Қамқоршылық және қорғаншылық түсінігі, жалпы сипаттамасы. Отбасы мүшелерінің алименттік қатынастары. Ата-анасының қайтыс болуы, олардың ата-ана құқықтарынан айырылуы, олардың ата-ана құқықтарының шектелуі, ата-анасының әрекетке қабілетсіз деп танылуы, ана-анасының сырқаттылығы, ата-аналардың ұзақ уақыт болмауы, ата-аналардың балаларын тәрбиелеуден немесе олардың құқықтыры мен мүдделерін қорғаудан жалтаруы, соның ішінде ата-аналардың тәрбиелеу, емдеу және басқа да осыған ұқсас мекемелерден өз балаларын алудан бас тарту, сондай-ақ ата-аналардың құқықтыры мен мүдделерін қорғау қорғаншы мен қамқоршы органдарына жүктеледі. Қорғаншы мен қамқоршы органдар ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балаларды анықтайды, осындай балалардың есебін алуды жүргізеді және ата-анасының қамқорлығынсыз қалудың нақты мән-жайларын негізге ала отырып, балаларды орналастырудың нысандарын таңдайды. Сондай-ақ оларды асырау, тәрбиелеу және білім беру жағдайларына одан әрі бақылау жасауды жүзеге асырады. Қорғаншы және қамқоршы органдардан басқа, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды орналастыру жөніндегі заңды және жеке тұлғалардың қызметіне жол берілмейді. Мектепке дейінгі білім беру, жалпы білім беруің, емдеу және басқа да мекемелердің ауазымды адамдары және өзге де азаматтар олар туралы қорғаншы және қамқоршы органдарға баларын нақты тұрған жерін хабарлауға міндетті. Қорғаншы және қамқоршы орган мұндай мәліметтер алған күннен бастап, 3-күн ішінде баланың тұрмыс жағдайына зерттеу жүргізуге ата-аналардың немесе оның туыстарының қамқорлығы жоқ екендігі фактісі анықталған кезде бааны орналастыру туралы мәселе шешілгенге дейін оның құқықтары мен міндеттерін қамтамассыз етуге міндетті.
Ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тұратын тәрбие, емдеу және басқа да мекемелердің басшылары баланы отбасы тәрбиесіне беру мүмкіндігі белгілі болған күннен бастап, 7-күн мерзім ішінде бұл туралы осы мекеменің тұрған жері бойынша қорғаншы және қамқоршы органға хабарлауға міндетті.
Қорғаншы және қамқоршы органы мәліметтер түскен күннен бастап 1-ай ішінде баланы орналастыруды қамтамассыз етеді. Ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларды тәрбиелеудің негізгі нысандары:
1. Баланы асырап алу;
Қорғаншылық пен қамқоршылықты белгілеу болып табылады.
Бала асырап алу-бұл тегі жағынан бір-бірімен ешқандай байланысы жоқ адамдардың арасында ата-аналар мен балалардың арасында болатындай құқықтық қатынастар орнату болып табылады.
Бала асырап алудағы мақсаты ата-анасы жоқ, отбасының қамқорлығынсыз қалған, материалдық жағынан қамқорлықты қажет ететін балаларды қамтамассыз ету. Бала асырап алу бала асырап алушының тұрғылықты жеріндегі аудандық және оған теңестірілген сотқа берген өтініші бойынша жүзеге асырылады.
Өтініштің мазмұны:
Бала асырап алушылардың тегі, әкесінің аты, аты, олардың тұрғылықты жері;
Асырап алынатын баланың тегі, аты, әкесінің аты, туған күні, айы,жылы, оның тұрғылықты (жүрген)жері, асырап алынатын балардың ата-аналары, аға-інілері мен апа-қарындастарының бар-жоғы туралы мәліметтер;
Бала асырап алушылардың баланы асырап алу жөніндегі негіздейтін мән-жайлар және осы мән-жзайларды растайтын дәлелдемелер;
Бала асырап алушылар баланың тууы туралы акт жазбасына тиісті өзгерістер енгізгісі келген жағдайда, асырап алынатын баланың тегін, атын,туған күнін (баланы бір жасқа дейін асырап алған жағдайда), асырап алынатын баланың туған жерін өзгерту туралы, баланың тууы туралы акт жазбасына бала асырап алушыларды ата-ана ретінде жазу туралы өтініш көрсетілуі тиіс.
Сондай-ақ қорғаншы және қамқоршы органы істі сотқа әзірлеу кезінде баланы асырап алудың негізділігі және баланың мүддесіне сай екендігі туралы сотқа қорытынды береді. Сот баланы асырап алу туралы істерді жабық сот отырысында қарайды. Баланы асырап алу үшін баланың туған ата-анасы бар болса келісімі қажет. Бала асырап алу үшін ата-ана құқықтарынан айырылған немесе белгілі-бір тәртіп бойынша әрекетке қабілетсіздігі анықталған сондай-ақ бала асырап алудың алдында 1-жыл бойы олардыңтұрағы туралы еш хабар болмаса ата-ананың келісімі талап етілмейді. Бала асырап алу үшін 6-айдан астам уақыт балалармен бірге тұрмаған және ешқандай негізсіз балаларын бағып-күтуге, тәрбиелеуге аралдаспай отырған ата-аналардың келісімі де міндетті емес. Бала асырап алушының отбасында баланың өсуіне, тәрбиеленуіне және білім алуына жағдай болғанда ғана бала асырап алуына рұқсат беріледі.
Неке және отбасы туралы Заңның 80-бабына сәйкес ерлі-зайыптар да қәмелетке тоғандары бала асырап алуға құқылы. Бала асырап алуға тек мыналарға тыйым салынады:
Сот әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп толылған адамдар;
Сот біреуін әрекетке қабілетсіз немесе әрекет қабілеттілігі шектеулі деп танылған ерлі-зайыптырлар;
Сот арқылы ата-аналық құқықтарымен айтырылған немесе сот ата-аналық құқықтарын шектеген адамдар;
өзіне заңмен жуктелген міндеттерді тиісінше орында мағыны үшін қорғашылық (қамқоршылық) міндеттерден шектелген адамдар;
денсаулық жағдайы бойынша ата-ана құқықтары жүзеге асыра алмайтын адамдар;
Некеде бар адамдар бала асырпап алғанда оның біреу ғана тілек білдерсе онда бала асырап алу үшін екіншісінің келісімі қажет. Мұндай келісім жазбаша түрде жасалуы керек. Бала асырап алудың құпиясы заңмен қорғалады.Неке және отбасы туралы Заңның 95- бабы егер бала асырап алушы бала тәрбиелу жөніндегі өзінің міндеттерің тиісінше орындамаса, балаға қамқорлық жасамаса ата-аналық құқықтарынан айырудың түрлі себептерге сай келетін басқа да негіздер бойынша егер мұны баланың мүддесіне талап етсе, оңда шын мәнінде бала асырап алудың күшін жою шараларын белгілейді. Бала асырап алудың күшін жою тек сот арқылы жүзеге асыралады.
Бала асырап алудың күшін жою түрлері іс қорғаншы және қамқоршы органың, сондай-ақ прокурордың қатысумен қаралады. Бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап бала асырап алу тоқтатылады. Сот бала асырап алудың күшін жою туралы сот шешімі заңды күшіне енген күннен бастап үш күн ішінде осы шешімнің үзіндісін бала асырап алуды мемлекеттік тіркеу орны бойынша азаматтық хал актілерін жазатын орган мен қорғаншы және қамқоршы органдарға жіберуге міндетті.Заң бала асырап алудың күшін жоюдан басқа, бала асырап алуды жарамсыз деп тануды да қарастырады Неке және отбасы туралы Заңның 92 бабына сәйкес бала асырап алу мынадай жағдайларда жарамсыз деп танылады:
1.Асырап алу туралы шешім жалған құжаттар негізінде қабылданғанда;
2.Заң бойынша міндетті болса да бала асырап алу ата-ана лардың келісімінсіз жасалғанда;
3.Некеде турмаған адам жұбайлық келісімінінсіз бала асырап алғанда;
4.Заң бойынша бала асырап алуға құқығы жоқ адамдар бала асырап алғанда;
5.Бала асырап алуды жарамсыз деп тану сот тәртібімен жүргізілгенде;Қорғаншалық пен қамқоршылық ата-анасының қамқорлығының қалған балаларды тәрбиелеу үшін, сондай-ақ өзінің құқығы мен оған жүктелген міндеттерді өз бетінше жүргізу мүмкіндігінен, айырылған адамдардың жеке және мүліктік мүделерін қорғау үшін белгіленеді.ҚР-ның заңдарымен қорғаншылық пен қамқоршылықтын мынадай түрлері қарастырылған:
кәмелетке толмаған балаларға қорғаншылықпен қамқоршылық жасау;
психикалық аурулардың салдарынан немесе ойлау қабілетінің төмендігінен сотпен әрекетке қабілетсіз деп танылған адамдарға (өздерінің айтуы бойынша);
әрекетке қабілетті , бірақ күш қабілетінен айырылған адамдарға өздерінің айтуы бойынша қамқоршылық жасау;
ішімдікпен әустенудің немесе есірткіні шектен тыс қолдануда салдарынан әрекетке қабілетсіздігі сотпен шектелген адамдарға қамқорлық жасау;
мүліктерге қорғаншылық пен қамқоршылық жасау;
Кәмелетке толмағанға қамқоршылық және қорғаншалық жасау- баланың ата- анасының ауруы, қайтыс болуы олардың ата-аналық құқықтарынан айырылуы салдарынан немесе басқа да себептермен ата-анасының қамқорығынсыз қалған балаларды тәрбиелеу үшін белгіленеді. Қорғаншалақ пен қамқоршылық жасаушылар тәрбие мәселесінен қатар, балалардың жеке және мүліктік құқықтары мен мүдделерін қорғауды да жүзеге асырады. Қорғаншалық жасау 14 жасқа дейінгі балаларға, ал қамқоршылық ету 14-тен 18ге дейінгі жасөспірімдерге белгелінеді.
Психикасының салдарымен немесе ақыл естік кемдігінен өз әрекеттеріне жауап бермейтін адамдарға қорғаншы белгілеу оның әрекетке қабілетсіздігін анықталған сот шешімі негізінде жүзеге асырылады.Ал әрекетке қабілетті және өзінің іс қимылына жауап бере алатын, бірақ күш-қуаты жоқ (мүгедектер, қарт адамдар) кәмелет жасындағыларға қамқоршылық белгілеу оған материалдық көмек пен қолдау көрсететін балаларының және жақын туыстарының бар болғанына қарамастан жүзеге асырыла береді. Мұндай адамдарға қамқоршылық жасау тек қана олардың арызы бойынша белгіленеді. өздерінің құқықтарымен міндеттерін қорғауды қажетсініп отырған адамдар тәрбие немесе емдеу мекемелеріне орналастырылған болса, оларға қамқоршылық пен қорғаншылық жасау белгіленбейді, мұндай жағдайларда қорғаншы болудың міндеттерін сол мекемелердің әкімшілігі арнайы құжаттарсыз-ақ атқара береді.Бұл адамдардың мүліктік мүддесін қорғау үшін қажетті жағдайларда мүлікке қорғаншы белгіленеді.Спирттік ішімдіктерге немесе есірткі салынуы салдарынан әрекетке қабілеттілігі сотпен шекелген адамдарға қорғаншылық белгілеудегі мақсат-оны құқығынан қамқоршысының келімсімінсіз айыру, оның сыртынан келісім жасау, жалақысын, зейнетақысын, басқа да табыстарын алу және оған иелік ету болып табылады.