«Құқық негіздері» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9 сынып


«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы



бет2/4
Дата13.12.2021
өлшемі50,08 Kb.
#125428
1   2   3   4
Байланысты:
сссор соч

«Құқық негіздері» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы

9-сынып


Нұр-Сұлтан, 2019
МАЗМҰНЫ

  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты ………………………….. 3 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар. 3 3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер …………………………… 3 4. Ойлау дағдыларының деңгейі ……………………………………………….. 4 5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу ……………………………………………………………… 5 6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері ………………….. 5 7. Модерация және балл қою ……………………………………………………. 5

I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ……… 6 IІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ …… 11 IІІ ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ ….. 17 IV ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ…. 22 3

1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты білім алушылардың тоқсан барысында меңгерген білім мен білік және дағдыларын анықтауға бағытталған. Жиынтық бағалау күтілетін нәтижелер жетістігін және тоқсанға жоспарланған оқу мақсаттарына жеткендігін тексереді. 2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар Негізгі білім беру деңгейінің 9-сыныбына арналған «Құқық негіздері» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы 3. «Құқық негіздері» пәнінен күтілетін нәтижелер Білу — құқық пәні мен ұғымын; — заманауи құқық жүйелерін; — іргелі құқықтық және әлеуметтік құндылықтарды: адам құқығы, демократия, азаматтық қоғам және құқықтық мемлекет, заңдылық және құқық тәртібі; — қазақстандық құқық саласының базалық мазмұны мен негізгі ұғымдарын; — құқық дереккөздерін біледі. Түсіну — мемлекет және құқықтың пайда болуы, олардың өзара байланысы; — қазақстандық құқық салаларының негізгі ұғымдары мен базалық санаттарын; — құқық мазмұнын, нақты құқықтық қарым-қатынастардың қатысушысы ретінде азаматтың міндеттері мен жауапкершілігін; — әлеуметтік өмірдің негізгі салаларындағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу қажеттілігін; — тұлғаның құқығын құрметтеу қажеттілігін түсінеді. Қолдану — күнделікті өмірде және практикалық әрекетінде құқықтық ақпаратты; — құқықпен реттелген, күнделікті өмірде заңға сәйкес іс-қимыл мен мінез-құлық тәртібін таңдау кезінде; — құқықтар мен бостандықтарды жүзеге асыру тәсілдерін айқындау кезінде, сондай-ақ бұзылған құқықтарды қорғау кезінде; — тиісті органдар мен ұйымдарға білікті заң көмегіне жүгіну кезінде; — өзекті қоғамдық және құқықтық мәселелер бойынша пікірталастарға қатысу кезінде қолданады. Талдау — қоғамдағы құқықтық қатынастарды реттейтін нормалар мен тетіктерді; — құқықтық қатынастар субьектілерінің негізгі құқықтары мен міндеттерін; — қоғамдағы құқықтық қатынастарға байланысты, күрделі емес практикалық жағдаяттарды; — жасөспірімдердің заң алдындағы жауапкершілігін және құқықтық ережелерінің ерекшеліктерін; — түрлі деректерден алынған құқықтық сипаттағы ақпараттарды талдайды. Жинақтау — қоғамда әлеуметтік бейімделу үшін құқықтық және адамгершілік нормаларын ескере отырып, түрлі практикалық жағдаяттардағы мінез-құлық моделін 4 жинақтайды. Бағалау — қоғамдағы мемлекеттік-құқықтық институттардың қызметі, олардың дамуына өз үлесін қосу мүмкіндігін; — қоғам өміріндегі оң және келеңсіз құбылыстарды; құқық қорғау мен заңдылық мәнін; — нақты мәселелерді шешуде саналы белсенділік таныту қабілетін көрсету; — адамгершілік нормаларына сәйкес белгіленген міндеттерді сындарлы шешу үшін өзінің ұжымда және топта ынтымақтасу қабілетін бағалайды. 4. Ойлау дағдыларының деңгейі Ойлау дағдыларының деңгейі Сипаттама Тапсырмалар түрлері Білу және түсіну Әкімшілік құқық, Конституциялық құрылым негіздері, азаматтық құқық ұғымы мен қағидалары, неке және отбасы ұғымдарын біліп, түсіндіреді КТБ — Көп таңдауы бар тапсырмалар ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар Қолдану Конституция негізінде мемлекеттік органдардың қызметтері, меншік түрлері, ҚР еңбек жағдайлары, әкімшілік құқық бұзушылықтың түрлері мен белгілерін анықтап, тұжырымдамалармен жұмыс жасайды. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар Жоғары деңгей дағдылары Құқықтық жағдаяттарды талдау арқылы жұмыс беруші мен жұмысшының құқықтары мен міндеттерін анықтайды. Азаматтық құқықтағы міндеттемелер мен жауапкершіліктер, құқықтық нормативтік актілерге сүйене отырып, еңбек дауларын, құқықтық жағдаяттарға талдау жасайды. Қылмыстық жауапкершіліктің және жаза түрлерін ажыратады. Еңбек шартының мазмұнын талдайды. Құқықтық мемлекеттің ерекшелігі мен маңызын талдайды. Отбасының қоғамдағы маңыздылығын, әкімшілік құқық нормалардың маңызын бағалайды, шешу жолдарын ұсынады, құқықтың мәні мен мазмұнын ашады. ҚЖ — Қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар ТЖ — Толық жауапты қажет ететін тапсырмалар 5 5. Тоқсандарға ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды бөлу Тоқсан Білу және түсіну Қолдану Жоғары деңгей дағдылары I 100% 0 0 II 0 75% 25% III 0 25% 75% IV 0 0 100% Барлығы 25% 25% 50% 6. Тоқсан бойынша жиынтық бағалауды өткізу ережелері Тоқсан бойынша жиынтық бағалау кезінде кабинетіңіздегі көмек ретінде қолдануға мүмкін болатын кез келген көрнекі құралдарды (диаграммалар, кестелер, постерлер, плакаттар немесе карталарды) жауып қойыңыз. Тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталмас бұрын алғашқы бетінде жазылған нұсқауды оқып, білім алушыларға жұмыстың орындалу ұзақтығын хабарлаңыз. Білім алушыларға жұмыс барысында бір-бірімен сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Нұсқаулықпен таныстырып болғаннан кейін білім алушыларға тоқсан бойынша жиынтық бағалау басталғанға дейін түсінбеген сұрақтарын қоюға болатындығы туралы айтыңыз. Білім алушылардың жұмысты өздігінен орындап жатқандығына, жұмысты орындау барысында көмек беретін қосымша ресурстарды, мысалы, сөздіктер немесе калькуляторлар (спецификацияда рұқсат берілген жағдайлардан басқа уақытта) пайдалануларына мүмкіндіктерінің жоқ екендігіне көз жеткізіңіз. Олардың жұмыс уақытында бір-біріне көмектесулеріне, көшіріп алуларына және сөйлесулеріне болмайтындығын ескертіңіз. Білім алушыларға дұрыс емес жауапты өшіргішпен өшірудің орнына, қарындашпен сызып қоюды ұсыныңыз. Жұмыс барысында нұсқаулыққа немесе жұмыстың ұзақтығына қатысты білім алушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беруге болады. Жек елеген білім алушыларға көмек беруге негізделген кез келген ақпаратты оқуға, айтуға, өзгертіп айтуға немесе көрсетуге тыйым салынады. Тоқсандық жиынтық бағалаудың аяқталуына 5 минут уақыт қалғандығын хабарлап отырыңыз. Тоқсандық жиынтық бағалау аяқталғаннан кейін білім алушылардан жұмыстарын тоқтатып, қалам/ қарындаштарын партаның үстіне қоюларын өтініңіз. 7. Модерация және балл қою Барлық мұғалімдер балл қою кестесінің бірдей нұсқасын қолданады. Модерация үдерісінде бірыңғай балл қою кестесінен ауытқушылықты болдырмау үшін жұмыс үлгілерін балл қою кестесіне сәйкес тексеру қажет.
I ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ

І тоқсан бойынша жиынтық бағалауға шолу

Жиынтық бағалаудың өткізілу уақыты – 40 минут Балл саны – 20 балл Тапсырмалар түрлері: КТБ — көп таңдауы бар тапсырмалар; ҚЖ — қысқа жауапты қажет ететін тапсырмалар; ТЖ — толық жауапты қажет ететін тапсырмалар. Жиынтық бағалаудың құрылымы Берілген нұсқа көп жауапты тест сұрақтары және қысқа/толық жауапты қажет ететін сұрақтарды қамтитын 4 тапсырмадан тұрады. Тест тапсырамаларынан берілген жауап нұсқаларының ішінен дұрыс бір жауапты таңдайды. Қысқа жауапты қажет ететін сұрақтарға сөздер немесе қысқа сөйлемдер түрінде жауап береді. Тапсырма бірнеше құрылымдық бөлімдерден/сұрақтардан тұруы мүмкін.
Жауаптары

Балл Қосымш а ақпарат 1 1.1. Е 1 1.2. C 1 1.3 B 1 1.4 A 1 1.5 А





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет