І. Жансүгіров атындағы жетісу



бет28/100
Дата08.02.2022
өлшемі480,4 Kb.
#121097
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100

Сұрақтар мен тапсырмалар:


    1. Ғылымның статусы және мазмұны.

    2. Ғылымның әлеуметтік статусы.

    3. Ғылым танымдық қызмет ретінде.

    4. Әлеуметтік институт ретіндегі ғылымның ерекшеліктері.

    5. Ғылым мәдениеттің ерекше формасы.

    6. Ғылым және қоғам.

    7. Ғылым және философия: өзара қарым қатынас тарихы.

    8. Ғылым мен философия қарым қатынасының негізгі концепциялары.

    9. Дүниеге діни көзқарастың ғылымға әсері.

    10. Ғылымды зерттеудегі негізгі философиялық парадигмалары.



    1. Ғылым - білімнің ерекше көрінісі


Ғылыми және ғылыми емес білім түрлерінің шегі ауыспалы, сондықтан ғылымдық өлшемдерді

өңдеу бойынша қомақты жұмыстар бір шешім бермеді. Біріншіден, ғылымның даму тарихында ғылымдық өлшемдер үнемі өзгеріп отырған. Ерте Грекияда ғылымның басты қасиеттері дәлдік пен белгілік, логикалық дәйектеме, сынға ашықтық, демократизм болды. Ортағасыр ғылымында негізгі қасиеттер теология, схоластика және догматизм болды, «сана ақиқаты»
«наным ақиқатына» бағынды. Жаңа дәуірдегі ғылымдық негізгі өлшемдер – жалпылық және мәндік, заттық, қағидалық және эмпирикалық негіздеме, жүйелілік, практикалық пайдалылық болды. Ғылымның өзі бақылаушылықтан қағидалық және эксперименталдық қызметке айналды, өзінің арнайы әдістері мен тілін қалыптастырды.
Соңғы үш жүз жылда ғылым ғылымдық қасиеттерді анықтау мәселесіне де түзетулер енгізді. Бастапқыдағы ғылыми білімге тән дәлділік пен белгілік ғылыми білімнің гипотетикалығына орын берді, яғни ғылыми білім мүмкіндік сипатқа ие болды. Қазіргі ғылымда субъект, нысан және ғылыми таным құралдары арасында қатаң шектеу болған жоқ. Нысан түр алған білімнің ақиқаттылығын бағалауда ғылыми зерттеулердің алынған нәтижелерінің қызмет құралдары мен операцияларының ерекшеліктерімен қатыстылығын ескеру қажет, сонымен бірге ғылымның құндылық- міндеттік белгілері мен жалпы ғылыми қауымдастықпен қатысын есепке алу керек. Бұның бәрі ғылымдық өлшем абсолюттік сипатта емес, ғылыми білімнің мазмұны мен статусы өзгергенде ауысатындығын көрсетеді.
Екіншіден, ғылымдық өлшемдердің қатынастық сипаты зерттелетін заттың көп аспектілігімен, көп түрлігімен, білімді қалыптастыру тәсілдерімен, оның шынайылық әдістері және өлшемдерімен анықталады. Қазіргі ғылымда ғылымның үш түрін бөліп қарастырады - табиғи, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық. Табиғи ғылымда ойлаудың әр түріне негізделген

түсіндіру әдістері негізгі болса, ал әлеуметтік- гуманитарлық білімде интерпретация және түсіну әдістері негізгі болады.
Заттық және жалпылық ғылыми білімнің бөлінбес бүтіндігін, тұтастығын көрсетеді. Ғылыми білімнің мәнділігі (мәні, заттылығы) оның жалпылық сипатына негізделеді. Ғылымның түпкі мақсаты практикалық қызметтегі заттың өнімге түрлену үрдісі болады. Ғылыми әрекет осы заңға жауап берсе, нәтижелі болмақ. Сондықтан ғылымның негізгі міндеті – соларға сәйкес нысанды өзгертетін және дамытатын заңдылық пен байланыстарды анықтау. Нысанды зерделеу – ғылыми танымның басты ерекшелігі. Жалпылық, заттық сияқты адамның рухани өмірінің басқа түрлерінен ғылымды өзгеше етеді. Ғылымда субъективтік фактор рөлін атқара алатын, таным нәтижесіне әсер ететін құралдар үнемі дамыса, онда өнерде керісінше, суретшінің шығармасы құндылық қатысы тікелей көркем бейнеге енген. Әрине бұл ғалымның жеке қасиеттері мен құндылықтары ғылыми шығармашылықта және ғылыми нәтижеге мүлдем әсер етпейді дегенді білдірмейді. Ғылымда ең бастысы – жалпы байланыстар мен заңдылықтарға бағынатын затты құрау, адам әрекеті затты зерттеу қорытындысы негізінде нәтижелі болуы. В.С Степиннің пікірінше, ғылым оның байланыстарына тән анықталған затты құрай алмаса, онда оның тартылысы сол жерде аяқталады деген.
Ғылыми таным жүйелілігі ғылымның барлық жағын сипаттайды, (оның мазмұнын, ұйымдасуын, құрылысын, принцип түрінде алынған нәтижесін көрсетуін т.б.) ғылыми танымның ерекше қасиеті болып табылады. Таным ғылым сияқты жалпы нағыз әлемді тануға тырысады, бірақ ғылыми таныммен салыстырғанда адамның тіршілік ету үрдісінде төтенше құрылады. Білім жүйеленбеген: әртүрлі ақпарат көздерінде алынатын нысандар туралы кейбір түсініктер. Ғылыми таным әрдайым және бәрінде жүйеленген. Жүйе бір-бірімен байланысты белгілі бір бүтінді, тұтастықты құратын қосалқы (кіші) жүйелер мен элементтер жиынтығы екені белгілі. Бұл мәнде ғылыми білім – зерттелетін әлемнің принциптерімен заңдылықтарымен келісілген категориялар, заңдар, принциптер бірлігі болады. Ғылымның жүйелігі оның ұйымдастыруында көрінеді. Жаңа ғылым синергетиканың мәні – күрделі өзіндік ұйымдасқан жүйе болса, ал ғылыми әдістер ішінде жүйелік талдау, бүтіндік принципін іске асыратын әдістер кең таралуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   100




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет