Дұрыс әрекет ету іс – тәжірибесі. Жоспар: Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық



Дата18.06.2020
өлшемі181,71 Kb.
#73838
Байланысты:
дурыс арекет ету іс тәжірибесі (1)


Дұрыс әрекет ету іс – тәжірибесі.

Жоспар:

1. Дұрыс әрекет жалпыадамзаттық құндылық .

2. Дұрыс әрекетке тән қасиеттер.

3. Дұрыс әрекет ету іс – тәжірибесі.

«Дұрыс әрекет - мақсатқа жеткізер жолды  дұрыс

таңдаудан басталады»

Әл  - Фараби

Адам - өз тағдырының иесі.  «Гүліне  қарама, түбіне қара»

-дейді халқымыз.Жас кезімде әрдайым ізденіс үстінде

жүретінмін. Бір нәрсенің  соңына адал жүрек, ақ ниетпен

түссең, соның жемісін көресің. Бәрі ниетке байланысты,

    еш жерде есеп болмау керек. Қарапайым нәрсеге

риза бол. Сен өмірді жақсы көрсең қарапайым нәрселердің

  Тоқтар Әубакиров құндылығын мойындайсың.



Дұрыс әрекет құндылығы туралы...

Бақытты адам

Өзге адамдардың өзі туралы не ойлайтынын

уайымдамау

Танып – білуін

тоқтатпай жалғастыру

Үнемі жадырап,

күлімсіреп жүреді

Барлығынан

жақсылық көруге

тырысады

Әрқашан кішіпейіл

және риза

Осы сәтен өмір сүреді

Осы өмірдің бәрі

кемел еместігін біледі

Қоршаған ортаға

өз үлесін қосады

Дұрыс әрекетке тән қасиеттер

Әдеп: өзінің шынайы болмысын түсінуге негізделген. Дұрыс әрекет адам өмірінің негізі болуы керек.

Қанағат: тілек – қалау аамды әрекет етуге итермелейді және оның өміріндегі амал әрекетіне себепші болады.

Ынтымақтастық: жастары, әлеуметтік және экономикалық жағдайы өзгелермен үйлесімді өмір сүруге үйрету.

Тәртіп: адам іс-әрекетіндегі жетістігінің негізі. Бұл қасиет баланың бойына сәби кезінен бастап даруы керек.

Парыз бен ризашылық: әр адамның өз отбасы , өмір сүретін қоғамы мен елі алдындағы парызы мен міндеті бар.

Дұрыс ой: адамның Дұрыс әрекетке бастайтынтаза және асқақ ойы болуы керек.

Дұрыс сөз: тіл бұл шынайы тәрбиелілілктің көрсеткіші.Сауатсыз, дөрекі сөйлеу, ашу мен ызаға толы сөз адам днсаулығына кері әсерін тигізеді.

Дұрыс әрекет ету іс – тәжірибесі.

Тәннің үш дұшпаны:

Сөздің үш дұшпаны:
  • Үрей таратудан рахаттану
  • Жалған сөйлеу
  • Өсек айту

Ақылдың үш дұшпаны
  • Басқаның затына құмарлық
  • Көреалмаушылық
  • Арсыздық
  • АҚИҚАТҚА ЖҮГІНУ
  • ЖАҚСЫ МІНЕЗ
  • ДҰРЫС ІС ӘРЕКЕТ
  • СЕЗІМ МҮШЕЛЕРІН ҚАДАҒАЛАУ
  • ТӘРТІП
  • БАЙЛАНЫП ҚАЛМАУ
  • ҚИЯНАТ ЖАСАМАУ
  • РИЯСЫЗ ҚЫЗМЕТ

  • ЕТУ

Дұрыс әрекет аспектілері

Әл - Фараби туралы аңыз. Жүз мәрте.

Адам баласы тарихын зерттеп жүрген бір оқымыстының қолына Аристотельдің «Даңқ туралы» деген кітабы түседі. Тарихшы кітапты аяғына дейін ақтарып шығады. Кітаптың соңғы бетінен: « Мен бұл кітапты жүз мәрте оқып шықтым» деген жазуды көреді. Сөйтсе мұны жазған Әбунасыр Әл-Фараби екен. Әбунасыр ылғи да қолынан тастамай Аристотельдің «Физика» аталатын кітабын оқып жүреді. Бір жолдасы: Бұл кітапқа неге сонша қадалып қалдың?– деп сұрайды. Сонда Әбунасыр: Бұл кітапты қырық мәрте оқып шықтым. Сөйтсе де тағы оқып шығуым керек. Өйткені әлі толық ұғынып болған жоқпын – деп түсіндіреді. Әбунасыр еш уақытта қолына алған кітапты бір не екі мәрте оқып қоя салмаған. Мағынасын толық түсінгенше ерінбей-жалықпай оқи берген. Сөйтіп, кітапта айтылған жайлардың мағынасына ой жіберіп, жаңа ұғымдардың есігін ашып отырған. Сол есік арқылы өзі ішке кіріп, ғылым әлемінің таңғажайып сырларына қанған, гүлзарларын шарлаған.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет