өңдеу бойынша қомақты жұмыстар бір шешім бермеді. Біріншіден, ғылымның даму тарихында ғылымдық өлшемдер үнемі өзгеріп отырған. Ерте Грекияда ғылымның басты
қасиеттері дәлдік пен белгілік, логикалық дәйектеме, сынға ашықтық, демократизм болды. Ортағасыр ғылымында негізгі қасиеттер теология, схоластика
және догматизм болды, «сана ақиқаты»
«наным ақиқатына» бағынды. Жаңа дәуірдегі ғылымдық негізгі өлшемдер – жалпылық және мәндік, заттық, қағидалық және эмпирикалық негіздеме, жүйелілік, практикалық пайдалылық болды. Ғылымның өзі бақылаушылықтан қағидалық және эксперименталдық қызметке айналды, өзінің арнайы әдістері мен тілін қалыптастырды.
Соңғы үш жүз жылда ғылым ғылымдық қасиеттерді анықтау мәселесіне де түзетулер енгізді. Бастапқыдағы ғылыми білімге тән дәлділік пен белгілік ғылыми білімнің
гипотетикалығына орын берді, яғни ғылыми білім мүмкіндік сипатқа ие болды. Қазіргі ғылымда субъект, нысан және ғылыми таным құралдары арасында қатаң шектеу болған жоқ. Нысан түр алған білімнің ақиқаттылығын бағалауда ғылыми зерттеулердің алынған нәтижелерінің қызмет құралдары мен операцияларының ерекшеліктерімен қатыстылығын ескеру қажет, сонымен бірге ғылымның құндылық- міндеттік белгілері мен жалпы ғылыми қауымдастықпен қатысын есепке алу керек. Бұның бәрі ғылымдық өлшем абсолюттік сипатта емес, ғылыми білімнің мазмұны мен статусы өзгергенде ауысатындығын көрсетеді.
Екіншіден, ғылымдық өлшемдердің қатынастық сипаты зерттелетін
заттың көп аспектілігімен, көп түрлігімен, білімді қалыптастыру тәсілдерімен, оның шынайылық әдістері және өлшемдерімен анықталады. Қазіргі ғылымда ғылымның үш түрін бөліп қарастырады - табиғи, техникалық және әлеуметтік- гуманитарлық. Табиғи ғылымда ойлаудың әр түріне негізделген