І. Кіріспе ІІ. Кәсіпкерлік түсінігі



бет1/4
Дата08.02.2022
өлшемі261,78 Kb.
#124981
  1   2   3   4
Байланысты:
Серғалы Айша бөж4
Саба ты та ырыбы Ток к зіні Электр оз аушы к ші мен ішкі кед, блум, 3 тоқсан БЖБ №2 (копия), Презентация Microsoft PowerPoint (2), 9-сынып 3-тоқсан тжб (копия), 9 соч, 9-с химия 3-тоқсан №2 БЖБ (копия)

Алматы Технологиялық университеті
Тақырыбы:Кәсіпкерлік мәні,қалыптасуы мен дамуы
Дайындаған:Дизайн 21-11
Серғалы Айша
І.Кіріспе
ІІ.
1.Кәсіпкерлік түсінігі
2.Кәсіпкерліктің қалыптасуы мен дамуы
3.Кәсіпкерлік қабілеттілік
ІІІ.Қорытынды
Кіріспе
Кәсіпкерлік – нарықтық экономиканың барлық институттарына енетін неғұрлым жекеше жағдайы. Қызметтің бұл түрі, көбінесе, адамның жеке басымен – кәсіпкермен байланысты. Ол жаңа істі қолға алады, жаңа енгізілімді іске асырады, тәуекелдікке бас тігеді. Қазақ тілінде кәсіпкерлік пен бизнес сөздері синонимдер ретінде қолданылады, бірақ кей жағдайларда екі әр түрлі мағына білдіруі мүмкін.
1.Кәсіпкерлік, кәсіпкерлік қызмет – тәуекелге бел буып жасалынатын экономикалық әрекет, тауарларды өндіру және сатудан, іс-шарадан,көрсетілген қызметтерден, істелген жұмыстардан жүйелі пайда алуға бағытталған дербес қызмет. Осы мақсатта өзінің мүліктік жауапкершілігі кепілдігі, материалдық емес активтер, сондай-ақ кәсіпкердің жеке еңбегі немесе сырттан тартылған еңбек күші пайдаланылады. Кәсіпкердің жұмсаған ақшасы өтелетеніне, өндірілген тауар пайдамен сатылатындығына кепілдік болмайды. Осыған байланысты меншікті жартылай немесе толықтай жоғалту қауіпі бар.
Көптеген елдерде кәсіпкерлік қызмет жасау үшін ресми тіркелу талап етіледі, алайда оның шарттары мен өлшемдері әр түрлі болуы мүмкін. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес, кәсіпкерлік жұмыс заңды тұлғамен немесе заңда белгіленген тәртіппен тіркелген жеке тұлғамен (жеке кәсіпкер) басқарылуы мүмкін. 
Кәсіпкер (Entrepreneur ) Француз тілінен енген сөз. Ол алғаш рет 1723 жылы қолданылды. Қазіргі таңда «кәсіпкер» жаңа кәсіпорынды басқару қабілетімен бастама және инновация енгізеді деп анықталады. Әйгілі экономист Роберт Рейчтің айтуы бойынша, тим билдинг, 
көшбасшылық және басқару қабілет кәсіпкерге ең керек қабілеттер. Кәсіпкерлікті зерттеу тарихы 17 ғасырдың соңы мен 18 ғасырдың басында классикалық экономиканың құрылтайшылары Ричард Кантилион мен Адам Смиттің жүргізіген зерттеулерінен басталады.
«Кәсіпорын» термині «шағын бизнес» терминімен жиі шатастырылады немесе өзара алмастырып қолданылады. Кәсіпорындардың көбісі шағын бизнестен басталса, шағын бизнестер кәсіпорынға теңесе бермейді. Көптеген шағын бизнестер тек иесінің ғана қолында болады немесе қызметкерлер саны аз болып келеді және осындай шағын бизнестердің біршама бөлігі нарықта бар өнімді, процесті немесе қыметті ұсынады және әрі қарай өсуге мақсат етпейді. Алайда, кәсіпорындар инновациялық өнімді, процесті немесе қызметті ұсынады және әдетте компанияны кеңейту мақсатында қызметкерлер санын көбейтеді, халықаралық нарыққа шығады және венчурлық капиталмен немесе періште инвесторлар арқылы қаржыландырылады. Табысты кәсіпорындардың бизнесті тиісті жоспарлау, ортаға бейімделу және әлсіз және күшті қабілеттерін түсіну арқылы оң бағытта жүргізу қабілеті бар.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет