, әрекет өрісінің тарихи эволюциясы құқыққа тән бола тұрып, өзге әлеуметтік реттеуліктерден (мораль, дін және т.б.) ерекшеленеді. Осыны ескере отырып былай айтуға болады:
құқық дегеніміз қоғамдық қатынастардағы адамдардың формалдық теңдік принципі арқылы еркіндікті нормативтік формада білдіруі.
Еркіндік тұрғысындағы құқық пәнінің негізгі қарастыратын мәселелерінің бірі.
Еркіндік пен теңдік бөлінбейді
және бірін-бірі өзара ұйғарады. Бір жағынан алғанда, еркіндіктің адами өлшемінің бастапқы және анықтаушы бітімі еркін индивид болып табылады - ол жалпы алғанда