Құқық негіздерінің қайнар көздері



бет69/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116
Байланысты:
350093 2

Негізгі жазалар- жазаның дербес түрі ретінде ғана тағайындала алатын
түрлері, оларды басқаларына қосымша ретінде біріктіруге болмайды, және де, жазаның мақсаттарына жету негізінен, осы негізгі жазалармен байланыстырылады.
Қосымша жазалар- негізгі жазаға қатысты көмекші сипатқа ие жаза
түрлері. Жазалардың бұл түрі негізгі жазаларды ғана қолдану жазаның мақсаттарын қамтамасыз етпейтін жағдайда қолданылады.Айыппұл салу және белгі бір лауазымды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығына айыру жазалаудың негізгі де, қосымша да түрлері ретінде қолдануы мүмкін. ҚК-тің 40-бабына сәйкес –Қылмыстық кодексте көзделген шекте,заңмен белгіленген және жаза тағайындау сәтіне қолданылып жүрген айлық есептік көрсеткіштің белігі бір мөлшеріне сәйкес келетін мөлшерде не сотталған адамның жалақысының немесе ол қылмыс жасаған сәтіне белгі бір кезең ішіндегі өзге де табысының мөлшеріне тағайындалатын ақша өндіріп алу айыппұл деп танылады. ҚК-тің 42- бабына сәйкес , қоғамдық жұмыстар сотталған адамның негізгіжұмыстан немесе оқудан бос уақытта тегін қоғамдық пайдалы жұмыстарды орындауынан тұрады, олардың түрлерін жергілікті атқарушы органдар немесе жергілікті өзін-өзі басқару органдары белгілейді. Қоғамдық жұмыстар республиканың бұрынғы қылмыстық заңында бұрын белгісіз болған жазаның Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексі тағайындаған жаңа түрі болып табылады. Қоғамдық жұмыстар ҚК-тің Ерекше бөлімі баптарының 64 санкциясында аталған; бұ санкциялардың жалпы санының 10,14 % -ын құрайды. Түзеу жұмыстарының мәні дәлелді сотталған адамның жазасы бұрынғы негізгі жұмыс орнында өтеліп, сонымен бірге, оның жалақысының белгілі бір мөлшерінде мемлекеттің кірісіне ұстап қалу жүргізілуінде болып табылады.
Жазаның бұл шарасы – қылмыстық құқықта орын алған ізгілік қағидаттарының бір көрінісі. Түзеу жұмыстары- жазаның ең кең тараған түрлерінің бірі. Ол
Қылмыстық Кодекстің Ерекше бөлімінің санкцияларының жалпы санының 24,5% -ын құрайтын 155 санкцияның құрамын да бар. Әскери қызмет бойынша шектеу- жазаның тек әскери қызметін өткеріпжүрген әскери қызметшілерге ғана қолданылатын арнайы түрі. Әскери қызмет бойынша шектеу ҚК-тің Ерекше бөлімінің нормаларының 3,4 % -ын құрайтын 22 санкцияда негізгі жаза ретінде көрсетілген. Бас бостандығын шектеу сотталған адамды қоғамнан оқшауламай арнаулы мекемеде қадағалауды жүзеге асыру жағдайында ұстаудан тұрады. Жазаның бұл түрі жаза жүйесінде жаңадан енгізілгенімен, бұрынғы заңнан белгілі сотталған адамды міндетті түрде еңбекке тартумен, бас бостандығынан айыруға шартты түрде соттаумен ұқсастығы бар. Қамау- сотталған адамды тағайындалған жазаның бүкіл мерзімінде қоғамның қатаң оқшаулау жағдайында ұстау болып табылады. Тәртіптік әскери бөлімінде ұстау түріндегі жаза әскери қызметке қарсы
жасалған қылмыстар үшін жауаптылық тағайындайтын Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің Ерекше бөлімі баптарының санкцияларымен тікелей қарастырылған жағдайларда тек қана негізге жаза ретінде тағайындалады.
Бас бостандығынан айыру негізі жаза ретінде ҚК-тің Ерекше бөлімі нормаларының 559 санкциясында қарастырылған. Бас бостандығынан айыру түрінде жаза тағайындалғанда сотталушының құқықтық жағдайы қоғамның басқа мүшелерімен салыстырғанда айтарлықтай шектеледі. Өлім жазасы адамның өміріне қол сұғатын ерекше ауыр қылмыстар үшін,сондай-ақ соғыс кезінде немес ұрыс жағдайында мемлекеттік сатқындық, бейбітшілікке және адамзаттың қауіпсіздігіне қарсы қылмыс және ерекше ауыр әскери қылмыстар жасаған үшін ғана қолданылуы мүмкін.Мүлікті тәркілеу сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір бөлігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу.
Заң жаза тағайындау кезінде сотты жаза мақсаттарының бірі болып саналатын- жазаның сотталған адамның түзелуіне әсер ететіндігін көре білуге, және барлық мән-жайларды ескере отырып, жазаның мүмкіндігінше ауырлығы төмен, жұмсақтау түрін дұрыс тағайындай білуге, оның мөлшерін анықтауға міндеттейді.Түпкі мақсатында сот жаза тағайындау кезінде жауаптылық пен жазаны жеңілдетуші немесе ауырлатушы болып табылатын істе бар мән-жайларды ескеруі тиіс. Жауаптылықты жеңілдететін немесе ауырлататын мән-жайлар дегенде қылмыс пен қылмыскердің қоғамдық қауіптілігін, осыған орай, оның жауаптылығының деңгейін азайтатын немесе арттыратын және де жазаға ықпал ететін айыпкердің жеке баса оның жасаған қылмысына қатысты сан алуна факторларды түсінеміз. ҚК-тің 53-бабының бірінші бөлігіне сәкес мыналар қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар деп танылады:

  1. мән-жайлардың кездейсоқ тоғысуы салдарынан алғаш рет кішігірім ауырлықтағы қылмыс жасау;

  2. айыпкердің кәмелетке толмауы;

  3. жүктілік;

  4. айыпкердің жас балалары болуы;

  5. қылмыс жасағаннан кейін зардап шегушіге тікелей медициналық және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарыан келтірілген және өзге де көмек көрсету, қылмыс салдарынан келтірілген мүліктік залал мен моральдық зиянның орнын өз еркімен толтыру, қылмыспен келтірілген зиянды жоюға бағытталған өзге де іс-әрекеттер:

  6. жеке бастық, отбасылық немесе өзге де ауыр мән-жайлардың тоғысуы салдарынан не жаны ашығандық себебімен қылмыс жасау;

  7. күштеп немесе психикалық мәжбүрлеу салдарынан не материалдық, қызметтік немесе өзге де тәелділігі себепті қылмыс жасау;

  8. қажетті қорғанудың құқықтық дұрыстығының шартын бұзу, аса қажеттілік, қылмыс асаған адамды ұстау, негізді тәуекел, бұйрықты немесе өкімді орындау жағдайларында қылмыс жасау;

  9. қылмыс жасау үшін түрткі болып табылған жәбірленушінің заңға қайшы немесе адамгершілікке жатпайтын қылығы;

  10. шын жүректен өкіну, айбын моындап келу, қылмысты ашуға, қылмысқа басқа қатысушыларды әшкерлеуге және қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті іздеуге белсенді жәрдемдесу.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет