1) І.Жансүгіровтің алғашқы оқыған мектебі.
2) «Күйші» поэмасындағы хан.
3) «Қоңырым» деп Ілиясты еркелетіп өсірген:
4) І.Жансүгіровтің «Көбік шашқан» поэмасында қай күйші туралы айтылады?
5) Ілияс ақынның «Саусақайы салбырап, екі беті албырап…» деп басталатын өлең кімге арналған?
6) «Құлагер» поэмасындағы Сағынайдың асы қай жерде өтеді?
І.Жансүгіров қай жылы Ташкенттегі екі жылдық мұғалімдік курсқа түседі?
8) «Құлагер» поэмасында аттың сынын дәл айтқан ат сыншысы.
І.Жансүгіровтің «Сағанақ» жинағы қай жылы, қай қалада шықты?
10) І.Жансүгіровтің 300 жылға жуық тарихты қамтитын тарихи-философиялық поэмасы қалай аталады? 11) Талдықорған педагогикалық институтына Ілияс Жансүгіровтің аты қай жылы берілді?
12) І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасында кімнің асы сипатталады?
13) 1928 жылы Ілияс Жансүгіров қай газетке жұмысқа араласады?
14) Ақынның «Әнші апама» өлеңі кімге арналған?
15) І.Жансүгіров Мәскеудегі Журналистика институтында қай жылдары оқыды?
16) Ілияс аударған «Евгений Онегин» кімнің шығармасы?
17) І.Жансүгіровтің әдеби музейі қай жылы ашылды?
18) «Құлагер» поэмасында аталатын орыс ақындары?
19) І.Жансүгіров қай жылы ВерныйдағыҚазақ ағарту институтының директоры болып тағайындалады. 20) Ақын қай өлеңінде аң-құс атауының 51 түрін, өсімдіктің 89 түрін түгендеп танытады?
21) «Қобызшы – Молықбай шал Матайдағы,
Матайда - Кенже, Тұңғат Сақайдағы.
Қазақта қобызшының қалғаны сол,
Жорға еді маймаңдаған бақайшағы»,- деген үзінді І.Жансүгіровтің қай туындысынан алынған?
22) І. Жансүгіровтің қай поэмасында Атырау алабы туралы баяндалады?
23) І.Жансүгіровтің «Сағанақ» жинағына алғы сөз жазған ақын?
24) «Құлагер» поэмасындағы Ақан серінің туған жері.
25) Қай жылы І.Жансүгіров Қазақстан жазушылар одағының алғашқы төрағасы болып сайланды.
26) «Ауылыма ай, күн болам!…» . I.Жансүгiровтің қай өлеңі осы жолдармен аяқталады?
27) «Үш бәйтеректі» ата.
28) І. Жансүгіровтің «Жетісу суреттері» өлеңінің жазылған жылы.
29) І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасы қай жылы жазылған?
30) Ілияс Жансүгіров қай жылы ақталды?
31) І.Жансүгіровтің «Тұлпарға» өлеңі кімге арналған?
32) «Құлагер» поэмасы қай жылы жазылды?
33) І.Жансүгіровтің «Жолдастар» романы қай жылы жарыққа шықты?
34) «Құлагер» поэмасында Күреңбай сыншы Құлагерді қандай тұқымнан шыққан дейді?
35) I.Жансүгiровтің туған жері?
36)Бүгінгі күнгі ілиястанушыларды ата.
37) «Күйші» поэмасындағы Күйшінің басына бостандық алып, еліне барып шерткен күйі ?
38) «Құлагер» поэмасындағы Көктұйғын кімнің тұлпары?
39) І.Жансүгіров шығармаларын жазғанда кімді поэзияның туы етіп көтеріп, үлгі тұтты?
40) «Ерте, ерте, ерте еді, ел шапқанның еркі еді» деп басталатын өлеңі
41)«Құлагер» поэмасында Ақан сері Құлагерінен айрылған бөлімі қалай аталады?
42)І.Жансүгіровтің «Күй» поэмасында қандай күйдің шығу тарихы туралы айтылған?
43) «Бөл-бөл бөбек, бөл бөбек…» жолдары І.Жансүгiровтің қай өлеңінен алынған?
44) І.Жансүгіровтің Г.Гейнеден аударған шығармасы?
45) Ілияс аудармаларын ерекше бағалаған жазушы?
46) Жетісу мемлекеттік университеті алдындағы алаңға І.Жансүгіров ескерткіші қай жылы орнатылды.
47) «Құлагер» поэмасында бәйгеге қосылатын аттардың жиналатынын суреттейтін бөлімі:
48) І. Жансүгіровтің «Күйші» поэмасындағы ханның қарындасы.
49) І.Жансүгіровтің «Көбік шашқан» поэмасында айтылатын теңіз.
50) «Күй» поэмасындағы қобызшының аты.
51) І.Жансүгіров «Еңбекші қазақ» газетіне қай жылы жұмысқа орналасады?
52) «Тарих дейтін шал болам!» дейтін өлең жолдары қай поэмадан?
53)Ақынның жары Ф.Ғабитова қай өңірдің тумасы?
54) І.Жансүгіров аударған «Ақынға» өлеңінің авторы?
55) Ілиястың туған анасы?
56) І.Жансүгіровтің бірінші жазған мақаласы?
57) І.Жансүгіровтің «Үмітайға» өлеңі кімге арналған?
58) «Бөрі Мұқан, бай Мұқан» атты кейіпкер ақынның қай поэмасынан?