І. Кинематика
1. Механикалық қозғалыс. Механиканың негізгі есебі. Материялық нүкте:
1. Денелердің орын ауыстыруын, қозғалысын зерттейтін физиканың негізгі бөлімі
А) Механика.
В) Кинематика.
С) Оптика.
D) Электродинамика.
Е) Электростатика.
2. Механиканың негізгі есебі
А) дененің Жерге қатысты орнын анықтау.
В) қозғалыс бағытын анықтау.
С) дененің үдеуін анықтау.
D) траекторияның кез-келген нүктесіндегі дененің жылдамдығын анықтау .
Е) кез-келген уақыт кезеңіндегі дененің координатасымен мен жылдамдығын есептеу.
3. Қайсы жағдайларда адамды материялық нүкте деп санауға болады?
Адам үйінен жұмысқа бара жатыр.
Адам кемемен саяхатта жүр.
Адамның бойын өлшегенде.
A) 1,3.
B) 1,2.
C) 2,3.
D) тек 3
E) 1,2,3.
4. Төменгі жағдайлардың қайсысында денені материалық нүкте деп есептеуге болады?
A) Дискіні Жерден 1 м биіктікке көтеріп қойды.
B) Дискі 1 м қашықтыққа домалап барып тоқтады.
C) Спортшы дискіні 50 м қашықтыққа лақтырды.
D) Дискі 1 м биіктіктен жерге түскенде.
E) Дискіні станокта жасап тұр.
5. Мына жағдайлардың қайсында ғарыш кемесiн материялық нүкте ретiнде қарастыруға
болады?
А) Кеме орбита бойымен ұшқанда;
В) Зауыттың арнайы цехында кеменi құрастырғанда;
С) Кеме старт алаңында тұр;
Д) Екi ғарыш кемесi түйiсу алдында;
Е) Көрсетiлген жағдайлардың барлығында;
6. Футболшыны материялық нүкте деп санауға болатын жағдай
1. Ол алаңның ортасынан қарсыластарының қақпасына қарай жүріп
бара жатыр.
2. Ол төрешімен таласуда.
3. Дәрігер оған көмек көрсетуде.
А) 1,2.
В) тек 1.
С) 1,3.
D) 1,2,3.
Е) 2,3.
7. Жерді материялық нүкте деп алуға болмайтын жағдай
A) Жердің 1 жылдағы Күнді айнала қозғалу жолын анықтағанда.
B) Жер экваторының ұзындығын есептегенде.
С) 1 ай ішінде Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жолын анықтағанда.
D) Жерден Күнге дейінгі ара қашықтықты тапқанда.
Жердің орбита бойымен Күнді айнала қозғалу жылдамдығын есептегенде.
8.Дене материялық нүкте мына жағдайда бола алады:
1.Ұшақ Астанадан Москваға ұшып келді .
2.Ұшақ «өлі тұзақ»сызып жүр.
3. Коньки тебуші мәре сызығын кесіп өтті.
A) 1,2
B) 2
C) 3
D) 1
E) 2, 3
Достарыңызбен бөлісу: |