Құқық негіздерінің қайнар көздері


Қазақстан Республикасының Прокуратурасы



бет85/116
Дата17.02.2022
өлшемі1 Mb.
#132231
түріЛекция
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116
Байланысты:
350093 2

Қазақстан Республикасының Прокуратурасы
Құқық қорғау қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі прокурорлық қадағалау болып саналады. Прокурорлық қадағалауды жүзеге асыратын орган прокуратура болып есептеледі.
Конституцияға және «Қазакстан Республикасының Прокуратурасы туралы» 1995 жылғы 21 желтоқсандаты заң күші бар Жарлыкқа сәйкес, Республика Прокуратурасы:
1) Республика аумағында заңдардың, Президент жарлықтарының және өзге де нормативтік - құқықтық актілердің дәл және бірізділікпен қолданылуына, жедел іздестіру қызметінің, анықтау мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық іс жүргізудін заңдылығына жоғары қадағалауды жүзеге асырады;
2) сотта мемлекеттің мүддесін қорғайды;
3) қылмыстық қудалауды іске асырады. Прокурорлық қадағалау оның қызметінде негізгі бағыт болып есептеледі. Прокурорлық қадағалау деген ұғымды зандардың дөл және бірізділікпен қолданылуын бұзуды дер кезінде анықтап, кемшілікті түзетіп отыру және кінәлі адамдарды жауапқа тарту арқылы прокуратура қызметін мемлекет атынан жүзеге асыру деп түсіну керек.
Прокурорлық қадағалаудың мәні мен ерекшеліктері прокуратура қызметін ұйымдастыру жұмысының негізі болып саналатын принциптермен белгіленеді.
Оларға мыналар жатады:
Прокуратурадағы тұтастық, орталықтану және дара басқару. Оның органдарынын бәрі төменнен жоғарыға қарай бас прокурорға бағындырылған, біртұтастықты білдіреді, мемлекет атынан әрекет етеді, және бүкіл прокуратура жүйесінің өкілі болады, ортақ мақсаттары, міндеттері, қадағалау нысандары мен әдістері бар. Бұл принцип прокурорды «патшаның оң көзі» атаған 1 Петрдің заманынан бері бар. Мұндай жағдай мемлекеттік билік зан деңгейіне көтерген ережелерден ауытқудың кез келген түріне жедел және тиімділікпен назар аударуға мүмкіндік береді.
Мемлекеттік органдардан, лауазымды адамдардан, саяси партиялардан және қоғамдық бірлестіктерден тәуелсіздік. Тәуелсіздік бәрінен бұрын прокуратураның мемлекеттік органдар жүйесіндегі дербес жағдайымен, оның материалдық-техникалық базасын мемлекеттік бюджет есебінен қаржыландырумен, оның органдары мен лауазымды адамдарын толық саясатсыздандырумен қамтамасыз етіледі. Сонымен бірге тәуелсіздік бақылаусыздық деген ұғымды білдірмейді. Бас прокурор Президент алдында кем дегенде әр тоқсанда бір реттен есеп беріп отырады. Прокурордың әрекеттері мен актілеріне жоғары тұрған прокурорға және сотқа шағым берілуі мүмкін. Прокуратура органдарының қызметіне араласуға тыйым салынады. Прокурорлардың шешімдеріне ықпал етуге тырысудың кез келгеніне тыйым салынады және қылмыстық, әкімшілік немесе тәртіптік жауапкершілік туғызады.
Прокуратура органдарының жүйесі және прокурорлық қадағалау органдарының жүйесі деген әртүрлі ұғымдар бар. Соңғысы – прокуратура органдары жүйесінің бөлігі. Прокуратура тек қадағалау функцияларын ғана емес, сондай-ақ қылмыстық қудалау, құқық қорғау органдарының қызметтерін үйлестіруді орындайды, сотта мемлекет мүдделерін және т.б. білдіреді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   116




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет