І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет81/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100
Легистік заңның (позитивті құқықтың) «құндылығы» - бұл оның ресми жалпыміндеттілігі, биліктік императивтігі, ол оның әйтеуір бір объективтік (биліктік бұйрықтық емес) құқықтық негізге сүйенген жалпымаңыздылығы емес. Мұны неопозитивист Кельзеннің радикалды көзқарасынан айқын байқауға болады, оның ойынша құқық тек бұйрық түрінде, норма түрінде ғана құндылыққа ие. Осы мағынада (бұйрық ретінде, норма ретінде) ол құқықты міндеттену формасы сипаттайды.
«Шындығында – дейді ол, құқық тек норма болғандығынан ғана құндылығын сақтайды ».
Анығында, мұндағы Кельзеннің нормасы – теңдік нормасы да емес, еркіндік формасы да емес, әділеттік нормасы да емес, бұл – таза міндеттену – бұйрығы. Ол өзінде құқықтың формалды – құқықтық

сипатынан ештеңені де сақтамайды. Кельзендік норма «және сонымен бірге құқық формасы» - кез келген өз қалауынша алынған позитивті – құқықтық мағынаға императивті – бұйрықтық статус пен сипат беру үшін жеткілкті болатын міндеттіліктің «таза» формасы.
Табиғи құқықтық аксиология түсінігі бойынша табиғи құқық өзінде
«нағыз» құқықтың объективтік қасиеттері мен құндылықтарын сақтайды және сондықтан позитивтік құқық пен оған сәйкес құқықорнықтыратын билікті (заңшығарушыны, тұтастай мемлекетті), құндылықты бағалау (шындығында - негативті) үшін міндетті үлгі, мақсат және критерий ретінде қалыптасады. Сонда табиғи құқық өз табиғатында, болмысында әдептілік (діни, моралдық және т.б.) құбылыс түрінде танылып, соған сәйкес абсолюттік құндылыққа әуел бастан ие болады.
Сөйтіп, табиғи құқық ұғымына құқықтың әртүрлі, әрқилы объективтік қасиеттерімен бірге (адамдардың теңдік принципі, олардың еркіндігі және т.т.) әртүрлі моральдік (діни, әдептілік ) сипаттамаларда кіреді. Осындай құқық пен моральдің (дін және т.б.) араласуының нәтижесінде табиғи құқық әртүрлі әлеуметтік нормалардың симбиозы ретінде, позитивтік құқық пен позитивтік заңшығарушы (мемлекеттік билік) туралы құндылықты пікір айтатын (әдетте, теріс пікір) әлдебір әдепті-құқықтық (немесе моральді – құқықтық, діни-құқықтық ) кешен түрінде көрініс табады. Осы тұрғыда алғанда позитивтік құқық пен мемлекет өзіндік құқықтық критерийі (табиғи құқыққа сәйкес объективтік құқықтық қасиеттері) жағынан бағаланбай (құндылық тұрғыда), шын мәнінде этикалық позициядан, осы берілген қағида өкілдерінің құқықты әдептілік (моральдік, діни және т.б.) өлшемі мен мазмұны жағынан бағалауы болып табылады. Сөйтіп, табиғи құқықтың осындай әдепті-құқықтық қасиеттері мен мазмұндық сипаттарының жиынтығы жалпыланған түрде табиғи құқықтың әмбебаптық және абсолюттік әділеттігіне позитивтік құқық пен мемлекеттік қызыметтің сәйкес келуі қажеттілігін талап етеді.
Сонда әділеттік формалды–заңи мағынада емес, әділеттік немесе аралас әдепті-құқықтық құбылыс түрінде, әрбір табиғиқұқықтық қағида үшін ерекше ұғым түрінде, демек, шектелген және шынайы әдептілік (немесе аралас әдепті-құқықтық) мазмұнда қалады. Сондықтан әділеттіктің әртүрлі табиғиқұқықтық қағидалары - олардың әдептілік (немесе аралас әдепті-құқықтық), әмбебаптық және абсолюттік құндылыққа жету талабы, ұмтылысына қарамай - шын мәнінде салыстырмалы құндылыққа ие, сондықтан жалпы әдептілік туралы релятивистік ойлау шеңберінде, құқықтың тек әдептілік құндылығын білдіру шеңберінде қалып қояды.
Көрсетілген кемшіліктер тек дәстүрлі юснатурализм қағидаларына ғана тән емес, сонымен бірге табиғи құқық идеялары мен
ойтопшылауларын негізге алатын бұрынғы және қазіргі заманғы философиялық ілімдердің құқықтүсінуіне де тән.
Сонымен бірге табиғиқұқықтық көзқарас өкілдерінің шүбәсіз жетістіктеріне – құқық құндылығы мәселелерін қою зерттеуді, барлық адамдардың еркіндігі мен теңдігі идеясын, табиғиқұқықтық әділеттікті, адамның туа біте және жатсынбау құқығын, билікті құқықтық шектеуді, құқықтық мемлекетті және т.б. жатқызуға болады.
Либертарлық аксиология тұрғысынан қарастырғандағы құқықтық құндылығы – құқықтық теңдік, еркіндік және әділеттік түріндегі түбегейлі адами құндылықтарының әмбебаптық, қажетті және жалпыміндетті көрінісінің формасы болып табылатындығында.
Сонда, нақты қатынастардың формасы, құқықтық формасы (және сонымен бірге осы құқықтық форманың формалды компоненттері – теңдік, еркіндік, әділеттік) ретіндегі құқықты, құқықтық формамен жанамаланатын және реттелетін нақты қатынастардың өзімен, қоғамдық қатынастардың нақты мазмұнымен шатастыруға болмайды. Осы түсінік бойынша теңдік, еркіндік және әділеттік – бұл болымдағы, фактілік формалдықтар емес,құқықтық формалдықтар,бұл құқық пен құқықтық форманың формалды - мазмұндық (материалды-мазмұндық емес, эмпириялық емес) компоненттері, қасиеттері және сипаттары.
Аксиологиялық тұрғыдағы құқықтың осындай юридикалық- формаланған қағидасы – мәселенің мәні- моральдік, әдептілік, діни және басқа да бейқұқықтық құндылықтарда емес, атап айтқанда, дәл осы құқықтық құндылықтарда екенін тиянақтайды. Ал құқықтық құндылықтар- құқық пен құқықтық форманың абстрактты әмбебаптығы болуына орай – өзінің айқындамасында әмбебаптық және жалпымаңыздылық (осы мағынада салыстырмалы емес,абсолютті) сипат алады. Сөйтіп, өзінің аксиологиялық бітіміндегі құқық, табиғиқұқықтық көзқарасқа тән моральдік (немесе аралас моральдік-құқықтық) құндылықтардың формаланбаған жай бейнесі ретінде ғана емес, керісінше, атап айтқанда, құқықтық құндылықтардың қатаң айқындалған формасы ретінде, барлық өзге (моральдік, діни және т.б.) міндеттену формалары мен құндылық формаларынан өзгеше, құқықтық міндеттенудің ерекше формасы ретінде көрініс табады.
Міндеттенудің құқықтық формасының құндылықтық мағынасын осылай түсіну – тек табиғиқұқықтық қарастырудан ғана емес, сонымен бірге осы мәселені позитивистік тұрғыда қарастырудан да түбегейлі өзгешелікте болады.
Міндеттенудің құқықтық формасының моменттері тарапындағы адам болмысының негізгі құндылықтарын (теңдік, еркіндік,әділеттік) құқықтық (формалды-құқықтық) түсіндірудің осы берілген қағидасы құқықтың құндылық статусын (құндылық түріндегі құқық ауқымы
құрамы, пәрмені, әлеуеті, құндылықтар жүйесіндегі және міндеттену формаларындағы құндылық міндеттеу түріндегі құқық ерекшклігі және т.б.) айқындайды және тиянақтайды. Құқықтық құндылықтардың осы бітімі, позициясымен мәнділік ауқымындағы құқықты байланыстыру және оған релевантты (міндеттеу түріндегі, мақсат түріндегі, құқықтық мағына мен маңыздың қайнар көзі, талап ету негізгі түріндегі құқық) барлық феномендердің құқықтық мағынасын айқындау керек.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет