Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қылмыс жасау сатылары. Қылмыстық жаза: түсінігі, белгілері мен мақсаты



бет68/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116
Байланысты:
350093 2

Қылмыс жасау сатылары. Қылмыстық жаза: түсінігі, белгілері мен мақсаты.
Жаза жүйесі деп қылмыстық заңмен бекітілген, салыстырмалы ауырлығы ескеріле отырып, белгілі тәртіппен орналастырылған жаза түрлерінің соттар үшін міндетті және толық тізімі айтылады. Қазақстан Републикасының 1997 жылғы Қылмыстық Кодексінде жаза жүйесі 39- баптың бірінші бөлігінде орнықтырылған. Жаза жүйесін белгілеудің сот әділдігі міндеттерін іске асыру үшін әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан айтарлықтай мәні бар. Әдістемелік мәні- әрбір жазаның қолдану тәртібі, нақты шегі, жағдайлары белгіленген толық тізімінің қылмысқа қарсы жазалау саясатының бірлігіне, соттың қызметінде заңдылық қағидаттарының сақталуына ықпал ететіндігінде. Қарастырылып отырған жүйенің тәжірибелік мәні-жаза түрлерінің бірізді орналасуында. Жазаның жүйесі мен түрлері сонымен қатар қылмыстылыққа және қылмыскерлерге қарсы күрес тәсілдеріне қатысты қоғамда қалыптасқан көзқарастарды да білдіреді. Қазақстандық қылмыстық заңнаманың жазалау жүйесіне жазаның адамды масқаралайтын түрлері, яғни ұрып-соғу, мүгедек ету және өркениетті қоғамда қолданылмайтын басқа да жаза түрлері жат болып табылады.Қазақстан Републикасы Конституциясының 17- бабында былай делінген:
«1.Адамның қадір-қасиетіне қол сұғылмайды.
2.Ешкімді азаптауға оған зорлық-зомбылық жасауға, басқадай қатыгездік немесе адамның қадір-қасиетін қорлайтындай жәбір көрсетуге не жазалауға болмайды»
Жүйеге енетін жаза түрлерінің барлығы үш топқы бөлінеді: негізгі,
қосымша, және әрі негізгі әрі қосымша қолданылатын жазалар.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет