2.18.Стандарт «Лимфа түйіндеріне пальпация жүргізу техникасы »
1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп,ыңғайлы жағдай жаса (тұрғызып,отырғызып, жатқызып).
2. Лимфа түйіндерінің орналасқан жерлеріне саусақ ұштарымен айналдыра-жылжымалы қимылмен (жақасты, құлақ аймағы, бұғана асты, бұғана үсті, қолтық асты, шат аралық),сүйекке жақындатып сипалаймыз.
Қалыпты жағдайда лимфа түйіндері сипаланбайды.
2.19.Стандарт «Бүйрекке пальпация жүргізу техникасы»
Бүйрек пальпациясы екі қолмен жүргізіледі (бимануальды.)
1.Науқасты беліне дейін шешіндіріп, оған ыңғайлы жағдай (тұрғызып,жатқызып) жасау.
2.Сол қолдың алақанын бел аймағына ХІІ-қабырғадан төмен орналастыру. Оң қолымыздың бүгілген саусақтарын іш пердесіне қабырға доғасының астына перпендикулярлы, кіндік тұсынан 1см төмен, іштің тік бұлшық еттерінен сырқа орналастырамыз.
3.Теріні төмен қарай жылжытып,тер қыртысын жасаймыз.
4.Науқасқа терең демалуын өтініп, демалу кезеңінде шығарғанда оң қолды іштің ішкі жағына енгізіп, ал сол қолмен артынан басып тұрамыз. Науқасқа терең дем алуын өтінеміз.Дем алу кезінде,бүйрек төмен түскенде, саусақтың сырғанақ қимылымен оның алдыңғы бетін сипалаймыз.
Достарыңызбен бөлісу: |