Емдеу мақсаты: · аурудың толық ремиссиясына қол жеткізу · атрофияның әрі қарай күшеюін және асқынулардың дамуын ескерту Емдеудің негізгі міндеттері: · қышқылдық-пептикалық фактор белсенділігін төмендету; · асқазанның секреторлық-моторлық функциясын қалпына келтіру;
Дәрі-дәрмексіз емдеу және жалпы іс-шаралар
Диета:
тамақтану толыққанды және әр түрлі;
тамақтану режимі бөлшектік, тәулігіне 6 ретке дейін, ұсақ порциялармен;
асқазанда ұзақ болатын заттар, асқазан секрециясы стимуляторлары, АІЖ механикалық және химиялық тітіркендіргіштерін шектеу;
өте ыстық және өте суық тағамдарды алып тастау;
Медикаментозды емі
Протонды помпа ингибиторлары – ИПП күшті антисекреторлық препараттар болып табылады. Олар ауыру синдромын және диспепсиялық күйзелістерді тоқтату мақсатымен, сондай-ақ тез ремиссияға жету үшін болып табылады
Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары ИПП қарсы көрсетілімдер немесе төзгісіз жағдайларда қолданылуы мүмкін 2-желілі препараттар болып табылады. Сондай-ақ Н2 гистаминді рецепторларының блокаторлары ИПП бірге толықтырушы терапия ретінде пайдаланылуы мүмкін.
Антацидтер асқазан ішілік рН> 3 деңгейін тәулігіне 4-6 сағат ішінде қолдауға қабілетті, ол монотерапия ретінде қолдануда олардың жеткіліксіз жоғары тиімділігін анықтайды. Осыған қарамастан СГ бар науқастар антацидтерді ауырсынуларды және диспепсиялық шағымдарды тоқтату үшін қабылдайды, ол көбіне рецептісіз жіберумен және олардың әрекеттерінің жылдамдығымен түсіндіріледі .

Микробқа қарсы препараттар H. Pylori қауымдастырылған СГ қолданылады. Эрадикациялық мақсатпен ИПП үйлестіруде аминопенициллиндер (амоксициллин), макролидтер (клатримицин) стандартты емдеудің тиімсіздігінде резерв препараттар және желі препараттары ретінде пайдаланылады: фторхинолондар (левофлоксацин), нитроимидазолдар (метронидазол), тетрациклиндер және висмут препараттары.