Бала тік отырады, басын кемінде 10 секунд ұстайды. Бала тепетеңдікті ұстау немесе сүйену үшін қолын пайдаланбайды.
Еңбектеу 5,2-13,5
Бала қолдары мен тізелерін кезек-кезек ауыстырып, еңбектеп алға және артқа қарай қозғалады. Бауыры еденге тимейді. Кемінде қатарынан үш рет ұзақ және жүйелі қимылдайды.
Сүйеніп тұру 4,8-11,8
Бала қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) екі қолымен ұстап, бірақ теңселмей аяғына тұрады. Денесі тіреуішке тимейді, бүкіл негізгі салмағы аяғына түседі. Сөйтіп, бала сүйеніп кемінде 10 секунд тұрады.
Сүйеніп жүру 5,9-13,7
Бала арқасын тіктеп тұрады. Қозғалмайтын заттан (мысалы, жиһаз) бір немесе екі қолымен ұстап, алға қарай не жанына бір қадам жасайды. Бір аяғы денесінің салмағын ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Сөйтіп, бала кемінде бес қадам жасайды.
Өз бетімен тұру 9,9-16,9
Бала арқасын тіктеп екі аяғын басып (бірақ аяғының ұшымен емес) тұрады. Аяқтары салмағын 100% ұстап тұрады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді. Өз бетімен кемінде 10 секунд тұрады.
Өз бетімен жүру 8,2-17,6
Бала арқасын тіктеп, өз бетімен кемінде бес қадам жасай алады. Бір аяғы салмағының басым бөлігін ұстап тұрғанда, екінші аяғын алға басады. Бала басқа адамға немесе затқа сүйенбейді.
«Баланы бүлдіршін жастан дамыт» картасы
0-ден 3 ай
Етпетінен жатып, басын көтереді
Етпетінен жатып, қолын, одан соң шынтағын тірейді
Алдындағы және айналасындағы заттарға көзін тоқтатып қарайды
Бір тілім нанды немесе печеньені қолымен ұстап, жейді
Баланың ұйықтау уақытын есептеу:
1 жасқа дейін 22 – ½ m , m – айы
1 жастан жоғары 16 – ½ n , n- жасы.
Есту қабілеті. Туа сала нәресте тек қатты дыбыстарды естиді, 2 жұмадан бастап өз анасының дауысын ажырата бастайды, ал 6 айдан бастап дауыстың екпінін ажыратады: зекіп ұрысқанға жылайды, жылы сөзге күледі.
Дәм айыру қабілеті туғаннан бастап жақсы дамыған (қант қосқан суды жақсы ішеді).
Дене сезімі өте жақсы дамыған шымшу, түрту, жоғары температура тағы басқа факторларға тыжырынып, қозғалып, жылап жауап қайтарады. Баланың орталық нерв жүйесі тез қозғыш және тез тозғыш. Жаңа ортаға, жаңа жүздерге бала әсершіл болады, бірақ, біраздан кейін бала шаршап мазасызданып кетеді. Баланың бірқалыпты жайбарақат нерв жүйесінің қалыптасуы үшін сабырлы орта керек.