Танатология (греч. thanatos — өлім)— өлім туралы ғылым болып табылады. Ол өз кезегінде 2 бағытқа бөлінеді.
Медициналық танатология;
Философиялық танатология;
— Медициналық танатология ол патанатомия (өлім себебін зерттеу) және реаниматология (адамды тірілту әрекеттерін олардың заңдылықтарымен салдарын зерттеу) ғылымдарына сүйене отырып дамиды.
—Философиялық танатология ол кешенді пән болып табылады. Ол екі бағытта дамиды. Платон философиясы әсерінен және өлім идеялары ретінде.
Философиядағы өлім мен өмір туралы ұғымдар
Өлім мен өмір көптеген философтардың еңбектерінде көрінеді. Өзінің өмірінің мәні өлім туралы ойламаған адам жоқ шығар. Бұл ойлар тіптен балалр мен жасөспірімдерді де толғандыратыны өлең шумақтардан, драмалар, трагедиялар, хаттар мен күнделіктер арқылы көз жеткізуге болады. Шопенгауэр «өлім жасанды гений, өмір сүру деген өлімге дайындық» деп жазған. Көп уақыт бойы адамзат өмір сүру туралы негативті ойда болды. Өмір –қасірет (Будда, Шопенгауэр.); өмір – ұйқы (Веда, Платон, Лабрюйер, Паскаль); өмір- зұлымдықтың тұңғиығы (жизнь – бездна зла) (ежелгі египет жазбаларында “Разговор человека со своим духом”). “Адам өмірі құнсыз» (Человеческая жизнь жалка) (Сенека); “ Өмір- ақымақтың әңгімесі, идиотпен айтылған, ашумен айқайға толы, бірақ мағынасынан айырылған» (Жизнь — это повесть глупца, рассказанная идиотом, полная шума и ярости, но лишенная смысла) (Шекспир); “Адам өмірі- тұрақты иллюзия» (Паскаль); «Адамзаттың барлық өмірі өтірікке терең батырылған» (Ницше);
Шынына келгенде әрбір адамның өмірі драма мен трагедиядан тұрады, себебі қаншалықты бақытты және сәтті болғанымен соңы бір, яғни өлім. Эклиазист авторы былай деген «Кім тірілер арасында болса, оған әлі де үміт бар, себебі тірі ит өлген арыстаннан артығырақ». Жүз жыл бұрын грек оқымыстысы Эпикур бұл сұрақты былай шешкісі келген «саған өлімнің еш қатысы жоқ деп үйрет, біз өмір сүргенде- өлім жоқ, ал өлім келгенде- біз тіршілік етпейміз»;
Міне осылай өлім туралы ойлана бастағанда, біз түсіне бастаймыз, өлім жалғыз ұғым оның алдында барлығы теңеледі. Бай кедеймен, таза мен кірлер, сүйетіндер мен сүйіспеншілігі болмағандар.Адамның ақылдылығы өмір мен өлім туралы тыныш қатынасы делінген. Махатма Ганди «Біз білмейміз- қайсысы жақсы өмір ме, әлде өлім бе? Сондықтан біз өмірмен аса тамсанбауымыз керек, өліммен ойымызды күштемеуіміз керек, біз екеуіне де бірдей қарауымыз керек»;
Әр елдегі өлім мен өмір философиясы
Өлім тақырыбы философтардың жазбасы бойынша әр елде бұл тақырып әр түрлі сипатталады. Өлім алдындағы қорқыныш кейбір елдерде атымен жоқ. Өлім алдындағы қорқыныш адам табиғатына енгізілген, ол адамның психикалық деңгейінде орналасқан.
Қытай
Ежелгі Қытайда өлім терең мағынаға ие емес, егер адам өлсе, ешқандай трагедия жоқ. Ол бәрібір тірі, адамның арасында қалады. Бірақ ұйқылы қалыпта. Адам тірілерден шартты түрде ғана кетеді. Әлем “тірі өліктермен” толтырылған. Олар басқа жағдайға ауысты бірақ ана өмірге кеткен жоқ. Сондықтан олардың мәдениеттерінде өлім символы- жер болып табылды. Қартайған ата- анасына жер дайындау- сүйіспеншілігін көрсетті.
Египеттіктер
Ана өмір мен осы өмірді бөлген жоқ. Олар ана өмірдеде осылай өмір сүреді деп есептеді. Бальзамдау, мумификациялау, үлкен қабірлер дайындау, барлығы бір мақсатта өлместіктің символы ретінде қалыптасты. Ежелгі хандықтың эпохасында египеттіктер өлген адамның жаны жұлдыздармен жалғасады деп есептеді. Әрбір түнде жан қайтадан денеге оралу үшін жұлдызды тастап кетеді деді. Египетте өлілер кітабы- құлшылықтар жиынтықтары, магиялық әуендер, мифологиялық жазбалардан тұрды. Бұл жазбалардың мағынасы қайшы- олар 2 күшті религиялық әдет- ғұрыптар арасында (Күн құдайының жрецтері мен Озиристің артынан ерушілер) болды. Сонымен ежелгі қытай мен египет мәліметтерінде өлім мен өмір теңеседі. Арасында аздаған шекара болғанымен 2 өмірде тең.
Еврейлер
Ежелгі еврейлер өлім фактісін реалистік түрде қабылдады.Олар өмірдің аяқталатының түсінді. Олар адамның 2 жағы бар деді. Өлген соң бір жағы жер астына түседі деді, мұңлы қараңғылықта өмір сүре бастайды дейді. Яхва шашылған сүйектерді киіп, өлгендерді ана өмірге тірілтеді делінді. Кобалистік традицияда жан ұшып жүреді, басқаға қонады деп түсінді. Адам жаны жануарға, ағаш жапырақтарына, тасқа да қонуы мүмкін. Ол адаммен және құдаймен тікелей байланыста болады. Иудейлер өздерін ана өмірде бақыт, әділеттілік болады деп жұбатты. Бірақ жалпы алғанда олардың концепциясында пессимизм басым.