Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы



Дата02.05.2020
өлшемі34,64 Kb.
#65472
Байланысты:
Ағыбай Асылжан Қызметтік хат


Қожа Ахмет Яссауи атындағы Халықаралық қазақ- түрік университеті

Факультеті: Филология факультеті



Кафедра: Қазақ филологиясы кафедрасы


Пәні: Мемлекеттік тілде іс – қағаздар жүргізу

Тақырыбы: Қызметтік хат

Қабылдаған : Ергубекова Жанат

Орындаған: Ағыбай Асылжан

Тобы: ФҚФ- 811



Күрделі деңгей:

Қызметтік хат және оның түрлері. Ақпараттық хат. Баяндау хат. Ресми хат туралы мәліметтерді көрсетіңіз.



Орта деңгей:

Ақпараттық хат және оның мазмұндық ерекшелігі туралы жазыңыз.



Жеңіл деңгей:

Қызметтік хаттар

Қ ызметтік хаттар – іс қағаздарының көп тараған түрлерінің бірі.Қызметтік хаттар басқа кәсіпорындармен, мекемелермен әртүрлі мәселелер бойынша ресми байланыстар жасау үшін жүргізіледі.

Қызметтік хаттар – кәсіпорынның, ұйымның, мекеменің, жеке тұлғалардың өзара негізгі байланыс арналарының бірі болғандықтан, ол мекемелермен, жеке тұлғалармен хабар алысу құралы қызметін атқарады, әртүрлі мәліметтер жіберуге, оқиғалар туралы ақпараттар беруге мүмкіндік береді.

Қызметтік хаттар – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады.

Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында да болуы мүмкін. Қызметтік хаттар мәтінінде көбінесе құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер көбірек баяндалады. Қызметтік хаттар арқылы алдын ала келіссөздер жүргізіліп маңызды мәмілелер жасалады. Кәсіпорындар арасындағы қарым-қатынастар анықталады, талап-шағымдар айтылады, ұсыныстар жасалады, өзара пайдалы ақпарат алмасу іске асырылады. Қызметтік хаттар ресми түрде мекеменің атынан жазылатын болғандықтан мұнда қызметтен тыс мәселелер қозғалмайды. Әр хаттың өзіндік мақсаты бар, сондықтан ол осындай мақсатқа қол жеткізетін үлгіде жазылуы тиіс7

Сыпайылық пен дәлдік іскерлік хат-хабарлардың ажырамас бөлігі болып табылады. Маңызды мемлекеттік қайраткерге жазылған хаттардың мәнері әдеттегідей іскерлік хаттарға қарағанда ресми және құрмет білдіру сипатында болғаны жөн.

Іскерлік хаттарды дайындау барысында мына жайды есте ұстау керек, хаттар арқылы оларды жазып отырған адам ғана емес, оның артында тұрған ұйым да бағаланады. Нәтижесінде хат адамға немесе ұйымға жақсы бедел әкеледі немесе керісінше болып шығады.

Бүгінгі заман талабына сәйкес құжаттық лингвистика мен іс қағаздар тілінде қызметтік хаттардың әртүрлі жағдаяттарға байланысты жазылатын көптеген түрлері кездеседі.

Қызметтік хаттардың түрлері:

• Қызметтік жеке хаттар

Ұсыныс хат

• Ақпарат хат

• Ресми хат

• Жолдама хат

• Сұраныс хат

• Жауап хат

• Ескертпе хат

Циркуляр хат

• Баянхат

• Кепілхат

• Талап ету хаты

• Ілеспе хат

• Түсінікхат

Ақпараттық хат

Ақпарат хат – белгілі бір ұйымда, мекемеде алдағы уақытта өткізілетін қандай да бір іс-шараға байланысты мәлімет беру, хабар беру мақсатында басқа мекемелерге жазбаша жіберілетін құжат.

Үлгі Ақпараттық хат

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, филология, әдебиеттану және әлем тілдері факультетінің қазақ филологиясы кафедрасы 2014 жылдың 24 сәуірінде «Қазақ тілі және жалпытүркілік кеңістік: болашағы мен жетістіктері» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.

Конференция жұмыстарының негізгі бағыттары

• қазақ тіл білімінің өзекті мәселелері: лингво-мәдениеттанымдық, этнолингвистикалық, социолингвистикалық, лингвопоэтикалық зерттеулер;

• қазіргі қазақ тіліндегі коммуникативті және функциональды зерттеу бағыттары;

• әлем кеңістігіндегі түркітану ғылымы: кеше, бүгін, болашағы;

• тіл біліміндегі қазіргі басымдықтар мен жаңа бағыттар: мәдениаралық қатысым, тілді зерттеудің когнитивтік, концептуалдық жүйесі;

• тілді меңгертудің теориясы және оқытудың инновациялық технологиялары.

Конференция жұмысы қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Тіркеу 2014 жылдың

24 сәуір күні сағ. 9.00-де жүргізіледі. Басталуы сағ. 10.00-де.

Конференция материалдары бойынша арнайы жинақ шығарылады. Конференцияға қатысу үшін автор өзі туралы қысқаша мәлімет, мақала, ұйымдастыру жарнасын (4000 теңге көлемінде) жіберуі тиіс.

Мақала 2014 жылдың 30 қарашасына дейін қабылданады. Көлемі 8 беттен аспауы тиіс. Файлдық форматы – RTF. Қазақ және орыс тіліндегі мәтіндерге – Tіmes New Roman шрифті қолданылады, 14 кегль, мәтін ішінде айырықшаланатын сөздер курсивпен теріледі.

Пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме мәтіннің ішінде жақшаға алынып беріледі. Мысалы, [1:45]; пайдаланылған әдебиеттердің тізімі мақала мәтіннің соңында сілтеме түрінде, пайдаланылу ретіне әйкес жасалады.

Пайдаланылған әдебиеттер туралы мәліметтер мынадай үлгіде беріледі:

1. Қайдар Ә. Қазақ тілінің өзекті мәселелері. – Алматы: Ана тілі, 2012. 302 б.

2. Касенова Ш. Қазақ мәдениетіндегі концептілік өрістер – ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы –2008. – №22. – 4-6 б.

Ұйымдастыру комитеті жарық көретін материалдарды сұрыптап барып жариялайтындығын ескертеді. Конференцияға қатысты қаражатты қатысушы өзі төлейді. Мақалалар мына мекенжай бойынша қабылданады: 050040, Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, әл-Фараби даңғылы 71, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті қазақ филологиясы кафедрасы (315 -бөлме).

Қызметтік хат

Қызметтік хат – қандай да бір жұмыстың орындалуы туралы бір лауазымды тұлғаның екінші бір лауазымды тұлғаға жолдауы. Қызметтік хат бір бөлімшеде дайындалып, қызметтік мәселелерді шешуге екінші бөлімшеге жолданатын құжат болып табылады. Қызметтік хаттар ақпараттық, бастамалық немесе есеп беру сипатында болуы мүмкін. Мәтінде құрылымдық бөлімшеге немесе лауазымды тұлғаға қатысты іскери мәселелер баяндалады.

Үлгі:


Тапсырманың орындалуы туралы

Түркістан қаласының әкімі

Арман Жарболов мырзаға

Қызметтік хат

Осы жылдың 19 қазанында Қызылорда қаласы Сырдария ауданы әкімі аппаратына келіп түскен азамат Аманов Ерсұлтанның өтініші бойынша, Сіздің тапсырмаңыздың орындалуы жайында төмендегілерді хабарлаймын.

Осы жылдың 21қазан күні өтініш беруші Аманов Ерсұлтанмен телефон арқылы әңгімелестім. Әңгіме барысында ол Қызылорда қаласы Сырдария ауданында Қауіпсіздік, қорғаныс және құқық қорғау академиясының филиалын ашу туралы мәселе көтерді.



ҚӘңгімелесу нәтижесінде ол Қызылорда қаласы Сырдария ауданы әкімінің бірінші орынбасары Қартаев Ақсұңқардың 12. 11. 2003 жылы қабылдауына жазылды.
Қызылорда қаласы Қазалы ауданы

әкімінің орынбасары ___________________ А.Ағыбай

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет