І. Мектептің педагогикалық ұжымының әдістемелік қызметін талдау.
Мектеп жұмысының бүкіл жүйесін біртұтас дүниеге біріктіретін мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін арттырудың маңызды құралы әдістемелік қызмет болып табылады. Озық педагогикалық технологияны жинақтау мақсатты, жоспарлы, ұйымдастырылған түрде әдістемелік кеңесте жүзеге асады. Өзіміз білетіндей, мектепте білім сапасын арттыру мұғалімдерден басталады. Ұстаз – білім беру жүйесіндегі бала үшін ең маңызды тұлға. Педагогтің кәсіпқойлығы, оның біліктілігі, тұлғалық даму деңгейі, көзқарасы, үдерістер, көбіне білім беру үдерісінің өзін анықтайды. Сапалы білім беру – жеке тұлғаның қалыптасуы, өз бейнесін: қайталанбас даралығын, руханилығын, шығармашылық бастамасын тануы. Жеке тұлғаны дамыту, оны іс жүзінде таныту, өзін-өзі реттеу, өзін-өзі қорғау, өзін-өзі тәрбиелеу механизмдерін қалыптастыру, оның адамдармен, табиғатпен, мәдениетпен, өркениетпен татулықта және ынтымақтастықта өмір сүруіне ықпал етеді. Тек оқушылар ғана емес, сонымен қатар білім беру үдерісінің қатысушылары ретінде мұғалімдер де белгілі жетістіктерге қол жеткізгенде білім беруді сапалы деп атауға болады.
Әдістемелік жұмыста әр мұғалімге әсерлі көмек көрсетуге баса назар аударылады. Осы көмек шынайы болуы үшін өткен жылғы жұмыс талдауларының нәтижелері мен анықталған кемшіліктер ескеріле отырып, ол диагностикалық негізде құрылады. Мектеп әдістемелік жұмысы әдістемелік кеңесте бекітілген тақырып бойынша жұмыс істеді.
Достарыңызбен бөлісу: |