Радиоактивті зақымдану аймағы - бұл жерүстілік (жерастылық) және төменгі ауа қабатындағы ядролық жарылыстардан кейін жерге түскен радиоактивті заттардан зақымданған аумақ. Радиоактивті заттардан зақымдануын, негізінен, гамма-сәулелену жағдай жасайды. Иондаушы сәулеленудің зиянды әсері сәулелену мөлшерімен, яғни сәулеленетін зат көлемінің бірлігі сіңіретін энергиямен бағаланады. Бүл энергия қолданыстағы мөлшер өлшегіш аспаптармен өлшеніп рентгенмен (р) белгіленеді.
Есте сақта!
Рентген - бұл гамма-сәулеленудің құрғақ ауаның 1 см: көлеміндегі (температура 0 С мен қысым 760 мм болғанда) 2,083 млрд жұп ион туғызатын мөлшері.
Әдетте, сәулелену мөлшерін сәулелену уақыты (адамдардың зақымданған жерде болу уақыты) деп аталатын қандай да бір уақыт аралығында анықтайды.
Зақымданған жерде радиоактивті заттар шығаратын гамма-сәуле- ленудің қарқындылығын бағалау үшін «сәулелену мөлшерінің қуа- ты» (радиация деңгейі) түсінігі енгізілді. Мөлшердің қуаттылығы 1 сағаттағы рентгенмен (р/сағ), мөлшердің шамалы қуаттылығы 1 са- ғаттағы миллирентгенмен (мР/сағ) өлшенеді.
Радиация деңгейінің куаттылығы біртіндеп төмендейді. Мысалы, жерүстілік ядролык жарылыстан соц 1 сағаттан кейін өлшенген мөлшер қуаты 2 сағаттан кейін екі есе, 3 сағаттан кейін 4 есе, 7 сағаттан кейін 10 есе, 49 сағаттан кейін 100 есе азаяды.
Ядролык жарылыс кезінде радиоактивті зақымдану дәрежесі мен зақымдану ауданындағы радиоактивті бүлт ізінің мөлшері жарылыстың қуаттылығы мен түріне, метеорологи я лық жағдайға, сондай-ақ жер мен топырақтың сипатына байланысты болады. Радиоактивті бүлт ізінің мөлшерін шартты түрде аймақтарға бөледі (74-сурет):
- қауіпті зақымдану аймагы. Аймақтың сыртқы шегарасында радиация мөлшері (радиоактивтік заттардың бүлттан жерге түсу сәтінен бастап олардың толықтай ыдырауына дейін) 1200 р-ге, жарылыстан соц 1 сағаттан кейінгі радиация деңгейі - 240 р/с-қа тең;
138
‘Книга предоставлена исключительно в образовательных целях
согласно Приказа Министра образования и науки Республики Казахстан от 17 мая 2019 года № 217
Все учебники Казахстана на ОКЬЬУК.К^
74-сурет. Жерүстілік ядролық жарылыстан кейінгі радиоактивті бүлт ізі
қатты зақымдану аймаеы. Аймақтың сыртқы шегарасында радиация деңгейі - 400 р, жарылыстан соң 1 сағаттан кейінгі радиация деңгейі - 80 р/сағ;
орташа зацымдану аймагы. Аймақтың сыртқы шегарасында радиация деңгейі - 40 р/сағ, жарылыстан сон 1 сағаттан кейінгі радиация деңгейі - 8 р/сағ.
Иондаушы сәулеленудің эсер етуінің нәтижесінде адамдарда өтпелі радиацияның эсер етуі кезіндегідей сәуле ауруы пайда болады. 100-200 р мөлшері бірінші дәрежелі сәуле ауруын, 200-400 р екінші дәрежелі сәуле ауруын, 400-600 р үшінші дәрежелі сәуле ауруын, 600 р-дан жоғары мөлшер төртінші дәрежелі сәуле ауруын туындатады.
Төрт күн бойы 50 р-ге дейінгі бір реттік мөлшер, сондай-ақ 10-30 күн ішінде көп реттік сәулелену аурудың сыртқы белгілерін туындат- пайды және қауіпсіз болып есептеледі.
Баспаналар мен тасалану орындарын салған кезде олардың үстіне салынатын топырақты нығыздау және ылғалдандыру, сондай-ақ кіретін және шығатын есіктердің қосымша қорғанысын жасау ұсынылады.
Техниканың қорғаныстық кезінде сутек бар заттар (мысалы, полиэтилен) мен тығыздығы жоғары материалдардан (қорғасын) аралас қолданылады.