І. Кіріспе Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты



бет1/2
Дата08.02.2022
өлшемі30,43 Kb.
#119537
  1   2
Байланысты:
жаңа баяндама
Зертханалық жұмыс 8- санау жүйесі, Лебедь и собака

Білім беру қызметкерлерінің кәсіби өсуі – білім берудің жаңа сапасын қамтамасыз етудің шарты
Баяндама
І. Кіріспе
Қазіргі білім беру жүйесінің мақсаты
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әр жақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Бала қабілетін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 07 желтоқсандағы №1118 Жарлығымен бекітілген «Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында» қоғамның және экономиканың индустриялық – инновациялық даму сұраныстарына сәйкес техникалық және кәсіптік білім жүйесін жаңғырту қажеттігі тұжырымдалғаны тегін емес. Қазіргі заманғы білім беру жүйесіне оқытудың инновациялық әдістерін енгізу экономика мен әлеуметтік саланы дамытуда маңызды рөл отқарады. Демек, осы бағдарламаны іске асыру нәтижесінде елімізде білім алушылар үшін баршаға бірдей сапалы білімге, үздік білім беру ресурстары мен технологияларына қол жеткізуге кеңінен жол ашылып, коммуникативтік және кәсіптік құзыреттілікті дамыту мүмкін болмақ.
Білім беру адамның дүниені тану процессін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс-әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамыту жеке тұлғаны қалыптастыру нәтижесі.
Білімді адам деп – қабілеті өте жоғары дамыған көп жағдайларды түсінетін кей кезде оқығанын қолдана білетін білімді дұрыс ойлай алатын жоғарғы қасиетті адам. Көріп отырғанымыздай білім беру ұғымы тек қана оқытудың нәтижесі білім, іскерлік және дағды ғана емес, сын көзбен қарап ойлай білетін айналадағы құбылыстарды адамгершілік тұрғысынан бағалай білетін адамның өзіне деген қарым-қатынас іс-әрекетін шексіз өрістету.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет