Жалпы үй жануарлары туралы мәліметтерді оқу қызметінде
Қорытынды.
Ойын- баланың білім- білік дағдысын қалыптастыратын тәрбие құралы. Ойын дегеніміз - тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан-ойға жетелейтін, адамға қиялы мен қанат бітіретін осындай ғажайып нәрсе, ақыл ой-жетекшісі.Егер дидактикалық ойын сабақтың ортасында қолданса, онда мұғалімнің мақсаты оқушылардың көңіл-күйлерін сергіту, шаршағанды ұмыттырып ерік-жігерін дамыту.Ойын сабақтың соңында болса тақырыпты бекіту мен сол сабақтан алған білімді жинақтау мақсатында пайдаланылады. Демек, ойынның өзі- бала үшін біліктіліктің , тәлімнің қайнар көзі. Балаларға дидактикалық ойындарды ұйымдастырылған оқу қызметінде пайдаланып , жаңартып өткізіп отыруды өзім күнделікті үрдіске айналдырдым. Нәтижесінде , дидактикалық ойын арқылы мектепке дейінгі қабілетін арттыруда жеткем табыстарым төмендегідей:
Ойын кезінде балалардың белсенділігі артты;
Қиял елестері, ойлау қабілеті дамыды.
Қоршаған орта туралы дүниетанымы қалыптасты
Адамдармен тез тіл табысып, араласуға үйренді.
Баланың шығармашылық қабілеті мен дарыны ұшталды.
Ұлттық педагогика негіздерімен оқушыларды оқыту арқылы олардың өз халқын сыйлауға, туған тілін құрметтеуге үйренеді. Бұл оқушылар бойына бір-бірімен қарым-қатынас кезінде өзара кішіпейілділікпен қарауды, әдеп сақтауды, сыпайы сыйласуды қалыптастырады және соның нәтижесінде балалардың тіл мәдениеті жетіледі.
Пайдаланылған әдебиеттер
Мектепке дейінгі педагогиканың жалпы мәселелері
Мектепалды даярлық мектепте және балабақшада
Н.Құлжанова «Қазан төңкерісі және қазақ әйелі» «Қазақстан әйелдері» 1989,№11