жоспары: 1.Ата-аналық құқықтар мен мiндеттердiң пайда болу негiздерi 2. Әкелiктi тану 3. Ата-аналардың балаларды тәрбиелеу туралы конституциялық мiндеттерi. Ата-аналық құқықтарды қорғау 4. Ата-аналық құқықтан айыру, шектеу, қалпына келтiру оның құқықтық салдары
Ата-аналық құқық – ата-ананың өз балаларын тәрбиелеу құқығы. Ата-аналық құқық балалардың мүдделеріне сай жүзеге асырылуға тиіс. Ата-ана баласын коммунизм құрылысшының моральдық кодексі рухында тәрбиелеуге, баланың шынығып өсуіне, оқуына, қоғамға пайдалы қызметке әзірленуіне қамқорлық жасауға міндетті. Әке мен шеше бала тәрбиелеуде тең құқылы, олардың арасында бала тәрбиелеуде туған даулы мәселелерді балаларға қамқорлық жасайтын ұйымдар шешеді. Ата-ана ажырасып кеткенде де, балалары жөніндегі мәселеде тең құқылы болып қала береді. Бір-бірінен бөлек тұратын ата-ананың балалары қайсысының қолында қалатыны туралы дауды сот шешеді. Балалардан бөлек тұратын әке не шеше баланы тәрбиелеу ісіне қатысуға міндетті, сондықтан баламен бірге тұратын әке не шеше бұл іске қарсылық жасамауы керек. Некеде тұрған ата-ана ғана баланы тәрбиелеу жөнінде тең құқылы болып саналады. Ата-ана өзара некеге тіркелмесе, әкесі заңда қаралған тәртіппен танылмаса, Ата-аналық құқықны баланың анасы ғана жүзеге асырады. Ата-ана өз баласын заңсыз ұстап отырған адамдардан өз тәрбиесіне қайтарып алуды сот арқылы талап етуге құқылы. Ата-ана өздерінің кәмелетке толмаған балаларына заң бойынша қамқоршы белгілей алады. Қамқоршы адам баланың өзіндік және мүліктік мүдделерін қорғауға міндетті. Ата-аналық құқық бала кәмелетке толғанша жүзеге асыралады.