Құрлық әскерлері - Қазақстанның аумақтық бүтіндігі мен үлттық құндылықтарын қорғауға; әскери қимылдар алаңында қарсылас агрессиясына тойтарыс беруге арналған көлемі ауқымды әрі ұрыс қимылдары мен әскери операция жүргізу әдістері және қарулануы бойынша әр алуан болып келетін Қарулы Күштердің бір түрі.
Құрлық әскерлерінің құрамына Аймақтық командалық басқармалары, десанттык-шабуылдау әскерлері, зымырандық әскерлер мен артиллерия кіреді. Олар әртүрлі қаруларды және техникаларды үйлестіре қолданады.
Әскер түрлеріне - мотоаткыштар, танк және артиллерия әскерлері, ал арнайы әскерлерге - инженерлік, химия, байланыс, радио және радиотехникалық, автокөліктік әскерлер және т.б. жатады.
Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері зениттік-зымырандық және радиотехникалык әскерлерден түрады. Зениттік-зымырандық эскерлер әртүрлі мақсаттағы ракеталық қондырғымен қаруланған. Зениттік-зымырандар объектіні кез келген қашыктықта, биіктік пен үшу жылдамдығына, жылдың тәулігі мен мезгіліне, ауа райының жағдайына және радиокедергілерге қарамастан жоя алады.
8
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
Есте сақта
Қазақсган Республикасы Әуе қорғаныс күштері мемлекеттің әуе шегарасын және әскерлерді қарсыластыңсоққысынан қорғайтын маңызды құрал болыптабылады. Олардың құрамына әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлері мен әскери әуе куштері кіреді.
Радиотехникалық әскерлер - әуе кеңістігін үздіксіз бақылап отыра- ды. Жаудың объектілерін, олардың координаттарын, жылдамдығын, үшу бағытын анықтайды және зениттік-зымырандық әскерлер мен авиацияға қарсыластың шабуылын қайтаруға, оларға тойтарыс беруге мүмкіндік жасайды.
Әскери эуе кціитері. Әскери әуе күштерінің негізін күшті зымырандық- пулеметтік қару-жарақпен және жетілдірілген радиоэлектрондық кондырғылармен жабдықталған реактивтік, дыбыстан жылдам үшатын авиация қүрайды.
Әскери әуе күштері майдан, эскери және эскери-тасымалдау авиацияларынан тұрады. Әскери әуе күштері өз міндеттерін орын- дау үшін әртүрлі мақсаттағы үшақтарды: жойғыш ұшақтар мен бомбалаушыларды, барлаушы және басқа да үшақтарды, сондай-ақ тікүшактарды пайдаланады.