Науқастың және тексерушінің жағдайы тексеру жүргізуге ыңғайлы болу қажет.
Плессиметр саусағы теріге тығыз орналстырылады.
Қаққылау саусағы плессиметр саусағына перпендикуляр орналасады.
Соққы білезік буының қимылы арқылы жүргізіледі.
2.6.Стандарт «Аускультация жүргізудің жалпы ережесі» Бөлме жарық және тыныш болу керек.
Аускультация кезінде науқас тексеруге ыңғайлы жағдайда тұрады, орындықта отырады немесе төсек қалпында жатады.Тексеру науқастың жалпы жағдайына байланысты.
Тыңдау кезінде стетоскоп науқастың денесіне тығыз орналасу керек.
Тексеруші стетоскопты екі саусағымен нық ұстау керек.
Тексеруші тексеру кезінде алдына қойылған талаптарға байланысты науқастың қалпын өзгертіп тұрады.