Күтілетін нәтижелер:
білім беру ортасының қоғамның ағымдағы сұранысына бейімделуі;
оқыту сапасының артуы, мұғалімнің өз пәні саласында білімнің жинақталуы, оқытудың қазіргі әдістерін меңгеруі мен педагогикалық процесті компьютерлік технология көмегімен ұйымдастыруы;
дарынды оқушылармен жұмыс нәтижесінде олимпиада, ғылыми жоба, түрлі байқаулар жеңімпаздарының санының артуы
Мұғалім жұмысының нәтижелері әдістемелік бірлестік мәжілістерінде, семинар-практикумдерде, педагогикалық кеңестерде тыңдалады. Осы жұмыстың нәтижесі – мұғалімдердің шығармашылық есептері, озық педагогикалық тәжірибені жалпылау болып табылады. Осы міндеттерді іске асыруда мектептің әдістемелік кеңесі мен ӘБ жетекшілеріне үлкен жауапкершілік жүктелетіні анық. Сол себептен әрбір бірлестік мектептің әдістемелік кеңесімен тығыз байланыс жасай отырып, өздерінің әдістемелік тақырыптары бойынша жұмыс істеді.
Әдістемелік жұмыс үш түрлі қызмет атқарады:
1. Әр ұстаздың педагогикалық әрекетке шеберлігін қалыптастыру. (сабақты тиімді жоспарлау; жетістік пен кемшілікке дұрыс талдау жасай білу; жоспарлы іс жасау іскерлігі, т.б.).
2. Бірлесе қимылдап ұжымды ортақ шешімге келуге жұмылдыру, мектепте педагогикалық пікірлестер ұжымын құру.
3. Озық және жаңа педагогикалық іс-тәжірибелер жетістіктерін енгізу.
Әдістемелік жұмыстың түрлері: 1. Жалпы мектеп бойынша өткізілетін шаралар (әдістемелік кеңес, педкеңес, семинар, педоқу, ғылыми-практикалық конференция). 2. Топпен өткізілетін шаралар (пәндер бойынша әдістемелік бірлестіктер). 3. Жеке жүргізілетін шаралар (мұғалімдердің өздігінен білімін жетілдіруі).
мектептің ғылыми-әдістемелік жұмысының құрылымдық сызбасы
Педагогикалық кеңес
Әкімшілік кеңес
Ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру
Әдістемелік кеңес
Әдістемелік күндер
Семинарлар
Әдістемелік бірлестіктер
«Ізденіс» орталығы
Бастауыш сыныптар
«Кәсіби даму» мектебі
Курстар
Қоғамдық пәндер
«Жедел жәрдем» жас мамандар мектебі
Өз білімін көтеру
Шет тілдері
«Озат тәжірибе» мектебі
Шығармашылық жұмыстар
ИФМ
«Дарын» ОҒҚ
оқушылар ұйымы
Жаратылыстану пәндері
Ашық сабақтар
Өнер пәндері
Кітапхана
Талдау
Дене тәрбиесі және АӘД
Ұсыныс
Мектептің ақпараттық орталығы: педкеңес, мұғалімдермен кеңес
Әдістемелік кеңеске директордың оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі орынбасары басшылық жасайды және оның құрамына пән бірлестіктерінің жетекшілері енеді. Пән бірлестіктері мен құрылған шығармашылық топтар әдістемелік кеңесте өз жұмыстарына есеп беріп отырады. Пән әдістемелік бірлестіктеріне тәжірибесі мол, ғылыми ізденісте шыңдалған мұғалімдер жетекшілік етеді.
Мектепте мұғалімдердің ақпараттық мәдениетін қалыптастыру, жаңа педагогикалық технологияларды оқып үйрену, шығармашылық ізденісті ұйымдастыру, ұстаздардың іс-тәжірибесіне қажетті технологияны таңдап алу, оның өсу деңгейін бақылап отыру ісін ұйымдастыру, авторлық бағдарламаларды жасауға басшылық ету, жаңа педагогикалық технология бойынша ұстаздармен ғылыми жұмыстар жүргізу мақсатында «Ізденіс» орталығы құрылған.
«Ізденіс» орталығындағы топтар:
І. «Кәсіби даму» мектебі; Мақсаты: Мектеп мұғалімдерінің оқу үрдісінде жаңа технологияларды оқып-үйреніп бүгінгі күн талабына сай қолдана білу, шығармашылық жұмыспен айналысуына мүмкіндік жасау, жаңа педагогикалық технологиялардың курстарына қатысу мен сертификаттау жұмыстары, пән бойынша білім сапасына сараптама
ІІ. «Озат тәжірибе» мектебі. Мақсаты: Мұғалімнің инновациялық озық іс тәжірибесін зерттеу, жинақтау, оқу –әдістемелік кешендер, авторлық бағдарламалар құру, тәжірибе тарату, басылымда жарияланымдар
ІІІ. «Жедел жәрдем» жас мамандар мектебі. Мақсаты: Жас мұғалімдерді қазіргі өмір талабына сәйкес, бағдарланған білім берудегі жаңашыл қызметте жаңа технологиялармен жан-жақты жұмыс істеуге жұмылдыру.
IV. «Дарын» оқушылардың ғылыми қоғамы. Мақсаты: Оқушылардың ғылыми-зерттеуге қызығушылығын қалыптастыру, шығармашылық қабілетін дамыту, ғылыми ізденудің әдістерін үйрету арқылы оқушыларды ғылыми-көрегендікке шығармашылыққа баулып, жан-жақты дамыған тұлға тәрбиелеу.
1) Мектептің әдістемелік қызметі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы № 644 бұйрығымен бекітілген «Әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңес қызметі және оны сайлау тәртібінің үлгі ережесіне» сай жұмыс атқарады. Әдістемелік қызмет білім саласына қатысты заңдар, заңнамалар, бағдарламалармен толық қамтамасыз етілген. Әдістемелік кеңесте күнтізбелік жоспарды жасауға қолданылатын бірыңғай талаптар, әдістемелік нұсқау хат, білім беру ұйымдарында пайдалануға рұқсат етілген оқу басылымдарының тізбесі таныстырылып, талқыланды. Бірлестік отырыстарында пән бойынша бағдарламалар қаралды. Бірлестік жетекшілеріне бірлестік іс-құжаттарын жүргізу жайлы нұсқау берілді. Мектепішілік олимпиада және ғылыми жобалар сайысы ҚРБЖҒ министрінің 2014 жылғы 8 тамыздағы № 340 бұйрығы бұйрығымен бекітілген «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиадаларды ұйымдастыру және өткізу қағидалары».және «Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурстарын ұйымдастыру және өткізу қағидаларына» сай жүргізілді.
Әдістемелік қызметтің жұмысы нормативтік-құқықтық қамтамасыз етілген. Тиісті локальді актілері:
Мектептің педагогикалық кеңесінің Ережесі;
Мектептің әдістемелік кеңесінің Ережесі;
«Әдістемелік бірлестіктер туралы ЕРЕЖЕ»,
«Жас мамандарға тәлімгерлік туралы ЕРЕЖЕ»,
«Жас педагог мектебі туралы ЕРЕЖЕ»,
«Шығармашылық топ туралы ЕРЕЖЕ»,
«Дарын» оқушылар ғылыми қоғамының ЕРЕЖЕСІ»,
«Пән апталықтарын өткізу туралы Ереже»
«Үздік кабинет» байқауының Ережесі;
Оқушылардың ғылыми жарыстарын өткізу туралы Ережесі;
Оқушылардың пәндік олимпиадаларын өткізу туралы Ереже;
«Үздік авторлық бағдарлама» байқауының Ережесі.
«Мектепішілік бақылау туралы ЕРЕЖЕ» жинақталған.
Әдістемелік кеңес, пән бірлестіктері отырысының хаттамалары, іс-құжаттары талапқа сай жүргізіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |