I. Кіріспе. Асқазан диспепсия синдромы


Инструменталдық зерттеулер



бет8/8
Дата11.05.2024
өлшемі466,65 Kb.
#201965
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Алмабаев 1 іа

Инструменталдық зерттеулер:

  • 1. ЭФГДС те ойық жаралы ақаудың болуы, асқазан ойық жарасы кезінде гистологиялық зерттеу, қатерлі ісікке айналуды жоқтығын білу үшін.
  • 2. Сілемейлі қабықтағы Нр бар жоқтығын зерттеу. Helicobacter Pylori диагностикасы анамнезде асқазан мен ұлтабардың ойық жара аурулары, сонымен қатар ойық жара ауруы мен анамнездегі олардың асқынулары бар барлық науқастар үшін міндетті (А). Helicobacter Pylori анықтау бойынша диагностикалық араласуларды, шаралардың тиімділігін бағалау үшін, эрадикациялық терапияны бастауға дейін, сонымен қатар ол аяқталғаннан кейін жүргізу қажет.

Лабораторлық зерттеулер

  • Қанның жалпы анализінде: постгеморрагиялық анемия, ретикулоцитоз, қан сарысуында жəне зəрде амилаза белсенділігінің артуы (ойықжараның ұйқыбезге тесілуінде немесе реактивті панкреатитте). Бауыр биохимиялық сынамаларының өзгеруі мүмкін (бейспецификалық реактивті гепатитте АЛТ, АСТ белсенділігінің артуы, қабынбалық-деструктивті процесске фатер емізігінің кіруі кезінде тура билирубин). Ойықжарадан қан ағу кезінде нəжістегі жасырын қанға реакция оң болады.
  • НР болуы микроскопиялық, серологиялық тесттермен жəне уреазды тыныстық тестпен (төменнен қара) расталады.

Емі

  • Дәрі дәрмексіз ем
  • Диета №1 (1а, 15) аурудың клиникалық көріністерін тудыратын жəне күшейтетін тамақтарды алып тастау (мысалы, ащы приправалар, маринадталған жəне қақталған өнімдер). Тамақтану дүркін дүркінді, тəулігіне 5~б рет.
  •  

Медикаментозды емі

  • Бірінші тізбектегі терапия
  • Протондық насос ингибиторлары (омепразол* 20 мг, рабепразол* 20 мг) немесе ранитидин-висмут-цитрат* стандартты дозада + кларитромицин* 500 мг + амоксициллин* 1000 мг немесе метронидазол* 500 мг; барлық дəрілік заттарды 7 күн бойы күніне 2 реттен қабылдайды.

Екінші тізбектегі терапияны қолдану

  • Бірінші тізбектегі препараттардың тиімсіздігі кезінде ұсынылады.
  • Протондық насос ингибиторлары стандартты дозада күніне 2 рет + висмут субсалицилаты 120 мг күніне 4 рет + метронидазол** 500 мг күніне 3 рет + тетрациклин** 100-200 мг күніне 4 рет.
  • Негізгі дəрі дəрмектер тізімі:
  • 1. *Амоксициллин 1000 мг, табл.
  • 2. *Кларитромицин 500 мг, табл.
  • 3. **Омепразол 20 мг, табл.
  • 4. *Пантопразол 40 мг, табл.
  • 5. *Рабепразол, 20 мг, табл.
  • 6. *Висмут трикалий дицитраты 120 мг, табл.

Госпитализациялау үшін көрсетімдер:

  • - Ертеде асқынған асқазан мен ұлтабар ойық жара ауруы.
  • - Асқынудың тез айқын клиникалық көріністерімен ойық жара ауруы: күшті ауру сезім синдромы, құсу, диспепсиялық бқзылыстар.
  • - Ауыр ағымдағы H. pylori мен бірлескен, эрадикацияға көнбейтін ойық жара ауруы.
  • - Қатерлі ісікке айналып кетуді болдырмау мақсатында, бай отбасылық анамнез кезіндегі ойық жара ауруы.
  • - Өзара бай синдромымен ойық жара ауруы (қосымша аурулар).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет