Өкпенің төменгі шекаралары орналасуы:
Топографиялық сызықтар
|
Оң өкпе
|
Сол өкпе
|
Кеуде жаны
|
V қабырға аралық
|
|
Ортаңғы бұғанақ
|
VI қабырға
|
|
Алдыңғы қолтықасты
|
VII қабырға
|
VII қабырға
|
Ортаңғы қолтықасты
|
VIII қабырға
|
VIII қабырға
|
Артқы қолтықасты
|
IX қабырға
|
IX қабырға
|
Жауырын
|
X қабырға
|
X қабырға
|
Омыртқа жаны
|
XI қабырғаның үштық ұшы
|
XI қабырғаның үштық ұшы
|
2.10.Стандарт «Өкпеге аускультация жасау техникасы»
1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз. (тұрып, отырып, жатып)
2. Фонендоскопты кезекпен кезек кеуде қуысының бұғана тұстарынан ,өкпенің жоғарғы жағына қоямыз.
3.Дем сырылдарын әр түрлі фазада есітіп,оның ұзақтығын,дауысын бағалаймыз.
4.Аускультацияны бұғана асты аймағында жалғастырып,фонендоскопты жайлап оң және сол кеуде қуысының симметриялы аймақтарына жылжытамыз.
5.Кеуде қуысының аускультациясын бүйір және арт жағынан:жауырын асты,жауырын үсті,жауырын ортасы,қолтық асты аймақтарында жалғастырамыз.
2.11.Стандарт «Жүрек қан айналым жүйесіне пальпация жасау техникасы»
1.Науқасты беліне дейін шешініп,ыңғайлы жағдай жасауын өтінеміз (тұрып,отырып,жатып).
2.Оң қолдың алақанын науқастың кеудесіне қойып,ал саусақтарын қолтық астына IV-
VII қабырға аралықтарына қоямыз.
3.Кеуде қуысының беткейіне перпендикулярлы қойылған 3 бүгілген саусақты сырттан ішке қарай ,қабырға аралықтырында жүрек ұшының соғысы сезілгенге дейін жылжытамыз.
Қалыпты жағдайда жүрек ұшының соғысы V қабырға аралығында, сол ортаңғы бұғана сызықтан ішке 1-1,5 см орналасқан.
Достарыңызбен бөлісу: |