Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қылмыс санаттары дегеніміз



бет67/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116
Байланысты:
350093 2

Қылмыс санаттары дегеніміз- оларды нақты белгілері бойынша топқа бөлуді айтамыз. Қылмысты санаттауға іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің сипаты мен дәрежесі немесе қылмыс құрамының жекелеген элементтері негіз болады.
ҚР ҚК-де (10-бап) қылмысты санаттау туралы арнаулы норма енгізіп, қылмысты сипатына және қоғамға қауіптілік дәрежесіне және кінәнің түріне байланысты онша ауыр емес, ауырлығы орташа, ауыр және аса ауыр болып санаттарға бөлінеді.
Онша ауыр емес қылмыс – қылмысы үшін Кодексте ең ауыр жаза 2 ж. б.б.а. аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ қылмысы үшін ең ауыр жаза 5 ж.б.б.а. аспайтын абайсызда жасалған әрекет танылады.
Ауырлығы орташа қылмыс - қылмысы үшін Кодексте ең ауыр жаза 5 ж. б.б.а. аспайтын қасақана жасалған әрекет, сондай-ақ қылмысы үшін ең ауыр жаза 5 ж.б.б.а. аспайтын абайсызда жасалған әрекет танылады.
Ауыр қылмыс - қылмысы үшін Кодексте ең ауыр жаза 12 ж. б.б.а. аспайтын қасақана жасалған әрекет танылады.
Аса ауыр қылмыс - қылмысы үшін Кодексте ең ауыр жаза 12 жылдан астам мерзімге б.б.а. түріндегі жаза немесе өлім жазасы бойынша қасақана жасалған әрекет танылады.
Қылмысты санатқа бөлудің маңызы:

  1. Санаттарға бөлу белгісі бойынша б.б.а. түріндегі жазаны өтейтін режимді белгілеу:

а) шартты жазаны қолдану немесе сынақ мерзімін ұзарту (64 бап)
б) қылмыстардың жиынтығы бойынша жаза тағайындауда (59 бап)
в) жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату (70 бап)
г) айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату (75 бап)
д) рақымшылық актісі негізінде қылмыстық жауаптылық немесе жазадан босату (76 бап)
е) сотталғандықты жою немесе алып тастау (77-бап)
мәселелері шешіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет