Екпінді соққы - ядролық жарылыстың негізгі қиратушы факторы, өйткені көпшілік құрылыстардың, ғимараттардың қирауы мен зақымдануына, сондай-ақ адамдардың қырылуына, әдетте, оның әсері мол. Бұл жарылыс центрінен дыбыстан жоғары жылдамдықпен тара- латын катты қысылған ауа аймағы болып табылады. Ауаның алдыңғы кысылған шегарасы екпінді соққының қасбеті деп аталады.
Екпінді соққының зақымдаушы әсері шамадан тыс қысым мөл- шерімен сипатталады. Шамадан тыс қысым - бүл екпінді соққының қасбетіндегі ең жоғары қысым мен оның алдындағы қалыпты ат- мосфералық қысымның арасындағы айырма. Ол квадрат (шаршы) метрдегі ньютонмен (Н/м2) өлшенеді. Бүл бірлік паскаль (Па) деп аталады. 1 Н/м2 = 1 Па (1 кПа (0,001 кгс/см2). 20-40 кПа-дан артық қысым кезінде тасаланбаған адамдар жеңіл жарақаттар мен контузиялар алуы мүмкін. 40-60 кПа-дан артық қысым кезінде екпінді соққының әсері орта дәрежелі зақымдануға: естен тануға, есту органдарының зақымдануына, қол-аяқ буындарының шығуына, мүрын мен құлақтан қан кетуге әкеп соғады. Ауыр жарақаттар 60 кПа-дан жоғары артық қысым кезінде пайда болады және бүкіл ағзаның қатты контузиясымен, аяқ-қолдың сынуымен, ішкі органдардьщ зақымдануымен сипатталады. 100 кПа-дан жоғары артық қысым кезінде аса ауыр, көбінесе өліммен аяқталатын зақымданулар байқалады. Екпінді соққы таралатын қашықтық пен қозғалыс жылдамдығы ядролық жарылыстың қуатына байланысты болады: жарылыс орнынан қашықтык артқан сайын жылдамдық азаяды. Мы- салы, қуаттылығы 20 кт болатын оқ-дәрі жарылған кезде екпінді соққы 1 км-ді 2 с-та, 2 км-ді 5 с-та, 3 км-ді 8 с-та жүріп өтеді. Адам жарқылдан кейін осы уақыт ішінде тығылып, зақымданудан қорғана алады.
Жарықтық сәулелену -бүл көрінетін ультракүлгін және инфрақызыл сәулелерді қамтитын сәулелік энерпіяның ағыны. Оның қайнар көзі - жарылыстың қызған өнімдері мен қызған ауадан тұратын жарык беруші аймақ.
Жарықтық сәулелену қас-қағымда таралады және ядролық жарылыстың қуаттылығына қарай 20 с-қа дейін созылады. Алайда оның күші қысқа мерзімділігіне қарамастан теріні күйдіруге, адамдардың көру органдарын зақымдауға және тез тұтанатын материалдар мен объектілерді жандыруға қабілетті болады.
Жарыктық сәулелену берік материалдар арқылы өтпейді, сондықтан көлеңке түсіруге қабілетті кез келген тосқауыл жарыктық сәулеленудің тікелей әсерінен қорғайды және күюге жол бермейді. Жарықтык сәулелену түманда, жаңбырда, қар жауғанда айтарлықтай әлсірейді.