І. «Клиникалық тексерулердің әдістері» стандарттары



бет3/32
Дата22.01.2022
өлшемі42,2 Kb.
#129613
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
І. «Клиникалы тексерулерді дістері» стандарттары

Жергілікті қарау-науқасты кезеңмен және жүйелеп қарау:

  • басын қарау;

  • бет әлпетін,көзін және қабағын,мұрнын,ауыз қуысын қарау;

  • мойнын қарау;

  • терісін және тырнағын;

  • тері асты май қабатынының дамуын;

  • лимфа бездерін қарау;

  • бұлшық ет жүйесін қарау;

  • буындарды қарау;

  • төменгі бөлікті қарау.


2.4. Стандарт «Пальпация жүргізудің жалпы ережесі»

  1. Бөлме жарық және тыныш болу керек.

  2. Науқастың және тексерушінің жағдайы тексеру жүргізуге ыңғайлы болу қажет.

  3. Тексерушінің қолы жылы және тырнағы қысқа болу керек

Тереңдік пальпация 4 кезеңді қамтиды:

І кезең- қолды орналастыру ережесі :

Оң қолдың саусақтарын сәл бүгіп науқастың іш пердесінің алдыңғы беткейіне мына тәсілмен орналастырады, бүгілген саусақтардың ұшы тексерілетін мүшенің төменгі шегіне параллель орналасуы қажет .



ІІ кезең- жиырылған тері қыртыстары сипалау кезінде қолдың қимылына және терінің созылуына кедергі жасамау қажет.

ІІІ кезең- оң қолдың бүгілген саусақтары іш пердесінің тереңдігіне енгізу, науқастың терең дем шығару кезінде және іш пердесінің алдыңғы бұлшық еттерінің босаңсу кезеңінде жүргізіледі

IV кезең- бүгілген оң қолдың саусақ ұшы тексеру мүшесінің беткейінде, іш пердесінің артқы қабырғасына тақап жүргізіледі.Осы кезде саусақ ұштары тексеру мүшесінің үстімен жылжиды, сонымен қатар тексерілген мүшенің орналасу жерін, пішінін, диаметрін(см), тығыздығын (консистенция), (жұмсак, тығыз), беткейінің тегіс немесе бүдірлігі, жылжымалылығын, ауырсыну сезімталдылығын және құрылдау даусын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет