Құқық негіздерінің қайнар көздері


Құқық қорғау қызметінің мақсаты



бет82/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116
Байланысты:
350093 2

Құқық қорғау қызметінің мақсаты - құқық пен міндетті қорғау - олардың қолданылу пәрменділігін қамтамасыз ету, нормаларды сақтау және олардың сақталмағаны үшін жауапкершілік шараларын қолдану. Міндеттер айқындалған соң, оның негізгі бағыттары /нысандары/:
-конституциялық бақылау;
-сот төрелігі;
-прокурорлық қадағалау;
-әділет органдарының қызметі;
-қылмыстық қудалау;
-адвокатура органдарының қызметі болып бөлінеді.
Конституциялық бақылау елдің бүкіл аумағында Қазақстан Республикасы Конституциясының барлық заңдардан, зандарға тәуелді және өзге де нормативтік құқықтық актілерден үстемдігін қамтамасыз ету болып табылады. Оны Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі жүзеге асырады.
Сот төрелігі құқық қорғау қызметі жүйесіндегі іргелі негіз болып табылады. Ол құқық туралы даулардың көпшілігін шешуді, көптеген заңдық мәселелерді анықтауды қамтамасыз етеді, көбінесе заң жүзіндегі жауапкершілік шараларын қолдануға байланысты мәселелерде соңғы саты болады. Мысалы, алдын ала тергеу органдарының қылмыс жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуы тек сот органдарында ғана қисынды аяқталады. Лауазымды адамдар мен заңды тұлғалардың әрекеттеріне сотқа шағым беріліп, дау айтылуы мүмкін.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет