«Құқық» мамандықтары тобы бойынша оқу әдістемелік секциясының шешімі


Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрестің ұтымдылығын арттыру мәселелері



бет8/9
Дата28.01.2018
өлшемі1,92 Mb.
#35471
1   2   3   4   5   6   7   8   9

3.3 Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрестің ұтымдылығын арттыру мәселелері

Адамгершілікке қарсы қылмыс жасаушыларға қылмыстық жауапкершілік жүктеу арқылы қоғамдық адамгершілікті қорғау мәселесін шешу мүмкін емес. Дұрысы, адамгершілікке қарсы қылмыстардың туындау себептерін, қоғамдық қауіптілігін зерттеу, олардың алдын алу, не дер кезінде бейтараптандыру проблемаларын шешу тиімді нәтиже бермек.

Адамгершілікке қарсы қылмыстардың алдын алу мәселесін жалпы қоғамдық көлемде шешу үшін адамдарды еңбекпен қамтамасыз ету проблемасы шешілуі тиіс, бұл Қазақстан үшін қазіргі таңда әлі шешімін таппаған мәселе.Нарықтық қатынасқа көшудің салдарынан жұмыссыздар саны кебейді.

Мысалы,нарықтық экономикасы дамыған елдерде жұмыссыздар

саны 1 % өссе, ұлттық өнім 2,5% азаяды, және керісінше. Америкалық ғалымдардың есебі бойынша, жұмыссыздар саны 1% артса, қылмыс 4%, ал адам өлтіру, оның ішінде пайдакүнемдік пиғылда адам өлтіру 5,7 % артады екен.

Соттың маскүнемдікпен, нашақорлықпен күреске бағытталған, сол сипаттағы заң бұзушылықты жою жөніндегі жеке ұйғарымының маңызы зор, себебі мұндай заң бұзушылық көптеген қылмыстардың жасалуына себеп болып отыр .

Жеке ұйғарымда соттың өзі анықтаған қылмыс жасауға себепші болған заң бұзушылық, технологиялық, өндірістік, мемлекеттік тәртіптің, еңбек, қаржы тәртібінің бұзылғандығы, оған жол берген адамдар нақты көрсетілуі және сот тұжырымына негіз болған дәлелдер келтірілуге тиіс.

Біздің зертеулерімізге қарағанда, адамгершілікке қарсы қылмыс жасаған адамдар да, олардың құрбандары да, сол қылмыс жасалған кезде мас күйде болған. Ішімдікке салыну мен маскүнемдік әлеуметтік құбылыс ретінде қоғамда бар. Қылмыстылықпен күрестің шеңберін кеңейте отырып, қоғамдағы өнегелік-саяси ахуалды жақсарту мүмкіндігін, атап айтқанда, маскүнемдікке қарсы бағытталған шараларды алып қарасақ, олар да белгілі бір шамада қылмыстылықты ауыздықтауга бағытгалған. Ішімдікке салыну, маскүнемдік қылмыстылықтың «жайлауы» іспеттес.

Олар - қылмыстық дәлел-себептердің және әлеуметтік тиянағы жоқ адамдарды қылмысқа итермелейтін жағдайлардың қалыптасуына көп ретте себепкер. Маскүнемдік етек алған сайын онымен байланысты қылмыстар да көбейді [79].

Ішімдікті жаппай пайдаланғандықтан қоғам басына қатер төнді, сондықтан онымен былайша күресу керек деп ойлаймыз.

Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, ұжымдық шаруашылықтардың қаражаты есебінен күзет-пост қызметі үшін қосымша штат құру керек.

Көшелерден, аулалардан және басқа қоғамдық орындардан мас адамдарды алып барып орналастыру үшін медициналық айықтырғыштардың қызметін жақсарту қажет, себебі 2004 жылдың 4 айының өзінде ғана медициналық айықтырғыштарға 25 мыңдай адам түскен. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың басшылары медициналық айықтырғыштардан келіп түскен хабарларға тиісті шара қолдануы қажет. Салауаттық өмірді насихаттаудың да маскүнемдікпен күресте маңызы зор. Бұл мәселеге әлі күнге дейін онша назар аударылмай келеді.

Маскүнемдікпен күресті ерте жастан бастау керек, мектепте «отбасы тәрбиесі» пәнін оқыту жоспарлануда. Бұл пәнді оқытқанда маскүнемдіктің зиянды екенін көрсететін көрнекі қүралдарды пайдаланған жөн, - дейді Б.Урманис. Республиканың Деисаулық сақтау министрлігі жанынан салауатты өмірді насихаттау жөніндегі ведомствоаралық кедес қүрылса. Маскүнемдікпен күрес мәселесі ешқашан назардан тыс қалмауы тиіс.

Ұтымды экономика, меншік нысанының көптүрлілігі, адамдардың іскерлік белсенділігі мен ынтасын көтерудің негізінде нарықтық қатынастарды қалыптастыру. Жас адамдардың әлеуметтік, экономикалық және басқадай жағдайларын жақсартуға, олардың өз бетімен еңбекке және қоғамдық-саяси өмірге араласуы үшін мемлекеттік жастар саясатын қаржымен, заңмен қамтамасыз етуге шаралар қарастырып, оны жүзеге асыру керек.

Әрине, адамның санасы тек заң нормаларын білумен ғана шектелмейді, әңгіме оны мойындауда, орындауда. Бұл тұрғыда заңды насихаттаудың, әсіресе, қылмыс жасауға бейім адамдардың санасына оны құюдың маңызы зор. "Заң нормаларын адам толық, сол қалпында санасында сақтамаса да, оның әсерінен ол өзінің кейбір теріс іс-әрекетін тыюы мүмкін, оған жол бермеуі ықтимал".

Құқықтық тәртіпті қорғау шаралары тар мағынада емес (халық жасақшыларын құру, маскүкемдікпен күрес, жатақханаларда тәртіп орнату, т.б.), оларды кең әлеуметгік ауқымда жүзеге асыру қарастырылады, мысалы, халықгың көші-қонын реттеу, қоғамға көндіктіру процесін басқару, қаланың инфрақұрылымын дамытуға белсенді қатысу, халықгы қоғамдық тәртіпті қорғауға жұмылдыру, т.б.



Заңды жалпыға бірдей оқытуды және заңға тәрбиелеуді ұйымдастыру. Кәсіпорындардың, мекемелердің, ұйымдардың, оқитын жастардың және басқа да азаматтардың құқықтық оқу жүйесін құру. Халық арасында заңды жан-жақты насихаттау, атап айтқанда, жасалған қылмыс үшін жазаланбай қалу мүмкін еместігіне көз жеткізу, адамды қастерлеуге, оның жеке басын сыйлауға баулу, заңды, қоғамдық тәртіпті бұзуға болмайтындығын санаға жеткізу. Бұл тұрғыдан алғанда, бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі зор.

Құкық бұзушылықтың алдын алудың әлеуметтік базасын нығайту. Әлеуметтік-экономикалық шаралар арқылы көп балалы отбасыларын, зейнекерлерді, халықтың нашар тұратын топтарын мемлекеттік қамқорлыққа алу. Ең аз табысты және күнкөріс үшін қажетті азық-түлік мөлшерін ауық-ауық қайта қарау. Мектеп жасына дейінгі балалар мекемелерін, ата-анасының қамқорынсыз қалған, жетім қалған балаларға, қарттарға арналған үйлерді көбейту.

Азаматтардың әлеуметтік-құқықтық белсенділігін арттыру. Құқық тәртібін сақтауға азаматтарды тартудың жаңа нысандарын табу. Жәбірленушілерді, куәлерді қорғауды заң бойынша реттеу. Заңдылықты нығайту ісінде белсенділік танытқан адамдарға әлеуметтік қолдау жасау.

Біз аталған проблемаларды шешудің өзге жолдарын да қарастыруымыз керек. Бұл тұста жезөкшелікке тарту және оны пайдалану бойынша астыртын бизнестің дүниежүзілік қауымдастыққа бірігу үрдісінің белең алғандығын ескере отырып, бұл қылмыс түрлерімен күрестің халықаралық достастығының қарым-қатынасын реттеу қажет екендігін атап өтуге тиіспіз. Осы мәселеге байланысты Интерпол мүшелігіне енген елдердегі полиция қызметтері арасында мәліметтердің арнайы банкісін құру және тиісті ақпараттарды алмасуды күшейте түсу жөніндегі ұсыныстарды жүзеге асыратын кез жетті.

Көптеген елдердің қылмыстық заңнамасында нәпсіқұмарлық сұраншақтыққа, жұмыста кемсітушілікке жауаптылық белгіленген құқықтық нормалар қарастырылған. Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінде ондай жеке бап жоқ. Әйелдерге қарсы зорлық жасаған тұлғаларға белгіленген жауаптылықты халықаралық заңнамалық құжаттарға сәйкес күшейте түсу мақсатында бірқатар қылмыстық-құқықтық және әкімшілік нормаларды қайта қарау мәселесін күн тәртібіне дереу қою қажеттілігі байқалады.

Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына Жолдауында республиканың заңнама саласын жетілдіре түсу қажеттілігі туралы айта келіп, былай деген болатын: Билік өкілдері ретінде құқық қорғау органдары ең алдымен ел азаматтарының заңды құқықтары мен еркіндіктерін қорғауға міндетті екенін үнемі еске салып отыруға тура келеді. Кейбіреулері бұл міндетті керісінше түсінеді. Біз қылмыстық жазалау жүйесін ізгілендіру және түзеу мекемелерінде ұстау жағдайларын жақсарту жолымен алға қарай жүруіміз керек.

Притондар жезөкшелікпен айналысуға қолайлығы жағынан бір келкі емес. Мұндай орындар жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталу немесе жабдықталмау сипатына және клиенттердің қандай тобына қызмет көрсетілетіне қарай бірнеше түрге бөлінеді. Мысалы, жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталған порнографиялық я эротикалық фильмдерді тамашалауға арналған видеосалоны, саунасы, буфеті, арнаулы қызметшілері: массаж жасаушылар, күзетшілер, такси жүргізушілері бар тұрғын жайлар және бишілер тобы стриптиз, сондай-ақ нәпсіқұмарлық сипатындағы билерді орындайтын түнгі барлардың бөлмелері қалталы шетелдіктер мен жергілікті бай адамдарға қызмет көрсетеді. Сондықтан, олардың қожайындарына, жезөкшелерге, қызметшілеріне түсетін кіріс мөлшері өте жоғары деңгейде. Осындай орындардан гөрі меншік үйлердің притондарға айналдырылған бөлмелерінің немесе жатақхана бөлмесінің жезөкшелікпен айналысуға қолайлығы айтарлықтай төмен деңгейде. Ал оларға қарағанда жыныстық қатынас жасауға арнайы жабдықталмаған күзет үйлері, автобус салондарының т.б. қолайлығы тіпті төмен. Сондықтан, мұндай орындарда жезөкшелікпен айналысу қаркыны да, төлемақысы да әр түрлі деңгейде, демек қоғамдық қауіптілігі де әр түрлі дережеде. Притондарды осындай сипаттамасына қарай үш жікке бөліп саралау қажеттілігі байқалады:

- притондардың осы үш түрінің қайсысын ұйымдастыруына немесе ұстауына қарай, қылмыс субъектілері түрлі мөлшерде кіріс келтіреді. Мысалы, интурист мейманханасының қызметкері я қызметкерлері жезөкшелікке байланысты қылмыстық істерді сексбизнестің бір түріне айналдырып, шетелдік валютамен, көбіне АҚШ долларымен табыс тапса, күзет үйлерін пайдакүнемдік мақсатында жалға берушілер, жезөкшелікпен айналысушылардан 100-200 теңге немесе бір жарты спиртті ішімдік алуы мүмкін. Ал Қылмыстық кодексінің 271-бабында (Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) притондардың бірнеше түрге бөлінетіні, притондардың түрлеріне қарай оларды ұйымдастырушылар мен ұстаушылар әр түрлі деңгейде еңбексіз табыс табатыны, кейбірінің көпшілік орындардағы, енді біреулердің өздерінің меншік үйлеріндегі бөлмелерді притондарға айналдыратыны сараланып қарастырылмаған. Осы себепті аталған қылмыс субьектілеріне олардың қылмыс түрлерінің қоғамдық қауіптілігі әр түрлі деңгейде екені ескерілмей, бір келкі қылмыстық жауаптылық белгіленген. Сондай-ақ, 271-бапта притондардың қандай аудандарға орналасқаны да ескерілмеген, осы себепті түрлі қылмыс субьектілеріне бірдей қылмыстық-құқықтық жауаптылық белгіленген. Бұл қылмыстық-құқықтық және моральдық тұрғыдан алғанда әділдік емес.

Айталық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, түрлі деңгейдегі оқу орындары, діни орындар, әскери горнизондар, шетел елшіліктері мекен-жайларының жанында және елді мекендердің елеусіз түкпірлерінде жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау қылмыстары құрамының қоғамдық қауіптілігі бір келкі емес. Аталған орындардағы притондар жас балалар мен жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне кері әсер етеді, діндарлар мен дінді құрметтеушілердің ар-намысын қорлайды, әскерилерді, әсіресе мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгерлерді әскери тәртіпті бұзуға итермелейді және шетелдердің ресми өкілдерінің алдында мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Ескерерлік бір жайт: АҚШ-та жезөкшелікке ресми түрде рұқсат етілген штаттардың өзінде әскери горнизондардың маңында зинақорлар үйлерін ұстауға тыйым салынған. Мұндай жағдайдың орын алмауына тіпті БҰҰ-да жауапкершілікпен қарап, 1991 жылы Балкандағы НАТО қарулы күштеріне қызмет көрсететін бордельдерді жабуға шешім шығарған. Жергілікті полиция арнайы операция жүргізіп, шешімді жүзеге асыру барысында ресейлік 117 жезөкше Босниядан қуылып, Москваға оралған. Тіпті Ресейде ресми жезөкшелікке рұқсат етілген 19-ғасырдың өзінде шіркеу, училище, мектеп және солар секілді мекемелерге 150 саженнан жақын жерге зинақорлар үйлерін ашуға тыйым салынған;

Айталық, притондар ұйымдастырушылар немесе ұстаушылар және жеңгетайлардың қылмыс құрамында пайдакүнемдік мақсатында жезөкшелікті өрбіту тәрізді ортақ белгілері болғанымен, сол мақсатқа жетудің әдістері бөлек және қоғамдық қауіптілігі деңгейі де әр түрлі.

Притондар ұйымдастыру немесе ұстаудан гөрі жеңгетайлық қылмысының айтарлықтай жоғары деңгейде ашылатыны белгілі.

Жеңгетайлардың іс-әрекеттерінің пәрменділігі мен нәтижелігі притондар санымен тығыз байланысты. Притондардың азды-көптігіне қарай олардың «жұмыс» қарқыны я күшейіп, я төмендеп отырады. Притондарда бұрын болған клиенттер жеңгетайлардың қызметін қажетсінбейді. Демек, жеңгетайлық қылмысы притон ұйымдастыру немесе ұстау қылмыстарына тәуелді және олардай тұрақтылық сипатына ие емес. Ендеше, қылмыстың осы екі түрі жезөкшелікке байланысты әрі мақсаты бір болса да, әдісі бөлек, қоғамдық қауіптілігі де екі түрлі деңгейде, қылмыс субъектілеріне келтірер кіріс мөлшерінің де айтарлықтай айырмашылықтары бар.

Жеңгетайлық қылмысының құрамы туындау себептерінің негіздері және қоғамдық қауіптілігі дәрежелері әр түрлі құқық бұзушылықтан тұрады. Мысалы, кейбір қылмыс субьектілері (қарауында жас баласы бар жесірлер немесе жалғызбасты әйелдер не көп балалы аналар) жұмыссыздық салдарынан тапшылық пен мұқтаждыққа ұрынғандықтан жеңгетайлықпен айналысуға мәжбүр болады. Енді біреулер кем дегенде отбасының я өзінің тұрмысын орташа деңгейде қамтамасыз етуге жетерлік еңбекақы төленетін тұрақты жұмысы немесе басқадай табыс көзі бола тұра, жеңгетайлықпен пайдакүнемдік мақсатында айналысады. Айталық, көпшілік мекен-жайларының (интурист мейманханалары т.б.) қызметкерлері қызмет жағдайын пайдаланып жеңгетайлықты сексбизнестің бір кәсібіне айналдырады. Мұндай жеңгетайлар көпшілік мекен-жайларындағы притондардың пәрменді жұмыс істеуіне үлкен үлес қосып, жезөкшеліктің өрбуіне де белсенді ат салысады. Ал жезөкшелер мен клиенттердің кездесуін күзет үйлерінде ұйымдастырушы жеңгетайлардың қызметақысы күнкөріске ғана жетеді әрі олар жезөкшеліктің өрбуіне жоғарыда көрсетілген жеңгетайлардай ықпал ете алмайды:

- басшылардың өз қол астында істейтін қыздарды, әйелдерді олардың қызметтегі (жұмыстағы) тәуелді жағдайын пайдаланып, жезөкшелікке тартуының қоғамдық қауіптілігі өзге түрлеріне қарағанда басым.

Егер басшы қызметкерлердің қол астындағы қыздарды, тұрмыстағы әйелдерді олардың тәуелді жағдайын пайдаланып жезөкшелікке тарту немесе оларға жеңгетайлық жасау қылмыстарына қарсы шара қолданылмаса, бұл қылмыстар деңгейі қазіргі кездегіден де жоғары көтеріліп, халықтың әлеуметтік өміріне кең тарала түсуі сөзсіз. Сөйтіп, демократиялық, зиялы, құқықтық мемлекет құруды көздеген қоғамымыз ежелгі Рим империясындағы нәпсіқұмарлық сипаттағы азғындыққа салынған билеушілер, ақсүйектер, жоғары лауазым иелерінің кесірінен қылмыстық-құқықтық, моральдық ахуалы мүлде төмендеген римдіктердің кебін киюі мүмкін.

Сондықтан, аталған қылмыс түрлеріне тиісті қылмыстық-құқықтық жауаптылық белгіленуі керек және мұндай шаралар қыз-келіншектерді жоғары лауазымды басшылардан және білім беру, денсаулық сақтау, заң және құқық қорғау салалары қызметкерлері тарапынан жасалатын қылмыстардан қорғайды деген пікірдеміз.

Егер Сібірдегі саны аз ұлттар мен ұлыстардың биологиялық және ұлттық сана жағынан азғындыққа ұшырауының бір себебі - спиртті ішімдіктерді жаппай тұтыну салдары екенін ескерсек, есірткі заттардың да ұлттық санаға ойсырата зиян шектіретініне күмән туғызбауымыз керек. Сондықтан әлгіндей притондардың тікелей обьектісіне ұлттық сананы да қосу жөн.

Қалталы шетелдіктер мен өзге ұлт өкілдеріне талғаусыз сексқызмет көрсететін қандас жезөкшелер оларға «қазақтар - моральдық азғындыққа ұшыраған халық екен» деген ой салады. Ауғаныстанда қазіргі кезде де ауған қыздарымен жыныстық қатынасқа түскен шетелдіктерді, әсіресе мұсылман емес жат жұрттықтарды өлім жазасына кесетін заң бар. Бұл ислам дінін берік ұстанған ауған халқының ұлттық намысын қорғауды көздеуден туған әрі ауғандықтардың қоғамдық санасы қабылдайтын заң. Әрине, оны біздің қоғамымызда қолданысқа енгізу мүмкін емес.

Ққдамгершілікке қарсы қылмыстардың криминологиялық аспектілеріғынып, дереу халықаралық заңнамалар қабылданды..алатын. гіленгеназақстанда 1991 жылдың алғашқы жартысына дейін жезөкшелік әкімшілік заңды бұзушылық болып саналып, жезөкшелерге айыппұл салынатын. Ал олар тиісті айыппұл мөлшерін төлеген соң, өз кәсіптерімен іле қайта айналысып, қаржы шығындарының орнын бірнеше есе артығымен толтыратын. Жұртшылық жезөкшелікке қарсы бұл шараны жұмсақтау деп жүргенде, әкімшілік кодекстің жаңа нұсқасында жезөкшелікпен айналысу әкімшілік заңды бұзушылыққа жатпайтын болып белгіленеді. Мұндай баптар көңілге қынжылыс тудырғанымен, әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою және адамдарды саудаға салуға, үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес жөніндегі Конвенциялардың талаптарына сәйкес келеді. Демек, қандай да бір іс-әрекетке тыйым салынбаса, оның рұқсат етілгені болып табылады деген ойға сүйенсек, елімізде жезөкшелікке белгілі бір дәрежеде рұқсат етілген болып шығады.

Осылайша демократиялық-құқықтық мемлекет құру жолындағы Қазақстанда халқымыздың әлеуметтік өмірінде бұрын болмаған тұрпайы құбылысқа лажсыздық салдарынан жол беріліп отыр. Заңда жезөкшелікке қылмыстық, азаматтық, әкімшіліктік, тәртіптік жауаптылықтардың бір де бірі белгіленбегенін пайдаланып, жезөкшелер өз кәсіптерімен емін-еркін айналысуда. Олардың төменгі сатысындағылар клиенттермен арнайы жабдықталған я жабдықталмаған притондарда ғана емес, түрлі мақсаттағы орындарда жыныстық қатынастың гомосексуалық я лесбиандық тәрізді кез келген түрлерімен айналыса береді. Айталық, мектепке дейінгі балалар мекемелері, түрлі деңгейдегі оқу орындары, діни орындар, әскери горнизондар, шетел елшіліктері мекен-жайларының жанында нәпсіқорлық сипаттағы іс-әрекеттермен айналысудан тайынбайды. Сөйтіп, олар жас балалар мен жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне кері әсер етеді, діншілдер мен дінді құрметтеушілердің ар-намысын қорлайды, әскерилерді, әсіресе мерзімді әскери міндетін атқарып жүрген жауынгерлерді әскери тәртіпті бұзуға итермелейді және шетелдердің ресми өкілдерінің алдында мемлекетіміздің халықаралық беделіне нұқсан келтіреді. Жезөкшелер мен олардың жыныстық қатынастағы әріптестеріне тиісті жағдайда қылмыстық жауаптылық белгілеу-жезөкшеліктің өзіне тыйым салу емес, оның көпшілік көзінше қоғамдық моральды аяқ асты ету, адамның адамгершілік қасиетін төмендету, қоғамдық тәртіпті бұзу, діндарлар мен дінді құрметтеушілердің діни сенімдерін қорлау, шетелдіктердің алдында мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келтіру, жас балалардың, жасөспірімдердің, жастардың тәрбиесіне теріс ықпал ету, адамның махаббат сезімі мен неке адалдығын жоққа шығару тәрізді қоғамдық қауіптілігі зор көріністеріне жол бермеу мақсатындағы жария жезөкшелікке яғни көше жезөкшелігіне тыйым салу болып табылады. Ал жезөкшелер я жеңіл жүрісті әйелдер өздерінің жыныстық қатынастағы әріптестерімен нәпсіқорлық сипаттағы іс-әрекеттерімен өз үйлерінде не өздерінің меншігіндегі тұрғын-жайлар болып саналмайтын, түрлі мақсаттағы нысандарда айналысуы құқық бұзушылыққа жатпайды. Бірқатар шетелдіктердің заңнамасында осыған ұқсас жайттарға байланысты белгіленген баптар бар. Айталық, АҚШ-тың жезөкшелікке тыйым салынған штаттарының кейбірінде жезөкшелермен бірге клиенттер де жазаланады. Францияның Қылмыстық кодексінде көше жезөкшелігі мен жезөкшелердің қоғамдық орындарда жүргіншілерге жармасуына жауаптылық белгіленген. Ұлыбританияда да адамдарға жармасқан жезөкшелер заңмен қуғындалады. Тіпті бірнеше ғасыр бұрын ресми жезөкшелікке рұқсат етілген мемлекеттердің өздерінде көше жезөкшелігіне тыйым салу заңы бұрын да болған, қазір де бар. Осындай жаңа бап дайындалып Қылмыстық Кодекске енгізілсе, жезөкшеліктің өрісі тарылып, оған байланысты қылмыс, қоғамдық тәртіпті бұзушылық және моральға жат іс-әрекеттер де азая түседі деген пікірдеміз.

Айта кететін бір жайт: Пәкістандағы жезөкшеліктің барлық түрін қылмыс деп тауып, жезөкшелердің бәрін бірдей ұзақ мерзімге бас еркінен жазалайтын заңға қарағанда, Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексіне енгізуге ұсынылып отырылған бап әлдеқайда иманды болып табылады.

Жезөкшелікпен айналысуға арналған притондарды олар орналасқан орындардың негізгі мақсаты қандай екендігін ескере отырып, мынадай үш топқа бөліп, жүйелеуді дұрыс тәрізді:

1-топ. Көпшілік пайдаланатын орындар: мейрамхана, монша, сауна, кафе, казино, бар, түнгі ойын-сауық орны, демалыс үйі, емдеу-сауықтыру мекемесі, сауда орындары (базар, кешенді дүкен т.б.) автовокзал, теміржол мен өзен вокзалдары. т.б.;

2-топ. Жекелеген отбасына я жеке адамға арналған тұрғын жайлар: үйлер, пәтерлер, жатақхана бөлмелері. т.б.;

3-топ. Жезөкшелікпен айналысуға жабдықталмаған орындар: автомашиналардың салондары, күзет үйлері т.б.

Притон ұйымдастыру немесе ұстаудың және жеңгетайлықтың қылмыс құрамындағы жоғарыда көрсетілген өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, жеңгетайлықты Қылмыстық Кодекстің 271-бабынан алып, оны қарастыратын жаңа бап дайындау қажет. Қылмыстың бұл түріне белгіленген жауаптылық притон ұйымдастырушылық немесе ұстаушылық қылмыстарына белгіленген жазаға қарағанда жеңілірек болуы керек. Дегенмен, жеңгетайлық қылмысының құрамы әр түрлі болатындығына қарай жеңгетайлар да бірнеше жікке бөлінетіні ескеріліп, жаңа бап олардың әр қайсына тиісті жауаптылық белгіленген бірнеше тарауға бөлінуге тиіс.

Жеңгетайлардың еңбексіз табыс табуларына мүмкіндік беретін орындарының қандай екендігіне байланысты, оларды мынадай үш топқа жіктеп қарауды дұрыс деген ойдамыз:

1-топ. Интурист мейманханаларындағы т.с.с. притондарда валюталық жезөкшелерді клиентермен қамтамасыз ететіндер;

2-топ. Орта дәрежедегі көпшілікке қызмет көрсету мекемелеріндегі және тұрғын жайлардағы притондарда жезөкшелерді клиенттермен қамтамасыз ететіндер;

3-топ. Жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталмаған орындар: автомашина салоны, күзет үйіндегі т.с.с. притондарда жезөкшелерді клиенттермен қамтамасыз ететіндер немесе белгіленген тұрақты орындары жоқ жезөкшелер мен клиенттерді кездесуін ұйымдастырушылар.

Жезөкшелікке тарту және жеңгетайлық көрсету қылмыстарымен күресу тікелей міндеті болып табылғанымен, өздерінің кәсіби қызметтеріне мұқтаж адамдардың тәуелді жағдайын пайдаланып, қылмыстың осы түрлерін өздері жасаған білім беру, денсаулық сақтау, құқық қорғау және қоғамдық тәртіпті қорғау салалары мамандары қылмыстарының қоғамдық қауіптілігі айрықша.

Жоғарыда көрсетілген жайттарды ескеріп, Қылмыстық Кодекстің 270-бабының (жезөкшелікпен айналысуға тарту) түсіндірмесін мынадай мәтінмен толықтыру жөн: «Көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - қоғамдағы адамгершілік бастауларын бұзу, халықтың (ұлттың) ар-намысын аяқ асты ету болып табылады. Қылмыстың объектілері - қоғамдық адамгершілік, халықтың (ұлттың) ар-намысы, қосымша объектілері - адамның ар-намысы және денсаулығы болып табылады».

271-баптың (жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық) түсіндірмесін мынадай толықтырылған мәтінмен беру керек: «Көрсетілген қылмыстың қоғамдық қауіптілігі - қоғамдық адамгершілікті өрескел бұзу, мемлекеттің халықаралық беделіне нұқсан келтіру. Аталған қылмыс түріне оның қай жерде (орында) жүзеге асырылғандығына және айыпкерлердің санына қарай (тиісті) қылмыстық жауаптылық белгіленеді. Жыныстық қатынасқа оның кез-келген түрі (еркек пен әйелдің, еркек пен еркектің (гомосексуалдық) әйел мен әйелдің (лесбияндық) жыныстық қатынасы) жатады. Жыныстық қатынас екі адамның немесе бірнеше адамның өз ықтиярларымен, өзара келісімдерімен жүзеге асырылады. Жыныстық белгілерінің бірдейлігі немесе әр түрлігіне қарамай екі адам болса-бір жұп, үш адам не одан көп болса, бір топ деп есептеледі. Қылмыс субъектілері кәмелет жасына толғандар. Олар жезөкшелер мен нәпсіқұмар еркектер немесе гомосексуалдар мен лесбияндар сондай-ақ, жеңіл жүрісті немесе тұрмыстағы не тұрмысқа шықпаған әйелдер мен нәпсіқорлыққа бейім, үйленген не үйленбеген еркектер де болуы мүмкін. Қылмыс субьектілері мұндай іс-әрекеттерді өз ықтиярымен, өзара келісіп жүзеге асырғандықтан жыныстық белгілеріне (әйел не еркек екендігіне), жыныстық қатынаста қайсысының белсенділік көрсеткеніне немесе кімнің кімнен осы іс-әрекет үшін төлемақы алғанына қарамастан, жұптың не топтың құрамындағылардың бәріне бірдей қылмыстық жауаптылық белгіленеді.

Қоғамдық орындарға - демалыс бақтары жағажайлар, алаңдар, көшелер, аялдамалар т.б. жатады. Қоғамдық көліктерге жолаушылар поезы т.б. жатады.

Көпшілік пайдаланатын орындарға, жерлерге, тұрғын жайлар мен мекен-жайлар алдындағы я ортасындағы алаңқайлар (площадка), тұрғын жайлар мен мекен-жайлардағы подъездер, подвалдар, қызмет орындарындағы қол жуатын орындар мен дәретханалар, демалыс бөлмелері, жүк сақтайтын камералар орналасқан бөлмелер, қоймалар және көпшілік ортақ пайдаланатын өзге мақсатқа арналған бөлмелер мен орындар жатады.

Бұл орындар жезөкшелікпен айналысуға арнайы жабдықталмағандықтан және жыныстық қатынас жасаушылардан оларды пайдаланғандықтары үшін ешкім төлемақы талап етпейтіндіктен притондар болып саналмайды.

Қоғамдық орындарда, мектепке дейінгі балалар мекемелері мен түрлі дәрежедегі оқу орындары, мемлекеттің құндылығы болып табылатын құрылыс пен мүсіндеу өнерлерінің ғажайып туындылары, діни мекемелер мен шетелдік елшіліктер мекен-жайлары жанында жыныстық қатынас жасаушыларға, өзге орындарда осындай іс-әрекеттер жасағандарға қарағанда, қылмыстық жауаптылықтың қаталырақ түрі қолданылады. Аталған орындарда топ болып жыныстық қатынас жасаушыларға немесе бұрын осындай іс-әрекеті үшін жазаланған адамдарға өзгелерге қарағанда қылмыстық жауаптылықтың қатал түрі белгіленеді. Дәл осындай іс-әрекеттерді кәмелетке толмағандар жасаса, оларға әкімшілік, тәртіптік жаза белгіленеді.

Қылмыстың тікелей объектісі - қоғамдық мораль, адамның адамгершілік қасиеті, қоғамдық тәртіп, қосымша объектісі - мемлекеттің халықаралық беделі, халықтың (ұлттың) ар-намысы, жас балалардың, жасөспірімдердің жастардың тәрбиесі, адамдардың махаббат сезімі мен неке адалдығы, діндарлар мен дінді құрметтеуші адамдардың діни сенімдері».

Демек, адам саудасымен шұғылданатындардың кәмелетке толмағандарды түрлі конкурстарға, концерттік бағдарламаларға қатыстыру, тағы басқа сан қилы себептер желеуімен шетелдік сапарларға алып шығып, әрі қарай оларды күңдікке, жезөкшелікке пайдалану мақсаттарына мәжбүр етушілердің заң алдындағы жауапкершілігін күшейтіп, мемлекет тарапынан нақты шаралар қолға алынбайынша, қыз-келіншектердің талайы траффиктің тісқаққан делдалдарының айла-шарғысына алданып, құрбанына айналып, қасірет шегері сөзсіз.

Түркияда зинақорлар үйлерін ұстауға ресми рұқсат етілгенімен, оларда жергілікті ұлт өкілдеріне қарағанда, шетелдік әйелдер көп. Өйткені, түрік азаматтары шариғатта белгіленген неке құқығына байланысты төрт әйелге дейін үйленетіндіктен, басы бос түрік қыздары аз, осы себепті зинақорлар үйлеріне шетелдік әйелдер тартылады. Қазақстанда кейінгі кезеңде тұрмыстары да лауазымдары да өте жоғары азаматтардың екі әйел алу үрдісі көрініс бере бастады. Бірақ олар екінші әйелдерімен шариғат жолымен мешітте ғана некеге отыра алады. Ал «Неке және отбасы туралы» кодексте азаматтық хал актілерін жазатын мемлекеттік органдарда қиылған неке ғана заңды болып табылады. Мұндай неке түрін заңмен реттеу үшін «Неке және отбасы туралы» кодекске ер адамдарға екі әйелге үйленуге рұқсат беретін жаңа бап енгізу қажет. Тиісті орындар некенің мұндай айрықша түрін заңдастыру алдында арнайы тексеру жүргізіп, ерлердің екінші әйелдерге үйленуіне бірінші әйелдерінің және балаларының келісім бергендігіне, ерлердің екі әйелді де материалдық, рухани жағынан қамтамасыз ете алатындығына және оларға тең дәрежеде қарайтындығына міндетті түрде көз жеткізулері керек.

Мысалы, Канада, Израиль елдеріндегі қылмыспен күрес жүргізу және оның алдын алу іс-шараларына жастар клубтары да, ұлттық орталықтар да, діни бірлестіктер де белсене қатысады. Қазақстандық қоғамда да осындай заңдық іс-әрекеттерді жүзеге асыра алсақ, сонымен бірге бұрынғы қазақ қоғамындағы халық арасынан шыққан билер сотының іс-тәжірибелерін қайта жаңғыртып, қолданысқа енгізсек, қылмыспен тиімді күрес жүргізуде рөлді адамдық фактор иеленер еді.

Қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату (274-бап) негізінен Батыс елдерінде, Ресейде орын алған. Өкінішке қарай, қылмыстың бұл түрі кейінгі кезеңде Қазақстанда да көрініс бере бастады. Қылмыс материалдарының біраз бөлігінде неофашизмді дәріптеу, кейбір халықтарды нәсілдік, ұлттық, діни кемсітушілік тәрізді қауіпті саяси мән айқын аңғарылады.

Өкінішке қарай, қазақстандық ғылымда бұқаралық коммуникация құралдарында қатыгездік пен күш қолдануға бас ұруды көрсету тәрізді әлеуметтік фактордың кәмелетке толмағандардың мінез-құлқына теріс ықпал ететін қылмыстық аспектілерін жеке тақырып ретінде зерттеу қолға алынған жоқ. Мұндай олқылықтың орнын толтыру үшін бұл мәселеге түрлі ғылым салаларында айрықша назар аударылып, дербес зерттеу обьектісіне айналдыру өте қажет-ақ.

Біз өзге адамдарға дұшпандықпен қарау сезімі бойында қалыптаса бастаған балалар мен жасөспірімдердің телеқаһармандар жөніндегі пікірін жинап, жеке және қалыпты әдістемелерді қолданып зерттеу жүргіздік. Зерттеуде олардың өзге адамдарға деген дұшпандық сезімі деңгейін анықтау, ата-анасына, қарт адамдарға, өзінен жасы кіші балаларға, бейтаныс адамдарға, жануарларға деген көзқарасын білу, сүйікті телеқаһармандарын айқындау мақсаты қойылды.

Бұл заңдық-құқықтық шараларды жүзеге асыру барысында бірқатар елдердегі телевизия және Интернет арқылы таратылатын ақпараттардың мазмұнына бақылау жасау жөніндегі тәжірибелерін пайдалану қажеттілігі де байқалады. Солай десек те, жаһандану дәуірінде ақпараттық кеңестікке заңдық-құқықтық бақылау орнатуға ұмтылу, басқаша айтсақ, ақпараттық қатынасты қылмыстық құқық нормаларымен реттеуге бел байлау – соңы халықаралық деңгейде пкірталас тудыратын өте күрделі және аса қиын іс.

Қандай да бір туындыны сараптамадан өткізіп, қоғамдық қауіптілігі бар туынды деген қорытынды шығарылғанымен, оларды жасаушылар, таратушылар, насихаттаушылар, сатушылар бұл қорытындымен келісе қоймайтыны белгілі. Өйткені, олардың дүниетанымы, санасы қазақстандық заңды құрметтеуші азаматтардікімен орайлас келе бермейді. Айталық, батыстық киногерлер атыс-шабысты көрсететін, күштілердің әлсіздерді аяусыз, асқан қатыгездікпен басып-жаныштауын дәріптейтін, оқыс төтенше оқиғаларға толы туындылар үлкен сұранысқа ие, өтімді тауар ретінде бағаланады. Шындығында, мұндай тауарлар оларға мол кіріс түсіретін пайда көзі болып табылады. Сондықтан шетелдік киногерлер өз өнімдерінің біздің бұқаралық коммуникация құралдары арқылы таралуын барынша қорғайды. Экономикалық мүдделерінің халықаралық заңдарға, мәдениет саласы бойынша мемлекетаралық келісімдерге қайшы келмейтінін дәлелдеуге тырысады. Ал шетелдік туындыларды біздің елде тарату, насихаттау, көрсету, сату ісімен айналысатын қазақстандық азаматтар көп жағдайда шетелдердегі мырзалармен тығыз байланыста жұмыс істейді және солардың қолдауына сүйенеді. Соның нәтижесінде, қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кету мүмкіндігі бар екенін пайдаланып, қылмыс жасауға пайдакүнемдікпен қасақана ниеттенеді.

Демек, қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды заңсыз тарату қылмысының алдын алудың заңдық-құқықтық нормаларынан өзге де тетіктерді іске қосуымыз қажет. Мысалы, балалар мен жасөспірімдерді имандылық, ізгілік, кішіпейілдік тәрізді асыл қасиеттерге баулу, оларға қоғамдық адамгершілік пен ұлттық тәрбие беру мәселелерін БАҚ –та жоғары деңгейде көтеру, осы тұрғыда өте тартымды, қызғылықты әрі мазмұнды телебағдарламалар дайындау ісін жүйелі жолға қою сияқты мәдени-әлеуметтік іс-шаралар кешенін жүзеге асыру. Мән-мағынасы ұлттық идеологиядан тұратын, тарихи және заманауи тақырыптарды қазіргі қоғам мен заман талабына орай ашатын мультфильмдер мен көркем фильмдер түсіріп, киноөндірісінде осы бағытқа басыңқы көңіл бөлу де көздеген нәтижеге жақындата түседі.

Тек бәсекеге қабылетті отандық туындылар ғана шетелдерден бастау алатын, балалар мен жасөспірімдерге теріс тәрбие беретін, қатыгездікпен күш қолдануға бас ұруды насихаттайтын туындыларды ақпараттық кеңестіктен ығыстырып шығара алады. Сол шақта мұндай туындыларды заңсыз тарату қылмысының өрісі тарылып, қоғамдық қауіптілігі мейлінше азаяды.

Қылмыстық Кодекстің 275-бабының түсінігінде «Өлгендердің денесіне немесе уақытша жерленбеген адам сүйектеріне қатысты кез келген заңсыз әрекет: зираттан шығарып алу, оларды шешіндіру, бөлшектеу, өлгендердің бірге жерленген нәрселерін алу – қорлау болып табылады», - делінген.

Криминологиялық жағдайда опат болғандардың мәйіттеріне, алдымен, қылмыстық істі тексеруге келген құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, сонсын сот медициналық сараптамасын өткізетін мүрдехана қызметкерлерінің адамгершілік сезімімен қарайтыны күман тудырады. Олардың мәйіттерді қорлайтыны жөніндегі, әдетте, жұртшылық арасында алып-қашпа сөз ретінде айтылатын әңгімелердің негізділігін анықтау мақсатында, криминологиялық оқиғаларға куә болған және мүрдеханаларда болған 15 адамды іздестіріп тауып, әңгімелестік. Олар біздің мақсатымыз қандай да бір адамды жазалау емес, Қылмыстық кодекстегі мәйіттерді қорлаудан сақтайтын заңды күшейту екенін білген соң, тиісті ақпараттарды бере бастады. Бұлардың тоғызы құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қылмыс жасалған жерде мәйітке алдын ала сараптама жасаған соң, мәйітті, қол-аяғы, басы бүгіліп қалған болса, әдетте аяқпен теуіп «қалыпты пішінге» келтіретінін, мәйітті, әсіресе, ауылдық елді мекендерден, не елсіз жерлерден қалалардағы мүрдеханаларға жануарлардың өлексесі сияқты қылып немқұрайды тасымалдайтынын айтып берді.

Ал бес адам мүрдехана қызметкерлерінің мәйіттерді тас еденмен сүйреткенін, сот медициналық сараптамасын жасаған дәрігерлердің мәйіттің кейбір ішкі ағзаларын орнына салмай, ішіне мақта, дәке тағы басқа заттарды тығып, тігіп тастау оқиғасын өз көзімен көргенін айтты.

Осы ақпараттардың шындыққа сәйкес екені күман тудырмайды. Өйткені, ақпарат беруші адамдар қандай да бір мүддені көздемейтін және айтқан сөздеріне жауапкершілікпен қарайтын адамдар санатынан болатын.

Жоғарыда айтылған әрекеттер адамгершілік сезімі мен діни сенім тұрғысынан қарағанда да, мәйітті қорлау, сондай-ақ оның аруағын қорлау және марқұмның туған-туыстарына моральдық зиян шектіру, яғни адамгершілік сезімін, діни сенімді аяққа таптау болып болып табылады.

«Өлген адамның мәйітіне адамгершілік сезімімен қарамау, мәйітті сот медициналық сараптамадан өткізу кезінде, оның қандай да бір дене мүшесін, марқұмның туған-туыстарының келісімінсіз мүлде алып тастау немесе алып қалу - мәйітті қорлау болып табылады».

Міне, осы мәтін Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодекстің 275-баптың түсінігіне енгізілсе, мәйіттерді қорлаудың бір түріне заңдық негізде тосқауыл қойылар еді. Сонда бұл бап кәсіби қызметі криминологиялық жағдайларда жұмыс істеуге міндеттейтіндіктен, мәйіттерге немқұрайды қарауға әбден дағдыланған құқық қорғау қызметкерлері мен сот медициналық сарапшылары тарапынан мәйіттерді қорлау әрекеті мейлінше азая түсер еді.

Кейінгі кезде, баспасөзде, шетелдіктердің балалар үйіндегі аурушаң балалардың өзін асырауға алатыны, мұның өзі адамгершілік ниеттен туған іс емес деген сыңайдағы жарияланымдардың жарық көруі де, адам мүрдесінің органдарын және тінін заңсыз алу тәжірибесі бар екенін, оның біздің елде де орын алуы мүмкін екенін білдіреді. Демек, мұндай баптың Қылмыстық Кодекстен орын алуын қуаттауымыз керек.

Жануарларға қатыгездік жасағаны үшін қылмыстық жауапкершілікті саралау мәселелері теориялық және практикалық жағынан зерттелуі деңгейінің төмендігі, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің аталған қылмыстық жауапкершілікті қолдануы практикасын тақылау мен тиісті қорытынды жасауға арналған зерттеулердің жеткіліксіздігі байқалуда. Бұрынғы еңбектерде аталған проблеманың жекелеген мәселелері ғана қарастырылды және бұлардың өзі дербес зерттеу обьектісі болып табылмайды. Мәселен, қаңғырған иесіз жануарларды сәті түссе еш ойланбастан өлтіре салатын, не оларды аулап, жоюмен айналысатын немесе жануарларды азық бермей, я ұрып қинап, азаптау арқылы адамдар тәрізді түрлі әрекеттер істеуге үйретуші тұлғалардың ісі логикалық ойлау тұрғысынан қылмысқа жатса да, заңда ондай тұлғаларға қылмыстық жауапкершілік, я әкімшілік шара белгілеу мәселесі ешбір еңбекте қарастырылмаған. Бұқалар мен адамдардың сайысы (коррида), әтештерді өзара төбестіру сайысы, оған қатысушының бірінің өлуіне, не мертігуіне әкеліп соқтырса да, сондай-ақ бұдан қоғамдық адамгершілік зардап шексе де, сайыстарды өткізу мен ұйымдастыру заң тарапынан қудаланбайды.

Түрлі есептеулер бойынша, қазіргі кезде, ғаламшарда 1,5-нан 2 миллионға дейін жануарлар түрі тіршілік етуде.

Зерттеудің обьектісі - халықтың денсаулығы мен қоғамдық адамгершілік және оның әлеуметтік-құқықтық аспектілері, тақырыбы жануарларға қарауға байланысты қатыгездік ұғымы мен мазмұны.

"Құқықтық мемлекетке тән сипат - ондағы құқықтық мәдениет деңгейінің жоғары болуы. Нарықтық қатынасты қалыптастыру үшін бұл шарт бірінші кезекті маңызға ие болады. Ал құқықтық мәдениеттің деңгейін қабылданған заңдардың саны емес, олардың барлық деңгейде орындалуы анықтайды. Бұл жерде адамдарда заңдарға, нормативтік құқықтық актілерге деген қастерлі сезім болуға тиіс, себебі құқықтық нормалар адам бойына ұялағанда ғана күшіне енеді, жұмыс істей бастайды". Құқықтық тәрбие - ұзақ та күрделі процесс.

Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрес заңнаманы жетілдіру, заң саласы қызметкерлерінің құқықтық тәрбие беру ісін жүйелі жолға қою, адамгершілікке тәрбиелеу, қоғамдық тәртіпті қадағалау, ұлттық әдет-ғұрыптың озық үлгілерін насихаттап, әлеуметтік-қоғамдық өмірге қайта орнықтыру ісімен айналысатын қоғамдық ұйымдардың жұмысын жандандыру тәрізді кешенді іс-әрекеттер жиынтығымен бірге жүргізілгенде ғана айтарлықтай оң нәтиже бермек.

Қорытынды
Адамгершілікке қарсы қылмыстар мәселесі, оның ішінде әйелдер проблемасы өткен ғасырдың өзінде БҰҰ деңгейінде қаралып талқыланды. Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясы 1949 жылдың 7 шілдесінде адамдарды саудаға салумен және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануымен күрес жөніндегі Конвенция, 1979 жылдың 18 сәуірінде әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық түрін жою жөнінде Конвенция қабылданса, 1988 жылдың қазан айында, Бангкокта өткен 57-сессиясында жезөкшелік пен балалар порнографиясына пайдалану үшін адамдарды саудалауға мамандандырылған халықаралық қылмысты ұйымдармен күреске арналған мәселелер талқыланды. Дүниежүзілік ауқымда маңызы аса зор мұндай іс-шаралар әлемнің барлық елдерінде қолдау тапты.

Кейінгі кезеңде біршама мемлекеттерде әйелдерді саудаға салумен күрестің пәрменділігін арттыруға бағытталған кешенді шаралар жүзеге асырыла бастады. Мысалы, 1997 жылдың сәуір айының 24-26 күндері Нидерландия үкіметінің бастамасымен Гаага қаласында, Еуропа Достастығы басшылық жасаған арнайы конференция өткізілді. Конференцияда әйелдерді жыныстық қатынас мақсатында саудаға салуға жол бермеу туралы арнайы декларация қабылдады. ТМД елдерінің Қылмыстық Кодекстерінде әйелдерді саудаға салушыларды жазалау жөнінде баптар жоқ. Мұндай қылмыстың алдын алу жөнінде халықаралық келісімдер, шарттар, конвенциялар да қабылданды. Бұлардың ішінде адамдарды саудалауға қарсы 1949 жылы қабылданған Конвенцияның, Біріккен Ұлттар Ұйымының 1979 жылғы, «Әйелдерге байланысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою туралы» Конвенциясының, Пекинде 1995 жылы өткен. Әйелдер мәселесі жөніндегі 4-Бүкілдүниежүзілік конференцияның қорытынды материалдарының, 1997 жылғы Гаага конференциясы декларациясының маңызы зор.

1949 жылғы Конвенция адамдарды саудаға салуға және жезөкшелікке қарсы бағытталған. Бұл халықаралық құжатқа қол қойған мемлекеттер жеңгетайларды және жезөкшелерді пайдакүнемдік мақсатында ұстаушыларды, притон ұйымдастырушылар мен ұстаушыларды, сондай-ақ олардың әріптестерін қылмыскер ретінде тануға міндеттенген. Бұл құжат кезінде нәтижелі болғанымен, уақыт өте келе ескірген. Өйткені, онда адамдарды саудаға салушылардың құрбандарына, сексбизнестің құрбандары болған әйелдердің тағдыларына жеткілікті түрде көңіл бөлінбеген.

Бұл құжатта секс-туризм, өркендеген елдердің үшінші әлем елдерінен үй шаруашылығына пайдалану мақсатында жұмысшы күшін тарту және жалған некеге тұру фактілеріне көңіл аударылған. Заң әйелдерді саудаға салушылыққа қанша қатал болса да, оны күні бүгінге дейін жоя алмай келеді. Сондықтан, бұл бағыттағы күрес проблемасы қоғамдық ұйымдардың назарына ілікті. Олар мемлекеттік жүйе өкілдеріне қарағанда адам құқығын сақтау мәселесіне сергек қарайды және оның бұзылуына жол бермеудің әдістерін іздестіруде.

Украинадағы «Страда» ұйымының телефон жүйесі арқылы жүргізетін «Ыстық линия» байланысы қызметі жақсы жолға қойылған. 1997 жылы 18 қарашасында ашылған бұл байланыс арқылы 1999 жылдың шілдесіне дейін әйелдерге 2600-дан астам рет кеңес берілді. Зардап шегушілермен телефон арқылы байланысу кезінде көмекке зәру әйелдердің топтары анықталды. Соның нәтижесінде 1998 жылдың шілдесінен қарашасына дейін 116 әйелге әлеуметтік жәрдем көрсетілді. Мұның ішінде: шетелдерден Украинаға қайтуға көмек [13], жұмысқа орналастыру [6], жаңа құжат алуға көмек [4], қаржылай көмек [5], шетелдердегі түрмелерде жатқан әйелдерге көмек [3], шетелдердегі Украина елшіліктеріне келгендерге көмек [44], жеке проблемаларын шешуге көмек [8], хабарсыз кеткендерді іздестіру [24] жұмыстары нәтижелі атқарылды. Дегенмен, әлі де украин әйелдерін шетелдерге әкету қарқыны басылмай тұр. Ал оны тоқтатуға ықпал ететін мемлекеттік арнайы қызмет орны әзірше жоқ. Қазір әйелдерді саудаға салуға қарсы мемлекеттік бағдарлама белгіленді және ол таяу уақытта жұмыс істей бастайды. Оны жүзеге асыруға мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдардың барлығы да атсалыспақ.

Әйелдерді зорлықтан қорғау проблемасы біздің елде де әрдайым болғанымен, ол туралы соңғы жылдары ғана ашық айтыла бастады. Біріккен Ұлттар Ұйымы 2000 жылдың қыркүйек айында өткізген, біздің Елбасымыз да қатысқан, мыңжылдық Форумында әйелдер мен қыздарға қатысты кемсітушілік пен зорлықтың барлық түрін жоюға бұрынғысынша қол жетпей отырғаны анық айтылды. 2001 жылдың бас кезінде, Біріккен Ұлттар Ұйымының комитеті республикадағы әйелдер жағдайын қарап, отбасындағы зорлықпен бірге, Қазақстанда әйелдерге байланысты зорлықтың таралуына алаңдаушылық білдірді және қылмыстың құрбандары өздерінің заңмен қорғалатынына және шеккен зияндарының есесі қайтарылатынына сенулері үшін, әйелдерге зорлық істеуді қылмыстық іс ретінде қарайтын заңды тез арада күшіне енгізу жөнінде кеңес берді. Дегенмен, Тәуелсіздік мемлекет достығының өзге елдеріндегі тәрізді Қазақстан Республикасында да жезөкшелікке байланысты проблемалар түбегейлі шешілген жоқ.

2005 жылдың 14 желтоқсанында Мемлекет басшысы "1950 жылғы 21 наурыздағы "Адамдарды сатуға және үшінші тұлғалардың жезөкшелікті пайдалануына қарсы күрес туралы" Конвенцияны жөне "Қорытынды Хаттаманы ратификациялау туралы" заңға қол қойғаны мәлім. Жоғарыда аталған заң жобасы бойынша баяндаған Әділет министрінің орынбасары «Қазақстанның осы халықаралық шартқа қатысуы адамдарды сатуға байланысты қылмыстарға қарсы іс-қимылды және олардың алдын алуды неғұрлым сапалы деңгейге көтеруге, сондай-ақ республикадағы құқық қорғау органдарының басқа мемлекеттердегі құқық қорғау органдарымен ынтымақтастығын нығайтуға мүмкіндік береді» — деп мөлімдеді. Осыған байланысты ұлтгық заңнаманы ратификацияланған халықаралық шарттың ережелерімен сөйкес келтіру мақсатында, сондай-ақ Бас прокуратура мен Ішкі істер министрлігі жүргізген адамдарды сатуға байланысты қылмыстарды анықтау, жолын кесу және тергеу бойынша талдауды ескере отырып, адамдарды сатуға байланысты қылмыстар үшін жауапкершілік көзделетін Қылмыстық кодекстің кейбір баптарының жетілдірілмегені анықталыпты.

Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауындағы заңнама саласындағы проблемаларды көрсете келіп, «Тағы бір бұрыннан келе жатқан проблема мынада: біз қабылдаған көптеген заңдар заңға тәуелді қажетті қосымша актілердің жоғынан толық күшінде жұмыс істемейді» деген сөздері ұдайы қаперде ұсталынуы керек.

"Адамдарды сату" қылмысының құрамы 2000 жылғы 13 желтоқсандағы Біріккен Ұлттар Ұйымының Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс туралы Конвенциясын толықтыратын адамдарды, әсіресе әйелдер мен балаларды сатудың алдын алу және жолын кесу және ол үшін жауапқа тарту туралы хаттаманың ережелеріне сәйкес нақтыланған. Қазіргі кезде Трансұлттық ұйымдасқан қылмыс туралы Біріккен Ұлттар Ұйымы Конвенциясы және оған Хаттама бойынша Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі ратификациялау жөніндегі мемлекетшілік рәсімдерді жүргізуде.

Ал "Қазақстан Республикасындағы шетел азаматтарының құқықтық жағдайы туралы" заңдық күші бар Жарлыққа толықтыру ретінде ауыр жөне аса ауыр қылмыс жасалуы салдарынан жәбірленуші деп танылған уақытша келген шетелдік азаматтарға мәртебе беруді көздеу ұсынылды. Заң жобасы адам құқықтары мен бостандықтарын тану және оларға кепілдік беру, адамның кадір-қасиетіне қол сұғылмайтындығы туралы конституциялық нормаларды дамытуды қамтамасыз етуге бағытталған. Жоғарыда аталған заң жобасын қабылдау, адамдарды сатумен байланысты қылмыстарды анықтаудың жолын кесудің және тергеудің тиімділігін арттыруды, аталған қылмыстардың жасырын сипатын және заңсыз көшіп-қонушылардың еңбегін пайдалануға және шетелге жұмысқа орналастыру жөнінде тиісінше қызметтік реттеуге байланысты қылмыстардың санын азайтуды көздейтіні аталды.

Қазіргі уақытта адамдарды сату ауқымы аса ұлғайып, Трансұлттық қылмыстың бір бөлігіне айналып отыр. "Бизнестің бұл түрі өзінің кіріс деңгейі бойынша қару-жарақ пен есірткі саудасынан кейін үшінші орында тұр деп айтуға болады. Адамдарды сату көптеген саланы, яғни көші-қон, ұйымдасқан қылмыс, жезөкшелік және т. б. қамтитын кешенді проблема больш табылады. Біріккен ұлттар ұйымының деректеріне карағанда, 12 миллионға жуық адам әлі күнге дейін құлдық жағдайда өмір сүреді. Ал халықаралық сарапшылардың бағалауы бойынша, жыл сайын 5 миллионға жуық адам алдаудың кұрбаны болады, тірі тауарға немесе пайдаланудың басқа бір түрлеріне айналуда.

Қазақстан Орталық Азиядағы көптеген республикалар секілді траффиктің құрбаны болған адамдарды әкететін және олардың транзитін жүргізетін ел болып отыр. Мамандардың пікірінше, елімізде адам сату құрбандарының жыл сайынғы саны 5 мыңға жуық адамды құрайды. Елімізде соңғы үш жыддың ішінде заңсыз адамнан немесе мәйіттің органдары мен тінін алу фактілері тіркелмеген. Бірақ бұл проблема көршілес елдерде орын алғандықтан бұл өзекті проблемалардың бірі болып қала береді.



Жекелеген Сенат депутаттары адам органы мен тінін заңсыз алу туралы айтқан жағдайда, адам органы мен тінін трансплатация жасау туралы заңның қажеттілігіне баса назар аударды. Депутаттардың сөзіне сүйенсек, Қазақстанда мұндай заң елі қабылданбаған. Бұл орайда ненің заңды және ненің заңсыз екені беймәлім, алдымен қандай органды трансплатация жасау қажеттілігі, рәсімдеу төртібі жөне т.б. мәселелер заңда қаралуы қажет, содан соң барып заң бұзушылық болған жағдайда, қылмыстық жауапкершілік туындайтыны жайында айту керек деседі. Сөз болып отырған заң жобасына Сенат тарапынан енгізілген түзетулер Парламент Мәжілісінің қарауына жолданған.

Жиырма бірінші ғасыр адамзатқа алапат апаттар мен орны толмас өкініштерге толы өзгерістер әкеліп жатыр. Ендігі жерде адамды құлдықка сату мәселесі де өркениетті мемлекеттердің алдында шешілуге тиісті елеулі проблемалардың біріне айналды.

Қазақстан Республикасы мен Америка құрамы штаты арасында адамдарды құлдыққа сату қылмыстары төңірегінде келелі әңгіме болды. Екі елдің ресми өкілдері адамдарды құлдыққа сатумен бірлесе күрес жүргізу жөніндегі белгілеп отырған жоспарлы бағдарламаны бірінші кезекте басты назарға алу қажеттілігіне назар аударды. Аталмыш саладағы істің жағдайын анағұрлым жақсартуға және осы бағыттағы мүмкіндіктерді кеңейтуге жаңа саяси-құқықтық реформа кең көкжиектер ашатыны атап айтылды.

Бүгінгі демографиялық саясатқа, халық санын көбейту мәселесіне жаңа көзқарасты қалыптастырумен бірге, оның тың және соны жолдарын іске қосатын уақыт жетті. Мемлекеттің өз халқының санын көбейтуге мүдделігі нақты іргелі, кешенді шаралардан көрінуі керек. Халқының құрамы қазақстандықтардан әлденеше есе көп өзге мемлекеттерді айтпағанда, жыл сайын ондаған миллионға көбейетін көрші Қытай елінің саны бізді ойландыруға тиісті. Демек, республикадағы демографиялық ахуалға және халықтың денсаулығы жағдайын теріс ықпал ететін жезөкшелік пен жезөкшелікке байланысты қылмыстарға «Өтпелі кезеңдегі қиыншылықтың уақытша зардабы немесе жастар арасындағы Батысқа еліктеушіліктің зиянсыз көрінісі» деп жайбарақаттыққа салынсақ, ертең үлкен өкінішке қалуымыз мүмкін. Мысалы, Тайланд мемлекетінде бұрын тай ұлты қыздарының 15 жасынан бастап тәндерін саудаға салуы қалыпты жайт болып саналған. Бертін келе бұл әрекет күнкөріс тәсіліне, ал ХХ ғасырдың соңында дәстүрге айналып, әлеуметтік-қоғамдық өмірден берік орын алған. Тай қыз-келіншектерінің едәуір бөлігі жезөкшелік індетіне ұрынған соң, ұлт жанашырлары «Тай халқы қауіп-қатер үстінде!» деп, бұл қасіреттен құтылу жолдарын аласұрып іздестіруде.

Бұрынғы қазақ қоғамында жезөкшелік орын алмағандықтан, бұл құбылысқа байланысты қылмыстардың да орын алуы мүмкін емес еді. Сондықтан, әдет заңдарында оларға жаза түрлері қарастырылмаған. Ал қазіргі Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексте жезөкшелікпен айналысуға тарту (270-бап), жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе ұстау және жеңгетайлық (271бап) қылмыстарына жауаптылық белгіленгенімен, олар қоғамдық-әлеуметтік өмірімізде кең таралған. Дәлірек айтқанда, пайдақорлық мақсатында нәпсіқұмарлық сипатындағы бей-берекет жыныстық қатынастың өрбуіне қолайлы жағдай тудырушы қылмыс субъектілеріне қарсы бағытталған тиісті заңдар айтарлықтай нәтиже бермеуде. Айыпкерлерге белгіленген қылмыстық жауапкершілікті күшейту немесе жезөкшелікке ресми рұқсат беріп, заңды зинақорлар үйлерін ашу арқылы аталған қылмыс түрлерін ауыздықтау мүмкін емес екенін бірқатар шетелдерде жүзеге асырылған осындай іс-әрекеттердің қорытындыларынан анық байқауға болады.

Мемлекет адамгершілік құндылықтары мен қоғамдық пікірлердің қалыптасқан жүйесін ескере отырып, жезөкшелікпен күрестің ұлттық саясатын дербес белгілеуге құқылы. Сондықтан, бұл мәселеге орай бірегей тұжырымдама жасаған елдердің өзінде, оны жүзеге асырудың жолдары мен құралы әр түрі болуы мүмкін. Тіпті бір федералдық мемлекетте федерация субьектілері бір-бірінен айтарлықтай айырмашылығы бар түрлі саясат жүргізуі ықтимал. Айталық, Америка құрамы штаттың қазіргі заңнамасында кейбір штаттарда жезөкшелікке тыйым салынған және бұл үшін клиенттер де жазаланады. Енді бір штаттарда жезөкшелер қаңғыбастық жөніндегі заң бойынша қуғындалады. Мысалы, Невада штатында жезөкшелік зинақорлар үйлері шеңберінде ресми рұқсат етілген және олардың қызметі тәртіппен реттелген. Ұлыбританияда жезөкшелердің өзгелерді мазалауына ғана тыйым салынған. Францияның Қылмыстық кодексінде көше жезөкшелігіне яғни көпшілік орындарында өзгелерді мазалауға тыйым салатын баптарынан басқа жезөкшелікке шектеу қойылмаған.

Бірақ жезөкшелікке байланысты қоғамдық пікірдің және ресми билік орындарының ұстанымы қандай екеніне қарамастан, мемлекеттердің басым көпшілігінде оны пайдалану заңмен қуғындалады.

Жағдайдың осылайша қалыптасуына басты себеп не? Меңіңше, ең алдымен, қылмысқа қарсы күресте алдын алу шараларының нашар ұйымдастырылатындығында. Қылмыстық көрсеткіштердің артуына көшедегі қылмыстардың етек алуы «қомақты үлес» қосып отырғанын айтпасқа болмайды. Бүкіл әлемде бізде ашылған жедел басқару орталығы тектес нысандардың қызметі техникалық деп саналып, жұмысты полицей емес, азаматтық мамандар атқарады. Әрбір полицей өзіне жүктелген аса маңызды іспен қылмысқа қарсы тікелей күрес жүргізумен айналысуы керек, ал бір жерде отырып алып, пәрмен беру кәсіби полицейге тән үрдіс емес. Көшедегі қылмыстың санын тежеу үшін бейнекамералардың санын көбейту емес, керісінше, патрульдік-бекеттік қызметті жедел нығайту, шұғыл әрекет ететін құрамы көп топтар құру маңызды екендігін ұғынуға полицейлік жұмыс тәжірибесі немесе болжағыш-сараптамашы болудың қажеті жоқ. Сонымен қатар бізге соншалықты мәртебе ретінде құлағдар етіліп отырған бейнекамералардың жасырын жерлерге орналасуы да қылмыстың алдын алудағы кемшілік болып табылады. Азаматтар үшін қылмыстың ашылуы емес, қауіпсіздікті қамтамасыз ету аса маңызды. Мысалы, Францияда керісінше бейнебақылау тұрғаны туралы ескертетін тақтайшалар ілініп қойылады, мұнда полицейлер үшін қылмысты ашу емес, оның алдын алу, тонаушылыққа, зорлауға, кісі өлтіруге жол бермеу маңызды саналады. Біздің ойымызша, қылмыстың артуын тежеу үшін, азаматтарды қорғау үшін жаңа іс-шаралар, эксперименттер аса қажет. Патрульдердің және арнайы топтардың құрамына енгізіп, қоғамдық қауіпсіздікті тікелей қамтамасыз етуге жұмылдыру қажет. Бұл үшін басы артық ешқандай шығын кетпейді. Біз, салық төлеушілер, арнайы дайындықтан өткен және қаруланған жүздеген алып жігіттерді өзімізді қорғамаса, не үшін оқытып, дайындап, асырап отырмыз?

Адамгершілікке қарсы қылмыстармен күресудің әдісі ретінде Ресейдің «Полиция барлық жерде» әдісін қолданып көрудің де артықшылығы жоқ. Бұл үшін ішкі істер департаментінің, соның ішінде қосалқы, техникалық қызметтердің қызметкерлеріне жұмыстан тыс уақытта да полицейлік киімде жүруді міндеттеуіміз керек. Бұл үрдіс көшедегі полиция қызметкерлері санын арттыру есебінен алдын алуда өте тиімді болар еді.

Құқық бұзушылықтың алдын алу жүйесі үнемі жетілдіріп отыруы керек. Мысалға, Канада, Израиль елдеріндегі қылмыспен күрес жүргізу және оның алдын алу жүйесін алайық. Бұларда қылмыспен күреске зейнеткерлер де, жастар клубтары да, ұлттық орталықтар да, діни қайраткерлер де, үкіметтік емес ұйымдар да белсене қатысады. Ең бастысы қылмыспен тиімді күрес жүргізуде рөлді адамдық фактор иеленеді.

Халықаралық достастықтың жезөкшелікпен және әйелдерді кемсітушіліктің барлық түрлерінің көрінісімен күресуге бағытталған құқықтық актілердің шеңберінде қабылдаған шаралары біздің мемлекет үшін де тиімді екендігі анық. Әсіресе, халқымыздың тарихын, төлтума мәдениеті мен өмір салтын ескере отырып, ұлттық заңнама бойынша тиісті шараларды қабылдау қажет. Демек, ертедегі қазақ қоғамындағы халықтың әлеуметтік өміріне жезөкшелік құбылысының енуіне тосқауыл қойған факторларды, олардың кейінгі кезеңде жойылуының себеп-салдарларын анықтап, ескі салт-дәстүрлердің, сондай-ақ әдет заңдарының прогресшіл кейбірін жандандыру және оларды қазіргі өмір салтымен, қылмыстық-құқықтық, әкімшілік, азаматтық, тәртіптік заңдарымен байланыстыра қолданысқа енгізудің мүмкіндігін жан-жақты терең зерттеу қолға алынуы керек.

Адамгершілікке қарсы қылмыстар жасаушыларды жазалау арқылы құқық қорғау мен қоғамдық тәртіп салаларындағы проблемаларды шешу, сөйтіп адамдардың денсаулығын және ар-намысы құқығын қорғауға ұмтылу айтарлықтай нәтиже бере қоймайтынын; қылмыстарға белгіленген заңдар негізінен қылмыс жүзеге асқаннан кейін ғана күшіне енетінін, яғни бір ғана Қылмыстық кодекс мақсатқа жеткізбейтінін ескеріп, адамгершілікке қарсы қылмыстардың алдын алу, не дер кезінде бейтараптандыру проблемаларын шешу және оған қарсы күрестің пәрменділігін арттыру мақсатында заңның өзге салаларындағы Қылмыстық Кодекске демеу көрсете алатын тетіктерді толықтырып іске қосу керек. Сөйтіп, Қылмыстық Кодекске толықтырулар мен өзгертулер енгізу шарасы заңның өзге салаларында да жалғасын табуы бұл бағыттағы күрестің пәрменділігін, тиімділігін және нәтижелігін арттыра түспек.

Осындай ғылыми еңбектенудің нәтижесінде ғана демократиялық, құқықтық, зиялы қоғам құруды мақсат еткен еліміздің қоғамдық санасына, психологиясына, өмір салтына сай адамгершілікке қарсы қылмыстармен күрестің жаңа, кешенді бағдарламасын дайындап, жүзеге асыра аламыз.

Әдебиеттер
1 Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаев «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан» атты Жолдауы. 2007 ж.

2 Қазақстан Республикасының Конституциясы. − Алматы, 1995

3 БСЭ. − Москва, − С. 27− 35.

4 Энциклопедический словарь / под.ред. М.М. Филиппова. − СПб, 1901. − Т.2. − С. 27− 35.

5 Флекснер А.. Проституция в Европе. − М., 1926. − С.6

6 Бронкер В.А., Елистратов А.И., Борьба с проституций в России. − М., 1927. − С. 84 − 89

7 Психология: учебник. − М., 1979. − 106 с.

8 Аколиньский С. Проблема социальной потологии. Социальная политика. − М., 1997. − С.354

9 Статистика Российской империй. ХVIII-XIX. − СПб., 1890. − 210 с.

10 Отчет о деятельности центр сан.бюро и гор. амбулат. для освидет.проституция г. Москва с 1 марта 1889 г. по 1 января 1896 г. − М. , 1890. − С. 3 − 7

11 Статистика Российской империй. Проституция в Российской империй на 1августа 1889 года. − СПб., 1890. − Т.13. − С.36

12 Цена любви «Социологически исследования», 1987. − № 6

13 Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексіне түсінік. Ерекше бөлім-тарау. − Алматы, 2001. − Б.521 − 522 .

14 Ағыбаев А.Н.. Қылмыстық құқық. Ерекше бөлім. − Б.302− 311.

15 Статистический ежегодник Казахстана, 1999 − 2001 г.

16 Рабочий суд. – Л., 1925., − № 3− 8. Крамм.Э.Л., Зальцман Г.Г. Вендиспансер в борьбе с проституций. Венерология и дерматология. − М., 1927. − № 6. − С. 374 − 653




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет